Маңғыстау облысы;
Жаңаөзен қаласы;
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Нұрзада Өтеш
Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы тарихи қадамдар.
Елімізге бойына ата – бабаларымыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой – өрісі кең, алғыр да, жүректі, білімді де білікті азаматтар керек.
Н.Ә.Назарбаев
Өз елін сүйген әр бір жас – өз елінің өткенін толықтай білуі керек, болашағын болжауы және ел болашағына деген сенімі болуы шарт.
Айқындалған асуларымыз – аңыз емес, ақиқат – екендігіне халықтың көзі жете бастады.
Еркіндіктің ақ таңы арайлап атқанынада ширек ғасыр болына санаулы күндер қалды…
Қазақта: «Қайран жиырма бес» — деген сөз бар! Шынында жиырма бес жас – жігіттік жас, жігіттің кемеліне келетін жасы!
Демек біздің егемендігіміз де кемеліне келіп, күшіне толып, тұғырына берік қонып, нығайып келеді! Осыны ойлап «тәубе» дейміз!
Тәуелсіз қазақ елін ойласам – оның дамуы жолындағы тарихи қадамдарды ойласам – есіме осы елдің көшін бастап бара жатқан, елін «жарқын болашаққа нық қадаммен бастап бара жатқан көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаев көз алдыма келеді.
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар! Ең бастысы – бүгінінен нұрлы, бүгінінен кемел – «болашағы» бар!
Сол күнге берік сенімі бар – бұл Елбасымыздың өз халқына деген махаббатынан туындаған ойы болатын! Бұл ой ақиқат болатын!
Ел көшін бастау маған – сын, мені қостау елге – сын деген ұстаныммен іс бастаған тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде ол да қатты ойланған болатын: қалай бастаймын? – 70 жыл «бодан» болған халқымның «еңсесін қалай көтеремін» — деген ой Елбасымызды қатты толғандырған.
Ия! Тәуелсіз Республикамыздың тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, алуан ұлттар тоғыстырып тиелген «Адамзат» деп аталатын ұлы мұхитта дұрыс бағытпен келе жатқан «Қазақстан» деген алып кеменің қазіргі капитаны!
Тәуелсіз деген сөзді айтқанда сол тәуелсіз елдің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының есімі бірге аталады. Жетпіс жыл бодандықта қалып, тоқыраған экономика мен халықтың жігері мен қайратын рухтандырар, болашаққа сенім мен қарататын басшы – Нұрсұлтан Әбішұлы болатын!
1991 жылы 1 желтоқсанында КСРіне сайлау өткізіліп 98,9 ұпаймен бүкіл қазақ халқы жүрегінің әмірімен таңдаған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы болатын.
Ел тізгінін халық сеніп тапсырған Нұрсұлтан Әбішұлы ел үмітін ақтады. Ең алғашқы күннен бастап Қазақ елін даму жолына салуға бар күш жігерін жұмсады.
Елбасының жүрегінде: Менің арманым қазақ елін өркениетті елдердің қатарына теңестіру мен Қазақстанды әр отбасында өз үйінің немесе пәтері бар, «жұмысы тұрақты» — қалтасында көлігінің кілті бар – ел ретінде көргім келеді, — деп сонау 1991 жылы айтқан еді!
Елбасының сол арманы бүгінгі таңда орындалғаны аян! Әр отбасы ипотекалық жолмен, кезекпен баспаналы болды,көшеде жаяу жүрген адам көрмейсің… біздің қаламызда әр отбасында 3-4 көліктен келетіні жасырын емес.
Қазақстан астықты өлке, елімізде 16миллион халық болса, үстіміздегі жылы 17 миллион тонна астық алдық. Демек өмірге жаңа келген сәбиге де бір тонна астық тиесілі…
Бұл деген сөз, астығымыз мол, дастарханымызда «қасиетті дәм – нанымыз мол» — деген сөз!
Елімізде шағын және орта бизнес саласында Елбасымыз Нұрсұлтан әбішұлының көрегендігі мен жолға қойылды. Мақсаты: елде жұмыссыздықты азайту және жоюға негізделген шара еді бұл! Кіші және орта бизнесті дамытуға төмен пайыздық несиелер ажыратып, халықтың жұмыссыз бөлігіне кәсіп тауып берген Елбасына халықтың алғысы шексіз.
Туған жансыз – халықтан,
Халық сынды – алыптан.
Өзіңізсіз әлемге,
Қазақ атын танытқан.
- Деп алғысын білдірген жандар қаншама.
Қазақстан Халықтары ассамблеясының құрылуы – бейбіт өмір тұғыры…
Қазақ елі көп ұлтты мемлекет 200ге жақын ұлттың басын қосып, бір тудың астына жиып, бірлікпен тірлік етуді мақсат еткен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы былай деген еді: Ата – бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақ елін ғибратты ел – деп аталуының өзі осыдан – деп өз халқының бауырмалдығын, кеңдігін, мейірімділігін бағалаған болатын.
Ақиық ақын Марфуға Айтқожина:
Өзіңіз тәуелсіз күн Бәйтерегі,
Бұл дала бәйтерексіз қайтер еді.
Тәуелсіз күнмен біргекең әлемге,
Танылды қазағымның қайсар елі.
- Деп жырлаған болатын. Сол тәуелсіздік алған жылдың 21- желтоқсанында «Алматы декларациясын қабылдады. ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы – құрылды.
Одақ тарқады. Ескірген үйлер, ескірген жолдар, ескірген мектептер – болашағына күмәнмен қараған халықты – Нұрсұлтан Әбішұлы «аяғынан тік тұрғызуға» , құлаған, қирауға жақын мектептерді жаңадан салуға, тесіліп қаңқасы қалған жолдарды қайта салуға – қаржы табу, оны жұмсау, жеткізу – Елбасының жүрегін сыздатқан жауапты жұмыс болатын. Ол қайтсем де бәрін жолға қоюым керек деген мақсатпен жұмыс бастап кетті. Ұлттық валютамыз «теңгемізді» шығару, 1992 – 2000 жылдар аралығында «жекешелендірудің» төрт бірдей реформасын іске қосты!
Ойлаған туған елдің болашағын…
Елімнің болашағы білімді де білікті жастар – деп бағалаған Елбасымыз 1993 жыл 9-қарашада «Болашақ» степендиясын белгілеуінің өзі – жастардың қамын ойлауы – елдің қамын ойлауы еді:
Жарқылдап жанарында жалын ойнап,
Жүргенің қалың жұрттың қамын ойлап.
Президент аман болсын! – деп тіледі,
Айбынды қазақ елі, ауыл – аймақ
- Деп ақындар халық тілегін жеткізді.
Заң елін бүкіл әлем таниды…
Әлемнің 118елімен дипломатиялық қарым – қатынас орнаттық. Жалпы ұзындығы 14мың шақырымды құрайтын мемлекеттік шарамызды белгілеп алдық.
Мен Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Менің Президентім» деген сөзді жүрегіммен айтқым келеді. Еліміздің қайта өркендеу, өрлеу, жаңғыру, жаңару дәуірінде бұрын – соңды еліміздің тарихында қол жеткізе алмаған толып жатқан үрдіс, жаңа құбылыстарды, жаңа әлеуметтік құрылым, жаңа әлеуметтік жетістіктерді, ұлттық еңсеміздің рухани көтерілуіне шексіз еңбек еткен – Елбасы болатын. Қан майданда бес жыл қан төгіп ел қорғаған атам бар. Ол бірде:
Күні кеше біз кім едік. Бәрің де біліп отырсыңдар, ал бүгін… айтсаңдаршы – деп әңгімесін жалғап кетті. Біздің жастық шағымыз соғыс жылдарында өтті 80-90 жылдарда «Москвич» «жигули» автокөліктерін жүзден, мыңнан бір адам мінетін. Дәл қазір де солай, қазір халықтың 99пайызы шетелдік джиптерді мінеді, әлгі айтылған, бір кезде «байлар» ғана мінетін жигулимен қазір жүк тасиды…
Міне халықтың жағдайының қандай екенін біле беріңдер дейтін.
Президенті халық дейтін ұлы ананың,
Жүзіңнен шуақ табам – қуанамын.
«Елім» — деп еңбек еткен сізді көріп
Қазақ болып туғаныма қуанамын. – дегім келеді.
Нұрлы жүзіңізге, ойлы көзіңізге қарап тұрып
Ел болдық, еркін асқақ егеменді,
Көкке де сәл жетпей тұр төбем енді.
Тыныштық, бірлік жайлы ой толғасақ
Құшаққа қысым келер бар әлемді – деп тұрғандай ойды оқимын қала көшелеріндегі жарқын бейнеңізден!
Қазақ – сұлулықты сүйген халық. Мінетін атын көшкенде көшін сәндеген халық. Көктемде жайлауға, күзде қыстауға көшкен халықпыз.
200 жыл Елбасының жүрегінен жарып шыққан арман шындыққа айналды.
Арман қала Астана салына бастады…
Дәл басып игі ісіңді бастағансың,
Тайсалмай кедергіден аттағансың
Абылайдың тағы орнап, Сарыарқаға
Салдырдың Евразия бас қаласын,
Қазақтың армандаған астанасын
Өзің салған сары жол құтты болсын,
Ақ – Ордаң Астанамыз нұрға толсын.
Қазақстан халқының бақыты үшін,
Жасай бер жорытқанда жолың болсын. – деп қазақ халқы Астананы көріп қуанып, Елбасыға шексіз алғысын арнады.
Қазақстан – 2030 стратегиясы…
Қазақ елі өзі шегараласатын елдермен шегара мәселесін біржола шешті. Барлық көршілерімізбен өзара ынтымақтастықта тату жасау, шегара, экономикалық дамуды қарқынды жүргізу ел қауіпсіздігін сақтау, білім – ғылым мәселелерібәрі өз шешімін тапты.
Елімізде ұлтаралық және діни келісім тұрақтылық өркен жайды. Ядролық сынақты «Невада Семей» сынақ байқауы тоқтатылды.
Бүгінгі таңда біздің Президентіміз әлемдік лидерлердің бірі болып саналады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұйымдастырушысы да біздің Президентіміз.
Шетте жүрген қандастарды Отанына қауыштырып, туған жер топырағына қоныстандырған, оларға материялдық көмек бергізіп, елден алғыс алған да біздің Президентіміз!
Елбасымыз жыл сайынға халыққа жолдауында тек халық қамын ойлау, халықтың әл – ауқатын жақсарту мәселелерін бірінші орынға қойды.
«100мектеп, 100ауырухана» бағдарламасы халыққа қаншама қуаныш әкелді!
Құлауға жақын тұрған «мектеп» атты киелі орындарға «жаңадан» мектеп салып, жаңа мектептерді заманауи талапқа сай жабдықталған, ғаламторға қосылған, ақпарат құралдарымен толықтай жабдықталған сынып бөлмелерін көрген балалардың қуанышын – сөзбен жеткізе алмайсың!
Баланың көңілінде «Нұр атасын»,
Солардың айтқан әнін ұнатасың.
Қуанса, қуанышын құттықтайсың,
Жыласа, қамқоршы болып жұбатасың…
Нұрсұлтан жұрт жадында жүрер есім,
Жас бөбек сені айтудан біледі есін.
Баланың жүрегіне бақыт әкеп,
Даланың көкірегіне гүл егесің— деп жырлады Елбасымызға арнап ақын жүрегі.
Даму жолындағы қадамдарымыз көп болуы.
Елбасымыз «жол картасы» — бағдарламасымен тағы елге үлкен қуаныш сыйлады. Қала аралық жолдар тіпті мемлекет аралық жолдар, елді мекендерді газбен қамту, ауылдарға көңіл бөлу аграрлық саясатты жақсарту, бұл да – Елбасымыздың еселі еңбегінің біреуі.
«Дипломмен ауылға» — бағдарламасы деп жүзеге асты, жаңадан үйленген, жаңа оқу бітірген жастар мемлекет қамқорлығына бөленді.
Үйлі, күйлі, жұмысты болып – Елбасымызға шексіз алғысын жолдады.
«Жасыл ел» — бағдарламасы ел көңілінен шықты…
Қандай шара ұйымдастырса да ол шара халыққа арналатын, олардың жағдайын жақсартуға арналатын!
Жұмыссыздықты жою, кіші бизнесті дамыту, кәсіпкерлікке кең жол ашу, шағын пайызбен несие беру – мәселелері Елбасының көрегендікпен ойлаған бағдарламасы арқылы іске аса бастады.
«Жұмыс жоқ» дегенді желеу етіп әке – шешенің зейнетақысымен күн көріп келген жастар «ұйқысынан оянып» шағыпкредиттер алып, сауда жасап, өмірге болашаққа сенімі оянып, өз жанұясын өзі асырап, есін жиды.
«Нұрлы жол» — болашаққа, бақытқа бастар жол…
Елбасының осы бағдарламасын естігенде қаншама халық қуанғанын көз алдыңа елестетсең шіркін! «Нұрлы жол» — еңбекші халықты бақытқа бастар жол болды! Заманға әсерін тигізіп отырған «нарық қыспағы» бізді де айналып өтпейтінін алдын – ала түсінген Елбасымыз ерекше ойлады! Қала мен қаланы, қала мен ауылды, облыс пен облысты, облыс пен орталықты Алматы мен Астананы байланыстыратын әлемдік деңгей талаптарына жауап беретін, халықаралық деңгейдегі жолдар салынды.
Сонау Атырау мен Маңғыстау, Жезқазған Астана, Алматы аралықтары жол мен байланысқанда – қызығын қарапайым ел көрді. Біз Маңғыстау атты шөлейтті аймақта тұратындықтан жазда қауын, қарбыз сырттан келетін. Жол қиындығына шыдамай «езіліп» кетеді – деп қауын қарбыздарды көбіне, «шикілей» жұлып әкелетін. Үстіміздегі жазда мені өскен қала Жаңаөзенде базар молшылыққа толы болды. Нұрлы жолмен келген үлкен көліктермен қауын, қарбыз – базарда үйіліп тұрды.
Дәмі қандай тамаша! Жол азабын көрмей жеткен жеміс – жидекке «қарық» болған жұрт «Нұрекең салдырған Нұрлы жолдың арқасы» — деп алғысын айта отырып үлкендер батасын беріп жатты.
Халыққа еңбек еткен ерге бастан,
Данагөйім қазаққа шуақ шашқан.
Тынымсыз еңбегіңнің арқасында,
Құлпырды, шүкір, бүгін – Қазақстан
Игердің саясаттың сан саласын,
Қазақтың қорғап қалдың кең даласын.
Мызғымастай бекеттің көршілермен,
Бейбіт өмір – тыныштық шекарасын.
Бағдарламаң халықтың қолдауында,
Ойлады халық қамын Жолдауыңда.
Жүзден асқан халықтың басын қостың,
Бостандық пен татулық қорғауында.
Халық тілегі ағып жатқан бұлақ, айтыла береді, ризалығын жеткізе береді.
Баяндаманы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлыңың өз сөзімен аяқтағым келді:
- ХХІ ғасыр мәдениеттің ғылым мен ақыл – ой бәсекесінің ғасыры болмақ;
- Экономикалық дәулетіміз артпайынша, рухани сәулетіміз де артпайды;
- Адамдар елдің өмірі қалай өзгергенін, өз үйінің тұрмыс тіршілігін байқайды;
- Нарық – ебі жоқтың ғана еншісін алып, құтын қашырады, арманшыл, еңбекшіл, амалшыл адамның несібесін асырады.
Бірлігіміз мықты, тірлігіміз көрікті болмай дана көшбасшымыз, дара көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы – аман болғай!
Тәуелсіз еліміз аман болғай!
[bws_related_posts]