Басы » Tәрбие сағаттары » Ұлттық құндылық – ел бірлігі

Ұлттық құндылық – ел бірлігі

құнМаңғыстау облысы;
Жаңаөзен қаласы;
Жаңаөзен политехникалық колледж
Болатбаева Гулзада
Ұлттық құндылық – ел бірлігі
                                                                                              Ұлттық байлығы – ұрпағы
А. Байұрсынов

Әр халықтың өзіне тән ұлттық құндылықтар болатыны аян. Қазақ халқына тән ұлттық құндылықтарды жіпке тізер болсақ ең бірінші халық тұрар еді.
Халық – елдің басты байлығы, ұрпағы оның сол құндылық жапырақ жаюы.
Қазақ халқы ұрпағынан асқан байлық бар деп ойламаған халық – біздің халқымыз.
Бүгінгі таңда шегарасын белгілеп, тәуелсіздігін ашып, тілін, дінін ардақтап, өркениеті мен де мәдениеті мен де әлемге танылған – қазақ халқы. Он жеті миллионнан тұратын халқымның басты тілегі – бірлік, ел тыныштығы, ұрпақтың аманшылығы.
Ұрпақ қамы – ел қамы. Қазақ елінің болашағы білімді де білікті ұрпақ – деп көрегендікпен айтқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы – жастарға айтқан сөзінде ел жастарына сеніммен қарап: Сіздер қазақ елінің басты байлығы, өмірінің жалғасы. Сіздер қандай болсаңыз, ел болашағы сондай болмақ, білекке емес білімге сенетін заман келді – деген еді!
Олай болса – жас достар, ғылымға бет бұрып, кәсіп таңдап, ғылыми конференцияға қатысуыңызбен құттықтаймын.
Ұлттық құндылықтар біздің елімізде қалай бағалануда оның мақсаты не деген сұрақтарға өз баяндамамда жауап бермекпін. Ұлттық құндылықтың тұғыры адам десек, адамзатқа қажетті құндылықтар.

Елдің материалдың         Елдің тарихи мұралары                Оқу білім-ғылым

байлығы

 
Адам

 

 

Мәдени мұралары                  Ұлттық өнері                           Салт дәстүрі

 

 

