Сыныбы: 1 «б»
Жауапты: Әленова Сәндігүл
Іс шараның тақырыбы: Тілашар мерекесі.
Іс шараның мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.
2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:шарлар, гүлдер, нақыл сөздер, плакаттар.
Іс шараның барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Қонақтарды қарсы алып, отырғызу.
2.Оқушыларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даярлау.
2.Кіріспе сөз.
-Қымбатты балалар, қадірлі ұстаздар, ата-аналар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, бүгінгі 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, сәт-сапар тілейік білім жолына қадам басқан бүлдіршіндерге!
Хор:
Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз!
Асылжан: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз
Айбану:Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Мансур; Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
Нұрбақыт: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.
Дидар: Мектеп – білім ордасы,
Мектеп – қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.
Диас :Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.
«Мектебім» әні
«Кім тапқыр» ойыны
- 1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
А әріпіннен басталатын бес ұлдың атын айт
3. Әкеңнің әкесін қалай атайды
4. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
5.Тудың түсі? (Көгілдір)
6. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
7. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
8. Сиырдың төлі? (Бұзау)
9. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
10. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
11. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
12. Екі өркешті жануар? (Түйе)
Мұғалім: «Әліппе» сенің алғашқы оқу кітабың,білімнің ғажайып әлеміне жетелейтін ақылшың
Диана: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
Гүлжайна: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Нұрбақыт: Айтатын жас – кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.
Нұрсұлтан: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл – білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен
Жігер: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.
Көрініс: «Гүл»
Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті.Гүлдің басқа достары болмапты.Бір күні күн бұлттанып,жаңбыр жауа бастайды .Гүл жаңбырдан қаша алмайды.Жаңбыр жауып ,басылған соңкүн қайта ашылады.Кейін гүлдің көңілі көтеріліп,қуанады.Ол әр түрлі қимыл жасап билейді.Бір кезде оның тұқымы жерге себіледі.Гүл оны байқамайды .Гүл жан жағына қараса кішкентай қішкентайгүлдердің шыға бастағаның көреді.Гүл: «енді менің достарым көбейді, алақай!»деп қуанды.Содан бәрі әр түрлі гүлдер жерге шыға бастапты
Кірпі
-кірпі сен қайда тұрасын?
-мен орманда тұрамын
-кірпі ,кірпі
Сен не апара жатырсын?
-алма апара жатырмын
-алманы қайтесің?
Балаларыма беремін. солай ма?
«Кім жылдам!» ойыны
Көрініс: «Математика сабағынан»
Мұғалім:3+3 қанша болады?
Оқушы:үндемейді ….иығын көтереді.
Мұғалім:Мына жақтан үш ат шауып келеді. Мына жақтан тағы үш ат шауып келеді.Барлығы қанша ат шауып келеді?
Оқушы:Уф-ф-ф, мұғалім,Шаңнан түк көрінбейді ғой.
«Баға»
Әкесі:Балам сабағынан не алдың?
Баласы:күнделігін көрсетіп-Міне, бес алдым!
Әексі;Мынау тұрған үш, ал мынауың екілік .Бес алдым деп,сен неге айтасың өтірік?
Баласы:Ой, папатай, есепті,
Білмеуіңді қарашы
Үшті қоссаң екіге
Бес болмай ма санашы.
Айжұлдыз:Еркесі едім атамның,
Еркесі едім апамның.
Толып биыл алтыға
Мен оқушы атандым.
Арқама сөмке асыға
Мектепке барам асыға.
Ерасыл:Міне сынып, мектебім
Құралдарым бар менің.
Партаға тұнғыш отырдым
Қалам алып қолыма.
Сызықтарға толтырдым
Қалдырмай дәптер жолын да.
Тісім кетік болғанмен
Білетін көп менің.
Х о р : Пайдаң тиіп Отанға
Риза болсын халқымыз
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
«Айгөлек» әні орындаушылар — Қыздар тобы
Барына риза болсын көрермендер,
Байқадық білгенді де, білмегенін.
Осымен «Тілашарды» тамамдасақ,
Тағы үйренеміз аман болсақ.
Құттықтау сөз мектеп басшыларына, ата-аналарына беріледі.
( Ата – аналардың атынан оқушыларға сыйлықтар беріледі.)
[bws_related_posts]