Мектеп әдіскері: Елшинбекова Тамаша Бөрібайқы
«Бәйтерек» зияткерлік ойын-сайысы
(8-10 класс оқушыларына арналған білім сайысы)
Тақырыбы: «Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ»
Түрі: Зияткерлік ойын-сайыс
Көрнекілігі: тірек сөздер, слайд-презентация, оқушылар шығармашылығы. «Тәуелсіздік» кітап көрмесі
Мақсаты:
Білімділігі: Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.
Тәрбиелігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың мектепте меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Қатысушылар: 8,9,10-сынып оқушылары мен пән мұғалімдері.
1Жүргізуші:
-Армысыздар құрметті бүгінгі ойынның қонақтары, ойынға қатысушылар және жанкүйер қауым! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылып отырған «Байтерек» атты ойын-сайысына қош келдіңіздер!
2Жүргізуші:
-Интеллектуалды-танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Елім, Жерім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан, өз отбасынан, өз қаласынан, өз өлкесінен басталады.
Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.
1Жүргізуші: Міне, бүгінгі біздің интеллектуалды-танымдық ойыны да осыны меңзейді. Жоғарыда аталған қасиеттер сіздердің де бойларыңызда бар екені және тәуелсіздік таңының жарық жұлдыздары сіздер екені анық. Олай болса, ортаға ойынға төрелік ететін әділқазы мүшелерін шақырайық.
Алдымен, әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
АӘД пәнінің мұғалімі – Нұралы Әлібек Серікбайұлы және мектеп психологы – Теңізбаева Ақманат Оразбайқызы , бастауыш класс мұғалімі – Нұғыман Гүлсамал Қанышқызы;
2Жүргізуші: Сан ғасырлар тарихынан кешегі, Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім – Қазақстан, Отаным, Болашағы бізбен бірге өседі, —
дей келе, Бәйтерек зияткерлік сайысының таланты, дарынды жастары ойыншыларымызды шақырамыз (командалар залға келеді)
8-класс оқушылары:
9-класс оқушылары:
10-класс оқушылары:
Күй: .
Сайыстың кезеңдері:
І. «Біз – тәуелсіз елдің тірегі» кезеңі (команданы таныстыру: ұраны, төсбелгісі, киім үлгісін ескеру)
1 Жүргізуші:
Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан — 2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті. Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ болу міндеті тұр.
Сонымен: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті
бастайық.
2Жүргізуші: ІІ. Жедел жауап (топ басшысы, білмеген жағдайда топ мүшелері көмектесе алады). Әр топ басшысына әртүрлі ғылым салаларынан 10 сұрақ қойылады, жылдам әрі нақты жауап берулеріңіз сұралады.
1 Жүргізуші
- Әнұранның авторлары кімдер?
(Әнін жазған:Ш. Қалдаяқов, сөзін жазған:Н. НазарбаевЖ. Нәжімеденов)
- Бірдей 9 ыдыста 27 кг май бар, осындай 2 ыдысқа қанша май сияды.
(9кг)
- Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары
(Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
- Шешендік өнер туралы ғылым қалай аталады?
(риторика)
- Қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қашан дүниеге келді?
(1940 жылы шілденің 6-шы жұлдызында)
- Спорт саласында “пентакампеон” сөзі қандай мағына береді?
(Бес дүркін чемпион)
- Астанамыз 10 жасқа қашан толды?
/2008 жыл, 10 маусым
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік дінін ата (жоқ)
- Көркем өнер конкурсының жеңімпаздары — музыканттар, көркем сөз оқушылар мен бишелерге берілетін лауреат сөзінің мағынасы қандай:
(«лавр» — мәңгі жасыл ағаш деген мағынаны білдіреді).
- Кино өнерінің салаларын ата (Көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильм, ғылыми-көпшілік кино )
- Мемлекеттік тудың авторын атаңыз?
(Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)
- Ел билеудегі ең лауазымды тұлға
(президент)
3. «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жеті жасар баласы (Жәдігер)
4. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
(Жақсылық Үшкемпіров)
- Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есеге арттырғанда қандай сан шығады? (999)
6. 2011 жылы Алматы-Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті?
(қысқы Азия ойындары)
- Еліміздің рәміздері қашан қабылданды?
- 4 маусымда.
8.Бала құқығы туралы конвенция қашан қабылданды?
(1995 жылы 20 қараша, желтоқсанда бекітілді)
- Консерватория сөзінің шығу тарихын білесіз бе? (Бұл сөз 400 жыл бұрын Италияда пайда болған. Жетім балалар паналайтын үйді консерватория деп атаған. Кейін музыканттар оқитын арнайы мектепті осылай атаған.)
- Компьютер құрылымының негізін қалаушы ғалым (америкалық математик және физик Джон фон Нейман 1945 жылы тұңғыш комьютерді жасап шығарған)
- Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды?
(1991 жылы 1желтоқсан)
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
3. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай?
(алтын түстес)
- Геральдика ғылымы нені зерттейді
(елтаңбаларды)
- Иіріле оралып тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы?
(медицина)
- Ол өзіне таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр.Оның мұшар бигінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран. Бұл қандай ғимарат?
(Ақорда)
- Қазақ тілін қолдау жылы. (2007 жыл)
- Бала құқығы туралы конвенцияны кім қабылдайды?
(БҰҰ бас ассамблеясы)
- Оркестр сөзінің шығу тарихы? (Ежелгі грек елінде театр сахнасының алдыңғы жағында дөңгеленіп келген шағын алаңға орналасқан хорды «оркестр» деп атаған, қазір музыкалық шығармаларды бірігіп ойнайтын музыканттар тобы.)
- Кітапхана қашан, қайда пайда болған? (Б.з.б. 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталары жазылған жазбалар түрінде пайда болған)
Ән: .
ІІІ. «Шөл даладағы 100 сағат» ситуациялық жағдаят
Ән: .
ІУ. «Тәуелсіз Қазақстан кеше, бүгін, ертең …» жоба қорғау.
(ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.
1 Жүргізуші: Қазақстан-кеше...
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Жұртым менің не қиындық көрмеді!?
Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
2Жүргізуші: Қазақстан-бүгін...
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..
1Жүргізуші:
Қазақстан-ертең...
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан.
«У. Болашақтың мектебі» (видеоролик)
1Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан жеңімпазды білейік, олай болса өзіңнің ой-пікірің, тілегің білдіру үшін әділ-қазылар мүшелеріне ортаға шақырамыз.
2Жүргізуші: Барлық сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар, сендер, білемін,
Жалыңдатып биік шыңда жүрерін – дей отырып,
бүгінгі білім додасын аяқтамас бұрын, әділқазы алқасына сөз берейік.
Осымен бүгінгі білім додасы аяқталды, қашанда Тәуелсіздігіміз қуатты, күніміз шуақты, жастарымыз намысты болсын деген тілекпен 11-класс оқушысы Ауданбаев Ердәулеттің
«Қазақ хандығының 550 жылдығына арнауымен» сайысымызды аяқтаймыз.
[bws_related_posts]