Адам баласына қызмет ететін осы құндылықтардан рухани азық
қалыптасады. Белгілі тұлға болып қалыптасады.
Ұлттық байлықтың ең бастысы адамның өмір сүруіне ең қажетті байлық – ана тілі. Тіпті дініміз де салт дәстүрлеріміз де, тарихи жәдігерлеріміз де мәдениетіміз, тарихымыз да ұлттық өнеріміз де барлық материалдық байлықтарымыз да тіл арқылы сақталып, баяндалып келген.
Ана тілінің құдіреті деген осы!
Өзге елдерге жеткізетін де, олардан озып өтемін десек те ғылым – білім арқылы жетеміз. Сол ғылымның өзі Ана тіліміз бен жазылып жастар санасына сінеді.
Ұлы педагог Макаренко: « Бес жастар бала – қалыптасып біткен бала» — деген болса сол жас баланың білім алуы, денсаулығы, салт – дәстүрді білу, дінін, тілін сақтауы, өркениетке қадам басуы, кәсіби маман болуы, өмірден өз орнын табуың – бәріне біздің ұлттық құндылықтарымыздың әсер етуімен қалыптасады.
Ұлттық құндылықтың ең бастысы – ана тілі, сол арқылы өз тілін сүйеді, төл әдебиеті мұраларын сүйіп оқиды, өз халқының тарихын өткені мен бүгінгісін ойлайды, тарихы жайлы толғанады – деген еді халқымыздың сүйікті ұлы күрескер – кемеңгеріміз Мұстафа Шоқай.
Тіліміздің мерейін асқақтату – біз жастардың басты міндеті, ұлттық құндылығымызды сақтауды – басты мақсатымыз деп білуіміз керек.
Латвияда тіл жөніндегі полицейлер қызмет етеді екен. Олар қоғамдық орын дарда, көліктерде көшені аралай жүріп, орысша сөйлегендерге айып пұл салады екен. Бұл да әр ел өзінің ең басты ұлттық құндылығы  — ана тілін сақтай білсін – деген көзқарастан туындаса керек.
Күні кеше Дүние жүзілік Біріккен ұлттар ұйымында Н.Ә Назарбаевтың баяндаманы «Қазақша» оқуы , өз елін сүйген, тілін сүйген, ұлттың құндылығын бағалай білген Елбасымыздың көрегендігі, әлем елдерінің өкілдері алдында «ана тілінің мерейін асқақтату» — деп бүкіл қазақ халқының Елбасына деген шексіз ризалығын білдірген.
Біріккен ұлттар ұйымында қазағымның сөздері жаңғырғанда – көзімізді жас, жүрегімізді шаттық кернеді – деген жастардың бірімін – Жаңаөзен политехникалық колледжінің  Сахиева Гүлдана 1 Шаштараз тобының студентімін.
Қазақ тілі – Ана тіліміз, анамыздың ақ сүтінен жаратылған десек – өз анамызды өзге аналардан артық көруге – баршамыздың құқығымыз бар, баршамыздың жүрек қалауымыз – Ана тіліміз.
Елордамыз Астанада өткен Саммидте шетелдік бір елшінің:
Н.Ә. Назарбаев  өз елінің Ана тілін – мемлекеттік тіл есебінде қолданып отырған, салт – дәстүрін сақтап отырған, дінін, ділік сақтап отырған Елбасы – демек бұл елмен халықаралық дәрежеде келер мәселелер де келісімге келуге, сенуге болады – деп біздің басты ұлттық құндылығымыз. Ана тілімізді ұлттық құндылығымызды ардақтаған ел екенімізге сүйенген Американдықтардың өзі «американ» деген тілі жоқ « ағылшын» тілінде сөйлейтінін атап өткен елші – қазақ елінің осындай дәрежеге жеткізген елдің «бірлігі» — екен деген елші сөзін ұғына келе « Әр ұлттың тілі мен діні» «Еларалық сенім» үшін де кепілдік екенін мақтанышпен айтып өткім келеді.
Демек ұлттық мұра – ұлттық мемлекеттік тіліміз – ел бірлігі, елдің қамы, ел тыныштығы елдің өркениеті үшін қызмет етеді екен Ғұлама жазушы  Ғабит Мүсірепов Қазақ тілі – «Ана тілі атанған бірегей тіл, ең бай оралымды тіл»– деген.
 

Елдің руханияты                        Елдің елдігін

сақтайды                                 Ел бірлігін

 
 

 
Ана тілі

 

 

Елдің тарихын                    Елдің мәдениеті                               елдің өзге

елдермен татулығы

 

Екінші ұлттық құндылықтарымыздың бірі  Салт дәстүріміз. Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт дәстүріміздің мақсаты да – елдігімізді сақтау. Оның салт – дәстүрін сақтау – елден белгілерімізді құндылықтарымызды сақтау.
Ұлы данышпан ақын Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойның кірер денең –
деп ананың «әлдиінен» бақилық болғандағы «жоқтауға» дейінгі адамның бүкіл ғұмырында болатын салт өлеңдері, дәстүрімізді «екі жол өлеңге» сиғызып айтқан, қандай құдірет десеңші!
Мен өз халқымның салт дәстүрімен мақтанамын бәрі – де елдің бірлігін сақтауға,әділдікке, адалдыққа үндейді, татулыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Әжелер айтқан «Әлдидің» өзінде, әженің ақ тілегі сенің болашағың тербеліп айтылып жоқ па!
Ел қорғайтын батыр бол!
Елін сүйген ақын бол
Жақсылыққа жақын бол
Әлди, бөпем, әлди – ай –
деп тербетілген әуен саз, бала жүрегінеи тәлім болып құйылмай ма, «Тұсау кесер» — жыры да балаға ақ тілегі – ал, ақ тілегі тұнып тұрған тәрбие емес пе?
Беташар – қазақтан басқа қай елде бар! Алғашқы бөлімінде келінге түскен елін таныстырып болып, айтылатын ақыл – өнеге тәрбие сол келінге ғұмыр бойы жол көрсететін «бағдаршам» іспетті.
Аяғыңды тарсылдап, баса берме келіншек
Ағайынның арасын аша көрме келіншек
– деген жолдардың мәні «ел бірлігін», «тұтастығын», татулығын сақтау емес пе!
Тазалыққа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ата – енені сыйлауға шақырған «Беташар» — үй отбасы бірлігін, ел бірлігін жырламады ма? Елді бірлікке шақыратын қаншама өнер туындылары бар. Олардың бірі – айтыс. Айтыс жанашыры, көшбасшысы Жүрсін Ерманов бір сөзінде:
«Айтыс мұраты – ел бірлігі» деп бүкіл ел алдында айтқан сөзі естен кетер ме?
Халықтың Мәдени мұралар, Отпан тау – елді елдікте бірлікке шақыратын
«Бірлік шыңы» — емес пе!
«Бекет ата» кесенес» — әлі күнге ел бірлігін ұрандап тұрған жоқ па!
Ұлттың өнерімізге көз салсаң  Абыл, Нұрым, Ақтаным, Сүгір мен Қашағаным – елдің бірлігін, татулығын, ауыз бірлігін, ерлігін жырлаған жоқ па!
Осындай еркіндікті, тәуелсіздікті аңсаған жоқ па?
Ұлттық құндылықтардың бірі – дініміз. Дінімізді сақтау, ардақтау қасиетті іс. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғасын әр түрлі дін өкілеттілігі болуы заңды құбылыс.
Үстіміздегі жылы Астана қаласын да Орыс – хрестьян дін өкілдері мұсылмандарға арнап Мұсылман мешіттен, ал мұсылмандар діни өкілділігі хрестьяндар мешітін өз қаржыларымен салып, бір – біріне сыйға тартқанына бәріңіз куәсіздер. Бұл құбылыс дінаралық достық салтанат құрғандығы деп білемін. Дегенмен, ислам дініне берік болуыңызды, мен сияқты жастардың әр түрлі ағымдарға, әр түрлі дінге кетуі, қыздардың қазаққа тән еліктегіштікпен «қара матаға» оранып жүргендігі жаныма батады.
Қазақ қыздары ерте кезеңдердің өзінде:
Ақ көйлек қызыл камзол белін буған,
Жан едің қатарынан артық туған –
десе ұлы Абай :
Білектей, арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пең, мұнай түрін –
деп жырламады ма. Қазақ қызы жарқырап киініп, қос бұрымы төгіліп, шолпысы сылдыр қағып, ақ білегенде
білезігі жарқырап, жүрмеді ме?
Ертедегі өлең жолдарында «Қара мата жамылып» — деген теңеулерді қазақ қыздарына жазған жері бар ма?
     Ұлттық құндылығымыздың бірегейі Достықты, Бірлікті Халықтар достығы бейбіт күнімізді сақтайық!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры мәңгілік болу үшін, ел бірлігін сақтайық.
        Бақытқа –қайда барасың  десе
« Бірлікке» барамын деген екен!

Демек біз жастар еліміздің болашағы кәсіби білік алып, еңбекпен тірлік істеп, бірлікпен  еңбек етейік!
Менің жастарға ұсынысым :
1. Сол үшін де жастар өзіміздің қазақтығымызды, қазақтығымызды, ұлтымызды қадір – қасиетін, салт – дәстүрін, тарихи мұраларын өзгертпей сол саф күйінде сақтап, ардақтап болашақ ұрпаққа жеткізейік!
2. Ана тілімізді өзге тілмен шұбарламай таза күйінде ардақтай біліп, болашақ ұрпаққа жеткізейік.
3. Дінімізді берік таза ұстайық. Діліңе, тіліңе берік бол – деп бір кезде Ахмет Байтұрсынов жырлағандай таза сақтайық, өзге ағымдарға еліктемей ел бірлігін сақтау үшін дінімізді сақтайық!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *