Басы » Бастауыш сыныптар » Баубек Бұлқышев «Ана»

Баубек Бұлқышев «Ана»

Бастауыш сынып мұғалімі

Арал ауданы Шижаға ауылы

№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі

Тойбахова Жадыра

Сабақтың тақырыбы. Баубек Бұлқышев «Ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін,оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру. Шығарманың тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізу, мазмұнын меңгерту;

Дамытушылығы: Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алу, соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдылары мен жазба тілдерін жетілдіру,шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелілігі: оқушы бойындағы анаға деген сүйіспеншілігін ояту. сыйлап, құрметтей білуге, өнеге тұтуға баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ жауап, түсіндіру, ребус шешу, ой толғаныс, талдау, бес жолды өлең,

топтық жұмыс

Көрнекілігі:сөзжұмбақ, Б.Бұлқышев портреті, автордың кітабы, үнтаспа, дидактикалық материалдар,

слаидтар,  ребустар

Сабақтың барысы:   1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару, психологиялық даярлық

  1. Өткен материалмен жұмыс Оралхан Бөкей «Апамның астауы»

-Үйге не тапсырма берілді?

— Мәтінді оқу және мазмұндау

Үйц тапсырмасын сұрақтар арқылы қорытындылау

-Әңгіме кімнің атынан баяндалған?

Бұл әңгіме кімнің атынан баяндалған?

-Жазушы кімді еске алып отыр

-Автордың балалық шағында ойнаған ойындары  қандай?

— Әңгімедегі әженің қандай өнері бар екен?

  1. Жаңа сабақ 1.Ой жинау

Сөзжұмбақ «Ана» 

  1. Абайдың анасы
  2. Мұхтар Әуезовтің анасы
  3. Мұқағали Мақатаевтың анасы

-Осы сөзжұмбақты шешкенде тігінен оқысаңдар бір керемет, қасиетті сөз шығады.  (Ана)

-Ана деген қасиетті сөз екеніне келісесіңдер ме?

— Не себепті, өз ойыңды дәлелдеп көрші?

-Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана! «Бала-ананың бауыр еті» дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым деп, кірпі баласын жұмсағым дер»  дегендей анаға өз баласынан артық ешкімжоқ. Тіпті жан-жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамы анасына қолынан келгенше сй-құрмет көрсерсе, ақын оған арнап өлең жазады, ал сазгер ән-күй шығарады, жазушы роман,поэма жазады. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады

— Балалар, сендер осы жастарыңда өз аналарыңа қандай қызмет көрсетудесіңдер?  (1-2 оқушы пікірін сұрау)

Бүгін сабағымызда ана тақырыбын ары қарай жалғастырамыз.

Автор туралы түсінік беру

Баубек Бұлқышев  (1916-1944) Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. Украйна, Днепропетровск обл. Софьевск ауданында жерленген. Жазушы. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. 1935 жылы Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген, 1937 жылы Алматы сауда – қаржы техникумында оқыған.

«Алматы-менің туған қалам» деген бітпей қалған романы және «Айсұлу» деген поэмасы бар. «Я хочу жить», «Слушай, Кавказ» т.б мақалаларын Ғ Мүсірепов Қазақ тіліне аударып газетке жариялады.» «Заман біздікі» кітабы, «Өшпес өмір», «Жауынгер мәңгілігі», «Есімізде қанды майдан жорықтары»   туындылары  бар.

Ал, қазіргі оқитын  «Ана » әңгімесінде өзінің анаға деген нәзік сезімін паш етеді, ендеше осы мәтіннің  мазмұнымен танысайық.

Мәтінді оқып беремін. Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап аламын.

  • Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі толғанысын, тебіренісін сезіндің бе?
  • Мәтінде кім жайлы айтылған?
  • Ананың бала өмірі үшін қандай маңызы бар екен?
  • Ананың балаға деген махаббаты жайлы не айтылған?

Оқу жұмысы:

  • Мәтінді тізбектей оқу
  • Азат жолдары бойынша оқу, мазмұндау
  • Мәтіндегі екінші абзацты дауыс ырғағына келтіріп оқы.

Мәтінге талдау жұмыстарын жүргізу.

  • Мәтінде қандай теңеу бар?
  • Неге теңізге теңейді?

Сызба құру:

Мәтіндегі ананың тілі, ананың махаббаты деген сөздерді қалай түсінеміз? Бұл тіркестерге қандай сөздер сәйкес келеді?

1-топ  Ананың тілі

2-топ:  Ананың махаббаты

3- топ Ана

-Жылап уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің?

-Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар?

-Құндақта сөзін қалай түсінеміз?

Жазу жұмысы: «Көңіл толқыны» күйін тыңдай отырып орындау

«Ана» немесе «Асыл әжем» тақырыбына шағын әңгіме жаз. Мына тірек сөздерді пайдалан: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны

Сабақты қорытындылау

Топтық тапсырма: 1-топ Ананың айналайыны (Анаң саған қандай жылы сөздер айтады?)

2-топ Анама тілек  (Анаға арнаған тілегіңді жаз)

3-топ Анаңа мінездеме бер.

Даналық сөздер.

«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді.»  Б.Г.Белинский

«Жұмақ-ананың табанының астында» Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан хадистен

Ана жүрегінің жылуы күліп тұрған күн қызуынан кем емес.                Ә. Нұршайықов

Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндау және дауыс ырғағына келтіріп жатқа  айтуға үйрен. Менің анам тақырыбына эссе жазу

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

-Қазір орындарыңнан тұруларыңды сұраймын. Ана-ұлы, ана-қымбат- ана-құдіретті жан. Олай болса, ананың құдіретіне бас иейік!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *