Қанатбаева Бағжан
№57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебі
Арал ауданы Шижаға ауылы
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік- тірі ағза
Сабақтың мақсаты : 1.Оқушыларды өсімдіктер тірі табиғат екенін, оның тұқымынан өсетіні, жер бетіне өніп, шығуы жайында түсінік беру , жүргізіп оқу машығын арттыру
2.Оқушылар алған білімдері бойынша өз ойларын айта алуға , тұжырым, қортынды шығара білу қабілетін арттыру
3.Оқушыларды табмғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнектілігі:әр түрлі өсімдіктердің жапырақтары ,интерактивті тақта, маркерлер, кітаптар (өсімдік алу туралы), суреттер
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: түсіндермелі-көрнекілік (сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс , ой қозғау, ой толғаныс ,оқулықпен жұмыс , өз бетінше жұмыс )
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру . Психологиялық дайындық
Оқушылар , бір бірімзмге достық қарым-қатынас және жақсы көңіл-күй орнатайық
II.Өткенді пысықтау
Кел балалар, ойнайық
Ойнайық та, ойлайық,
Қандай сұрақ болса да
Таппай оны қоймайық!- дей отырып «Бәйге» ойынын ойнайық Көкжиек деген не ?(жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейін кеңістік көкжиек деп аталады .)
Тұсбағдар деген не?(Көкжиек тұстарын анықтаиытн арнаулы құрал)
Сұлба деген не?(Сұлба деп нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз)
Судың үш түрлі жағдайын ата (сұйық ,қатты ,газ )
Топырақ деген не ?
Топырақтың құрамын ата
Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой ашар Жұмбақты шеш ,
Көктемде көгереді.
Жазда жайқалады ,
Күзде сарғаяды.
Қыста тонарланады (өсімдік)
«Кім көп біледі?»ойынын ойнайық сұрақтарға жауап алу
Өсімдік неше топқа бөлінеді?
Осы үш топтың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар ?
Ағаштың-діні бар
Бұта – тамырдан бірнеше бұтақ кетеді
Шөп – аласа ,майысқақ , нәзік
Өсімдік қанадай табиғатқа жатады? Неге ?
Өйткені, ол өседі, жайқалады, қартаяды, өледі
Өсімдіктен басқа тірі табйғатқа не жатады?
Адамдар, құстар , аңдар, жануарлар
Осы тірі табиғатқа не керек ?
Ауа, жылу , жарық , су, қорек
ІҮ. Оқушылардың білімдерін тұжырымдап, жетілдіру
Оқулықпен жұмыс .
а)мәтін бөлік бойынша оқытылады
ә)мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме
Дәптермен жұмыс .
Ойыңа түсір мына өсімдіктер қай топқа жатады ?
Ағаш бұта шөп
(қайың, итмұрын, бақ-бақ, қарақат, жусан, емен )
ҮІ. Ой толғау. Эссе «Мен өсімдікпін»
Халық даналығынан
-Өсер жастың алдын кеспе,өсер ағаштың бұтағын кеспе
Дәннен тал өседі
Ата-бәйтерек,бала-жапырақ
Орман тоғай жер сәні,бетеге жусан бел сәні
Көкті жұлма-көктей соларсың
Бір ағаш кессең,он ағаш отырғыз
ҮІІ.Таптастыру.
Өсімдік- тірі ағза
Көбейеді өседі қоректенеді қурайды
Өсімдік
Бұта Ағаш Шөп
Сабақты қорытындылау:
Бағалау:
Үй тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқу.
Өзің білетін ағаштың суретін сал.
[bws_related_posts]