«Coca-Cola» өнімінің пайдасы мен зияны
Жоспар
Аннотация
1 Кіріспе.
А) Кока-Коланың пайда болуы, ол туралы ғалымдар пікірлері
2. Зерттеу бөлімі
А) Кока-Коланың пайдалы жақтары
Ә) Кока-Коланың Зиынды жақтары
3. Қорытынды
А) Ағзамызды зиянды заттардан сақтауға болады
4. Пайдаланылған әдебиеттер
5. Мазмұны
Аннотация
3 сынып оқушысы Ғабитқызы Нұрай дың «Coca-Cola» сусыны туралы көп ізденгендігі байқалады. Ол осы сусынды ішіп көрумен қатар, бірқатар тәжірибе жасап та көрген. Оқушы кока-коланың пайдасы мен зиянына нақтырақ дәлелді түрде тоқталып өткен.
Оқушы кока-коланы зерттей келе, өз қатарластарына осы сусынды ішпеу керек екендігіне кеңес береді.
Ғылыми жетекшісі : Найзатай Нұргүл
Кіріспе.
Кока-Коланың пайда болуы, ол туралы ғалымдар пікірлері
«Кока-кола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия штаты,АҚШ) Атлантада ойлап тапқан. Авторы –Америка Әскери конфедерациясының офицері болған, фармацевт Джон Стит Пембертон. (Кока-коланы бір фермер ойлап тауып, рецепін Джон Ститке 250 долларға сатқан, ол жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты деген аңыз бар)
Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін сусынның логотипі болып табылатын «КОКА-КОЛА» деген сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кока-коланың негізгі ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы Альберт Ниман ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Бастапқыда сусынды күнделікті орташа есеппен тоғыз адам сатып алатын болған. Алайда кока-коланың кірісі біртіндеп өсе бастады. 1890 жылдардың соңына қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы газеттерде кока-коланы ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кока-колаға кінә тағады. Алғашқыда банка түрінде сатылған. 1894 жылдан бастап шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.
1979 жылы «Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады. Кока-кола 1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреат болады. »Кока-кола» компаниясы өкілдерінің айтуынша, сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмірқышқылы қосылады деп көрсетілген.
Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен, «кока-коланың» адам ағзасына
келтірер залалы күннен-күнге дәлелденіп отыр
Зерттеу бөлімі
А) Кока-Коланың пайдалы жақтары
«Coca-Colaның» ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз дейді мамандар. Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазаланып шыға келеді. Бұл – кока-коланың күнделікті тұрмыстағы пайдасы.
Сонымен қатар кока- кола терезені жақсы тазартып жуады. Бұны біріміз білсек, біріміз біле бермейді екенбіз. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.
Кока- кола сусынын тамақ дайындауда да аздап қолдауға болады. Өзіңізге ұнаған соуспен араластыруға болады.
Кока — кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды деп дәлелдеген екен ғалымдар. Пайдалы тұстарын айтқан кезде адам ағзасына ешбір қатысы жоқ, тек үй тұрмысына ғана аздап пайдасы бар екендігі дәлелденген..
«Coca-Colaның» зиянды жақтары
«Кока-Кола» сусынын дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердiң құрамындағы бояулар қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады», — деп жазады басылымдарда. Ғалымдардың айтуына қарағанда, ол толығымен жасанды канцерогендердiң қарақошқыл балқымаларынан тұрады.Бұл заттар организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид-канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі.Оның ағзаға пайдасы бар деген пікірмен келіспеймін. Себебі адамның орталық жүйке жүйесін белсендендіріп, жұмыс істеу қабілетін арттыруға бағытталған бұл сусындардың құрамында кофеин, таурин сияқты қоспалар бар. Оларды белгілі мөлшерден көп қолданса, адамның энергиясы немесе бұрын байқалмаған қандай да бір ауруы қозады. Қозудың әсерінен адам әлсірейді. Ол бірден байқалмағанымен, уақыт өте келе тұрақты тұтынушының денсаулығы күрт нашарлауы мүмкін. Өнім адамға қосымша қуат береді деу – қате пікір. Аты «энергетик» болғанымен, заты оған сай емес. Керісінше, бойдағы бар энергияны артығымен жұмсап, түгелімен шығарады. Былайша айтқанда, адамның энергиясын өзінен «қарызға алады». Мәселен, «Кока-
кола» сусынының денсаулыққа кері әсері бірден анықталған жоқ. Жиырма жылдан кейін ғана белгілі болды. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана аталған өнімдердің отаны Американың кей штаттарында оларды сатуға мүлде тыйым салынып жатыр.
Нақты айтсам, «Кока-коланы» мектептерде сатуға тыйым салынуда. Мысалы, «Кока-колаға» келсек, оны сатуға тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған. Оның адамның сүйектерін әлсіретіп, сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі болды. Ал республика халқының энергетикалық сусындарды пайдалана бастағандарына көп бола қоймағандықтан, оның зиянды әсерлері әзірге байқалған жоқ. Дегенмен, жақында Швецияда үш адам және бір норвегиялық тұрғын осы сусыннан көз жұмғаны туралы деректер тіркеліпті. Қазір бұл елдер «энергетиктердің» құрамын зерттеуге кірісіп кетті. Енді бізге де бұл өнімдерді толыққанды клиникалық зерттеуден өткізіп, зиянын нақты дәлелдеп беру ғана қалды. Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кока-кола әсіресе балалардың бас сүйегіне , ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций , темір секілді ең маңызды элеменнттерді жойып есесіне құрамындағы есірткі зат өміріңізді екі есеге қысқартады
Сусынның компонеттері:
Қант
Көміртек диоксиді ( Е 290)
Бояғыштар : қант коллері ( 150) , кармазин ( азорубин) ( Е 122)
Ортофосфор қышқылы ( Е 338)
Кофеин
Табиғи хошиістендіргіштер
Тағам құндылығы:
Энергетикалық құндылығы—42 ккал
Ақуыздар —0
Майлар —-0
7
Көмірсулар—10 мг
Натрий —-«11,0 мг
Калий —-1,0 мг
Кальций —4,0 мг
Магний —-1, 0 мг
Фосфор — шамамен 17мг
Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі ; кейбір түрлерінің
жемістері медицинада , ликер және кока-кола
сусынын жасауда қолданылады
Тәжірибе жасау. Қажетті құралдар :
1. «Coca-Cola»
2. Сүт
3. Бояу тиген киім немесе басқа бір зат.
4. Шүберек
1-тәжірибе. Кока-коланы ыдысқа құйып аламын. Оған шүберекті батырып, аздап сығып алып, терезені сүртемін, шыны жылтырап шыға келеді.
2-тәжірибе . Кока-коланы ыдысқа құямын да үстіне сүт құйып жіберемін, Сүттің іріп кеткендігі байқалады.
3-тәжірибе. Кока-колаға шүберекті батырып, аздапған порошок қосып, киімге тиген дақты сүртіп кетіремін.
Нәтижесінде кока-коланың құрамында болатын кофеиннің адам ағзасына кері әсері көп екендігі дәлелденіп отыр. Менің пікірім, кока-коланың дүкендерде сатылмағанын қалар едім.
Қорытынды
Ағзамызды зиянды заттардан сақтауға болады
Кока-коланың көп пайдаланған адам ақ қан ауруына тез шалдығуы мүмкін деген ғалымдар. Өйткені зерттеу жұмысымда кока-коланың қан айналымына да кері әсері мол екендігін оқып білдім де, оны ішудеен бас тарттым. Кока-коланың құрамында қант көп мөлшерде сақталған, адамның осы сусынды ішкісі келе беретіндігі осыдан болса керек.
Мен өзімнің қатарластарым а және өзімнен кейінгілерге айтар пікірім: кока-коланы сатып алып ішкенше, қазір қолдың сүті мен айраны көп, ақшаларыңды соған жұмсаңдар, ағзаларың таза болады деп айтқым келеді. Біз еліміздің келешегін жасайтын ұрпақтардың біріміз. Денсаулығымыз жақсы болса ғана, халыққа адал қызмет ете аламыз. Сондықтан зиянды сусындардан аулақ болғанымыз жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақ тілінің сөздігі. А.Дайк Пресс 1999.
2.ТОО «СП» «Кока-Кола Алматы Боттлерс» 2009.
3.Қызықты айғақтар 2011ж.
4.Ғаламтордағы ақпараттар
5.Коланың жаңғағы 11.08.2012
Жоба авторы : Ғабитқызы Нұрай 3 «д» сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі : Найзатай Нұргүл