Басы » Бастауыш сыныптар » Ө дыбысы және әрпі (Презентация)

Ө дыбысы және әрпі (Презентация)

Пән мұғалімі: Әленова Сәндігүл

Пәні: Әліппе

Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Ө дыбысы және әрпімен таныстыру.Оның айтылу ерекшелігін айтып өту және жазылу жолын үйрету.
2) Дамытушылық: Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Көркемдікке, әдептілікке баулу.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік (ойын, сұрақ-жауап, танымдық ойлау, талдау, топтау,сұрақ –жауап ).
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану.
Көрнекілігі: Ө әрпінің баспа және жазба түрі, сюжетті суреттер, текшелер, кеспе әріптер т.б.
Сабақта меңгеретін сөздер: Өрмекші, өрік, шөп, төл, өріс.
Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    Психологиялық дайындық.
    Қара достым, жан-жаққа
    Дайынсың ба сабаққа?
    Орнында ма қараңдар,
    Кітап, дәптер, қаламдар?
    2. Тірек білімді белсендіру
    «Буын ұстау» ойыны.
    Шарты: Доппен ойналады. Өзім алғашқы буынын айтамын, доп алған оқушы сөзді аяқтайды.
    Ән…(ші), дә…(рі), ә…(теш).
    Олай болса, ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Текшемізден көрсете қоялық. (дауысты, жіңішке)3. Жаңа сабақ.
    «Ой шақыру» Жұмбақ жасыру.
    Шөлде бар,
    Суда жоқ.
    Көлде бар,
    Буда жоқ.
    Балалар ө дыбысы дейді. Шөл, көл сөздеріне дыбыстық талдау жасап өту.
    Олай болса, балалар бүгінгі бізге келетін жаңа әріп Ө дыбысы мен әрпі.
    1. Көрнекілік бойынша ө әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
    — Ө әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
    — Ө әрпі қай әріпке ұқсайды? (О)
    «Сөз ойла, көп ойла» ойыны.
    Ө әрпінен басталатын сөздерді тез айту. (өріс, өгіз, өрік,өрмекші,өшіргіш)
    2. Жаңа сөздермен жұмыс.
    сөл —
    шөл –
    төл – жаңа туған малдың баласы
    өмір –
    өріс –
    өңір –
    Түсінік беріп өту, хормен сөздерді айту.
    Өрмекші сөзіне дыбыстық талдау жасап, буынға бөлу. Өр-мек-ші.
    (бәрі алдарындағы текшелерден көрсетіп отырады)
    3. Сергіту сәті. «Шөжелерім» әні.
    4. Оқулықпен жұмыс.

    1. Шырын сөзіне тоқталу.
    2. «Шырын» тақырыбына берілген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
    3. Мұғалім мәтінді оқу, дәмді, тәтті сөздерін қышқыл, ащы, тұщы сөздерімен мағыналас екенін айтып өту.
    5. Оқушыларға мәтінді оқыту.
    6. «Ойлан тап!» ойыны.

    1. Бір әріп бар, кей бала
    Айтамын деп бүлдірген
    Оқи алмай шүлдірлеп
    Жолдастарын күлдірген.
    Бұл қай әріп? (р)
    2. Жұмыртқадай дөңгелек
    Кетпейді бірақ дөңгелеп
    Бұл қай әріп? (О)
    3. Әлде толған Ай ма екен
    Әлде үрген шар ма екен
    Белінде бар белдігі
    Бұндай әріп бар ма екен? (Ө)
    7. Жазу жұмысы.
    Қолға қалам алайық,
    Әдемі етіп жазайық.
    1. Ауада жазу.
    2. Тақтаға жазу. (Ө ө)
    3. Үлгі дәптерге жазу.
    8. Тақпақ. Мультимедиялық кешен арқылы тақпақты оқу.
    «Ө»- дегенім, Өрік
    Өрікті ал теріп!
    Өзің ғана жемей,
    Өркенге бер бөліп,
    1. Оқушыларға тақпақты хормен оқыту.
    2. Тақпақ не туралы, бүгінгі жаңа әріп тақпақта кездесті ме?
    3. Өрік сөзіне тоқталу. (өрік — тәтті жеміс)

    9. Сабақты қорытындылау мақсатында «Паровоз» ойыны.
    Ойын тәртібі: Оқушылар төртбұрыштың орнына, дыбыстардың үйлесіміне сәйкес әріптер қойып оқу.
    Ор -…(өр) оң-…(өң) тол-…(төл)
    10. Бағалау. Жақсы жауап берген оқушыларға жұлдызшаларды беру.
    11. Үй жұмысын беру.
    1. Шырын мәтінін оқу.
    2. Дәмді, тәтті сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау.

    [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *