Басы » Бастауыш сыныптар » Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»

Сұлтанмахмұт Торайғыров «Арыстан мен Тышқан»

Бастауыш сынып мұғалімі

Арал ауданы Шижаға ауылы

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі

Тойбахова Жадыра

Сабақтың тақырыбы:        Сұлтанмахмұт Торайғыров

«Арыстан мен Тышқан»

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының талантты ақыны Сұлтанмахмұт

Торайғыров шығармасының мазмұнымен таныстыру.Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ашуға жағдай жасау

  1. Оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту, сөздік қорын молайту.
  2. Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, өз орнын, жолын біліп жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, рөлге бөліп оқу, дәлелдеу, өзіндік жұмыс,

шығармашылық тапсырмалар, топтық, СТО.

Пәнаралық байланысы: Дүниетану, қазақ тілі, көркем әдебиет.

Сабақтың барысы.      І. Ұйымдастыру кезеңі

Күндей  жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен,

Сабағымызды бастайық!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрап , бағалау, қорытындылау.

Оспанхан  Әубәкіров   «Ара мен Шыбын»  мысалын өз сөздерімен  сахналау

І топ:  Мысалдағы түйінді ойды айт.

ІІ топ: «Егер мен Шыбын болсам…» эссе оқу

ІІІ топ  Осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдың?

-Балалар, бүгінгі оқып келген шығармаларың халық ауыз әдебиетінің қандай түріне жатады?    (Мысал)

— Мысал дегеніміз не?  (Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік,қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. )

— Мысалға нелер кейіпкер бола алады?   (Мысалшығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады)

-Бұрын қандай  шығармалармен таныстық?

(А.Байтұрсынов «Аққу,Шортан һәм Шаян», А,Құнанбаев «Құмырсқа мен шегіртке», т.б)

Қазақ жазушыларының арқасында мысал жанры-қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр. Мысалды жазатын адамды сатирик — мысалшы деп атаймыз. Сатирик деп-адам бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны атаймыз.

-Бүгінгі мысалымыздың тақырыбын білу үшін  жұмбақтар шешейік:

Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы  ….. .  (Арыстан)

Ол мысықтан қорқады,

Одан піл қорқады,  Бұл не?  (Тышқан)

Ендеше дәптерге күн реті мен тақырыпты жазып қоялық

Қазанның он жетісі

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Арыстан мен Тышқан

Автор туралы не білеміз? «Пікірлер ағашын» толтырайық

І топ   С.Торайғыров туралы не білеміз?

ІІ топ   С.Торайғыровтың қандай кітаптарын білеміз?

ІІІ топ   С.Торайғыровтың қандай шығармаларын оқыдық?

Қысқаша дерек беру: С.Торайғыров — Қазіргі Солт.Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында дүниеге келген-дарынды ақан, ағартушы.

3 жасында шешесі қайтыс болып, әжесінің тәрбиесінде болған. Алғаш әкесінен оқу үйреніп, сосн ауыл молдасынан білім алған.1912 жылы Троцкідегі медресеге оқуға түседі, бірақ денсаулығына байланысты оқи алмайды. Осы кезден бастап ақындық өнерге бет бұрып өлеңдер шығарады. 27 жыл өмір сүрседе, артына мол мұра қалдырған. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам,..» деп жырлаған жалынды ақын мысалда жазған.

Оқулықпен жұмыс :      мысалды мұғалімнің оқуы

Оқушылар тізбектей оқиды.

Сөз сандықтағы жаңа сөздермен танысу

Күпшек -дөңгелектің білік кигізетін,шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі

Зиян — залал, зақым

Азат – еркін, өз еркі өзінде,ерікті

Сұрақтарға жауап алу арқылы мысалды мазмұндау.

-Балалар,мысал мәтіннің қай түріне жатады? (әңгімелеу)

Тағы қандай мәтін түрлерін білесіңдер?

— Ендеше, Арыстан мен Тышқанды сипаттап көрейікші.

 

-Енді мәтінімізді бөліктерге бөліп дәптерге жазайық,жазу жұмысы

1   Арыстан мен Тышқанның кездесуі

2  Тышқанның  жалынуы

3  Арыстанның күштілігі

4  Тышқанның уәдесін орындауы

Сергіту сәті.

Кіп-кішкене құмырысқа,

Келе жатты жұмысқа

Добымды алып қолыма

Қоя салдым жолына

Оң,жағына қарады

Сол, жағына қарады

Қызығына тоймады

Тау екен деп ойлады

1,2,3-бойға жинап күш,

4,5,6,7-мынау қала шеті.

8,9,10-ал қанекей қон.

Шығармашылық жұмыс:

І топ —  Мысалдан өзіңе қандай үлгі алдың?

ІІ топ — Оқиға ары қарай не болды?

ІІІ топ — Өз сөзіңдеріңмен сахналық қойылым даярла.

Сабақты қорытындылау,бағалау, мадақтау.

Біз не үйрендік?  Оқушылар жауабын қорытындылау

Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі

Біреуге жақсылық қылсаң міндет етпе.

Үйге тапсырма:   Мысалды мәнерлеп оқу , мазмұндау

«Егер мен Тышқан болсам…» эссе жазу

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *