“Ж.Қайыпов атындағы орта мектеп”
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кекебаева Баян Имаммұхамедқызы
Сабақ тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Сабақ мақсаты:
а) Су және судың қасиеті мен күйі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайында түсінуге, танымдық қабілеттерінің артуына мүмкіндік туғызу;
ә) Зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы судың қасиеті мен күйі туралы түсініктерін кеңейту;
б) Суды қорғауға, ластамауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: практикалық сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, тәжірибе жасау
Сабақ көрнекілігі: суреттер, зертханалық жұмысқа қажетті заттар
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау. Шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне тілек айтқызу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үйге берілген тапсырманы сұрап, бекіту
- Әр топ салған сұлбалары бойынша постер қорғайды.
1-топ: Мектеп және мектеп ауласының сұлбасы
2-топ: Демалыс бағының сұлбасы
3-топ: Тұратын үйлерінің және үйдің ауласының сұлбасы
4-топ: Балабақшаның және оның ауласының сұлбасы
Үй тапсырмасы бойынша бір топты келесі үш топ бағалайды.
Бағалау критерийлері:
- Постердің эстетикалық талаптарға сай болуы.
- Сұлбада шартты белгілердің қолданылуы.
- Қорғаудың түсініктілігі мен мазмұндылығы.
- «Бинго» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру.
- Сұлба деген не?
- Сұлбаның суретте айырмашылығы қандай?
- Сұлбаны қалай оқуға болады?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
Тамшы, қырау, шық, мұздың суреттері бойынша сыныпты топтарға бөлу.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгін біз дүниетану сабағында не туралы сөйлесеміз?
Топтарының атына байланысты оқушылар сабақтың су туралы болатындығын хабарлайды.
VІ. Жаңа сабақты меңгерту
Қызығушылықты ояту:
– Су дегеніміз не?
– Су туралы не білеміз?
– Су бізге не үшін қажет?
Оқулықпен жұмыс:
- Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді оқып беру.
- Оқушыларға іштей оқуға тапсыру.
- Оқушылардың кезектесіп оқуы.
Әр топқа төмендегі сұрақтар бойынша топ мүшелерінің өзара талқылауы тапсырылады:
- Су деген не?
- Жер бетіндегі судың құрылықтан көп екендігін қалай дәлелдей алар едің?
- Суды неге ерекше зат дейміз?
- Қар, мұз, бу деген не?
Әр топтан бір оқушы шығып, су туралы білгендерін ортаға салады.
Сергіту сәті: Әнге билету
Тәжірибе жасау арқылы оқушыларға судың қасиетін анықтату
1-топ:
- Судың пішіні мен түсі қандай?
Қажетті заттар: мұз сынығы, стақан, табақша, құмыра, су, түсті қағаздар жолағы. Суды табақшаға, құмыраға, стақанға құйып, судың пішіні туралы қорытынды жасау. Мұз туралы не айтуға болады? Стакандағы суға әр түсті қағаз жолақтарын салып, оны судың түсімен салыстыру.
2-топ:
- Судың мөлдірлігі қандай және су сұйық күйде қандай қасиетке ие?
Қажетті заттар: 2 стакан, 2 қасық, 2 табақ, су, сүт, бір кесек мұз. Су мен сүтті 2 стаканға құйып оларға қасық салу арқылы сүттің мөлдірлігі туралы қорытынды жасату. 1 табаққа су құйып, 1 табаққа мұз салып, еңкейту арқылы судың сұйық күйіндегі қасиеті туралы қорытынды жасату.
3-топ:
- Судың дәмі мен иісі қандай?
Қажетті заттар: қант, тұз, лимон, пияз, су, табақшалар, орамал.
Алынған заттарды суға салып, дәмін тату және иіскеу арқылы судың дәмі мен иісі туралы қорытынды жасату.
4-топ.
- Су заттарды еріте ала ма?
Қажетті заттар: су, 4 стакан, қант, мұз, құм, саз, қасық. Стакандардағы суға заттарды салу арқылы еріткіштік қасиеті туралы қорытынды жасату.
Әр топ өз қорытындыларын ортаға салады.
Тәжірибенің қорытындысы аяқталған соң бір-бірін бағалау жүргізіледі.
Бағалауда дәлелдемелердің болуы ескерілуі керек.
- Білімдерін бекіту
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды ретімен орындайды.
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы әр топтан бір оқушы оқушылардың сұрақтарына жауап береді.
- Қорыту
Әр топ «Су – тіршілік ортасы» тақырыбында постер дайындап, қорғайды. Бағалау критерийлері алдын ала хабарланады.
Бағалау критерийлері:
- Судың адам өміріндегі маңызы қамтылуы тиіс.
- Судың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы қамтылуы тиіс.
- Судың жануарлар тіршілігіндегі маңызы қамтылуы тиіс.
- Судың күйі мен қасиеті қамтылуы тиіс.
VІІ. Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқу. «Сулы жер – нулы жер» тақырыбына ойтолғау жазу.
VІІІ. Бағалау
Оқушылар сабақ бойы алған білімдерін «түсіндім», «жартылай түсіндім». «түсінбедім» сияқты смайликтерді пайдаланып, кері байланыс жасау арқылы көрсетеді.
Әр кезеңдер бойынша бағалау критерийлері бойынша жиынтық бағалау.
[bws_related_posts]