Қызылорда облысы Қызылорда қаласы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы(түзету) мектеп- интернатының тәрбиешісі Кукеева Гүлзат Мусахметқызы
Тақырыбы: «Елбасы – ел мақтанышы»
Мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру.
Ә)Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету.
Б)Тәрбиелілік: Оқушыларды өз Отанын,халқын сүйетін азамат болып өсуге,елжандыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Түзету: Ой-өрісін дамыту
Көрнекілігі: Елбасы суреті,кітап көрмесі, Н.Назарбаевтың өсиет сөздері, слайд.
Барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды ашық тәрбие сағатына дайындау
II.Кіріспе:
Армысыз құрметті қауым! « Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР 2001ж.13 желтоқсандағы Заңына 2011.14.12 өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1-ші желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп бекітіліп биыл бұл мереке—-ші рет атап өтпекпіз.
Олай болса «Елбасы –ел мақтанышы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Ел болдық,елдік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.-дегендей
Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының келешегіне айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында.
« Қазақстан» деген деген ел бар екенін паш еткен тарихымыздағы тұңғыш құжат.
Егеменді ұл болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті-Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш,көл-көсір зор оқиға, тарихтың ең үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт,асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен салихалы саясатының арқасында!
Қазақстан-егеменді ,тәуелсіз мемлекет,сондықтан оның өз әнұраны,туы,елтаңбасы бар.
Әнұраным-жан ұраным.
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Бақыт,бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикамның әнұраны
Әнұран орындалады.
Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да , халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын жастарыменен бірге айтып арман әндерін,
Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың,-деп Т.Молдағалиев атамыз жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен бастағалы отырмыз.
Слайд көрсету
1.Балалық шағы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына , бау-бақша өсіруіне көмек көрсету болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай , өсірген аз- маз өнімдерін сатып, үй – ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке болып саналған. Мектепті жақсы оқып , жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2.Жұмысшы Нұрсұлтан
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ Қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
3.Саяси өмірінің бастауы
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
4.Отбасылық жағдайы
Жұбайы-Сара Алпысқызы- Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарады. Қазақстанның бірінші ханымы.
Дариға- саясат ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары
Динара-Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады.
Әлия-бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.
5.Елбасы туралы көркем фильм
«Елбасы жолы» фильмі 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «Балалық шағымның аспаны» атауымен экранға шықты. Оны бәріміз тамашаладық. Елбасымыз бірнеше әндердің сөздерін жазған.Олар «Сарыарқа», Музарт тобының орындауындағы «Үш қоңыр», Әнұранымыз «Менің Қазақстаным»
Әдеби –музыкалық монтаж
Лаура
Бар әлемге шын танылдық міне,біз
Елін сүйген Елбасы деп білеміз
Тең аталып Қазақстан –Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз
Эля
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспанда.
Нұрдәулет
Биіктей бер, Нұр ата
Қыран қанат талмасын
Қадірлемей тұра ма?
Халық сіздей тұлғасын.
Айман
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.
Рамазан
Қиялы ұшқыр, ойлы адам
Әлемге болған аты аңыз
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман –сау жүрші атамыз!
Махаббат
Елбасымыз, саған мәңгі разымыз
Үлкен – кіші, ағайындар – бәріміз
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Алмасбек
Уәдені біз сақтаймыз
Ерігіп бос жатпаймыз
Үмітін елбасының
Шынында біз ақтаймыз
Ләйла
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жасасын тәуелсіздік алауы
Еңбек,достық,бейбітшілік, береке
Қазақстан Республикасының қалауы.
Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Хор: «Қазақстаным менің»
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз сабағымызды Еліміздің тұңғыш президенті жайында айтамыз.
Тақтаға қараңдаршы, мына суретте кім бейнеленген?
Оқушылар: Нұрсұлтан Назарбаев
Тәрбиеші:Дұрыс, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ал,балалар ол кім екенін білесіңдер ме?
Оқушылар:Ол біздің президентіміз!
Тәрбиеші:Балалар,біздің президентіміз қай қалада жұмыс атқарады?
Оқушылар: Астанада!
Тәрбиеші:Дұрыс! Астанада Ақордада. Балалар Астанада тағы не бар?
Оқушылар:Астанада Бәйтерек бар!
Тәрбиеші:Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы. Ал, балалар, сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Оқушылар: Иә,білеміз. Олар: ту,әнұран,елтаңба.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енді балалар, біздің туымызға қараңдаршы,не белгіленген?
Оқушылар:Күн,бүркіт,ою.
Тәрбиеші:Дұрыс! Ал бұл суретттер не білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Оқушылар: Көк!
Тәрбиеші:Дұрыс! Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы- күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн-100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.
Қыранның бейнесі-еліміз әрқашан биікте самғасын,биіктен көрінсін деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.
Енді балалар, Елтаңбамызға қарай қойыңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?
Оқушылар: Шаңырақ!
Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің, отбасының бейнесін білдреді. Тағы не бар?
Оқушылар: Ат бар!
Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер –азаматтың қанаты деген екен. Төбесінде жұлдызы бар. Ол-біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.
Ән: «Астана» Лаура
Би: «Қазақ биі»
«Жалғасын тап» ойыны. (мақалды жалғастыру)
1)Отан үшін күрес — ……… (ерге түйген үлес)
2)Орағың өткір болса,қарың талмайды,
…………..(Отаның берік болса, жауың алмайды)
3)Елінен безген ер болмас,
…………..(Көлінен безген қаз болмас)
4)Егілмеген жер жетім,
…………..(Елінен айырылған ер жетім)
5) Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
…………(Елінен айырылған өлгенше жылайды)
6)Туған жер – тұғырың,
……….(Туған ел- Қыдырың)
Кітап көрмесі
Нұрсұлтан Назарбаевтың өсиет сөздерімен таныстыру
Қорытынды: Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді,ақылды,өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенмізді ортаға салдық. Президент-біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз. Мақтай да аламыз.
Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ еліертегідей күн кешіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын деп ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
[bws_related_posts]