Қызылорда облысы
Арал ауданы,Шижаға ауылы
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі
Тойбахова Жадыра
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік жырлары. Қой.
Сабақтың мақсаты: Ауыз әдебиеті түрлерінің бірі — төрт түлік жырлары
туралы түсінік беру. Мал шаруашылығының маңызын ұғындыру
Қой малының адам өміріндегі маңызын сипаттап, қасиетін,
пайдасын айту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, малды күту, бағу, қадірлеуге баулу
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды ойын арқылы танымдық іс — әрекетін, ойлауын, тілін және шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік (сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, ассоциация, әңгіме жазу)
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік суреттерінен бүктеме ,жұмбақтар, мақал – мәтелдер, «Пірлерін тап» ойыны, слаидтар, қой жүнінен тоқылған киім түрлері, киіз, елтірі қалпақ, т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Бәріміз тұрайық
Күннен жылу алайық
Алтын күн, жарқын күн
Шуағыңды төге бер
Арайыңнан нәр алған
Біз бақытты балдырған
ІІ.Үй тапсырмасын сұрап, бағалау
«Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісін сахналау.
ІІІ Өткенді пысықтау. Слаидтар арқылы өтілген ертегілерді жүйелеу
ІҮ Жаңа сабақ
Ой ашар:
-Халық шығармаларына нелер жатады?
-Ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, т.б
Интербелсенді тақтамен жұмыс
Төрт түлікке нелер жатады? Олардың төлдері қалай аталады?
Жылқы-құлын, түйе-бота, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі- лақ
Қазақ халқында түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі малдарының жиынын төрт түлік деп атайды.Төрт түлік қазақ үшін көлікке, тамаққа әрі киімге жараған. Сондықтан халқымыз оларды аса қадірлеп, бағып-күткен, олар туралы көптеген өлең-жырлар шығарған. Төрт түлік туралы жырларда ерте замандағы халық санасының көріністері елес береді. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір — қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе — көлігі, тұтынса — бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп — қонған халқымыздың тұрмыс — тіршілігі төрт түлікпен байланысты. «Малым — жаным садағасы, жаным — арымның садағасы» деген ата — бабаларымыз. Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы. Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар ата-бабамыз жан-жануарлардың барлығының иелері бар деп білген. Соларға жалбарыну арқылы молшылық тұрмысқа жетуді ойлаған.Мал басының аман болуы, көбеюі солардың қолдауымен болады деп түсініп,олардан көмек, медет тілейтін өлең-жырлар шығарған
«Пірлерін тап» ойыны арқылы әр түліктің пірлерін сәйкестендіру кестесі:
Сиыр — Зеңгі баба
Түйе — Қамбар ата
Жылқы — Қамбар ата
Қой — Шопан ата
Ешкі —Шекшеката
а) Жұмбақты шеш: Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
ә) Мақал- мәтелдерді түсініп оқы.
• Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
• Қойдың сүті қорғасын ,
Қойды ұрған оңбасын.
Балалар, сендер қой туралы не білесіңдер?
ҚОЙ
↓
Үй жануары
Етін, сүтін тағам ретінде пайдаланамыз
Аша тұяқты мал
Момын жануар
Адамның қой ұстағанына 9 мыңдай жыл болған. Қойдың 150 – ден астам түрлері бар. Қой аша тұяқты жануар. Оның жүнінен киім, алаша, кілем тоқиды. Сонымен бірге киіз үйдің бөліктері туырлығы, үзігі, түндігі жасалады. Қойдың құйрық майы түрлі ауруларға ем. Қойшылар қойдың жүнінен ұстап қарап, ауа — райын болжаған. Қой — төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен — тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
Сергіту сәті: Кіп-кішкене, момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп,
«Қошақаным» өзің деп.
«Қошақаным» әнін айтқызу
Оқулықпен жұмыс:
— Өлеңді аудиожазба арқылы тыңдату, түсіндіру
— Бес, алты оқушыға оқыту
«Қой» қауымдастығын құру
Дәптермен жұмыс:
Аңыраған – қой мен қозының бөлінген кезі
Жамыраған – қой мен қозының табысқан кезі
Өзіңе ұнаған мақалды жазып ал. Қой туралы әңгіме жаз
Тыйым сөздер.
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды.Жүнгеорап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрысуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.
Иесі өкпелейді.
Ү Қорытындылау. Ауылыңдың өткені, болашағы
ҮІ Үйге тапсырма
Жырды жаттап алу, қойдың суретін салу, қой туралы тыйым сөздер жинастыру
ҮІІ Бағалау, мадақтау
Жылқы-құлын, түйе-бота, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі- лақ[bws_related_posts]