Мариям Кенжегалиева
«Білімділер сайысы»
( 3 «Б»-4 «Б» сыныптар аралығы)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру.
- Оқушылардың сөздік қорларын, молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлағын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Туған тілімізді сүюге, басқа тілдерді қадір тұтуға, туған елін, жерін құрметтеуге, жан-жақты білімділікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Түрі: Сайыс.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет
Жүргізуші:
Армысыздыр замандас, оқушы ұстаз!
Бармысыздар жан күйер, әз қауымдас.
Бүгінгі ойынымызды біз бастайық,
Ойында көңілменен қол соғайық.
Әділқазылар, әділ баға беріңдер.
Ал құрметті қонақтар!
Ортаға назар салайық.
Ойыншылар шығып келеді,
Қол соғып қарсы алайық.
(Сайысқа қатысатын оқушылармен таныстыру.)
….. Ұл-қыз сәлем береміз, (Вероника)
Өнегелі өренбіз. (Алина)
Білер қазақ баласы: ( Аня)
«Сәлем сөздің анасы» (Аделя)
Білген сайын келеді біле бергім, (Ваня)
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден — ассаң,алдыңа бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің. (Дариға)
Сайысымызды бастамас бұрын айналымдармен таныстырып өтейік.
Сайыс 5 айналымнан тұрады. Әрбір дұрыс жауап үшін жұлдыз беріледі.
1-айналым: « Кім білімді?»; 1слайд.
2-айналым: «Кім тапқыр»; 2 слайд.
3-айналым: «Логикалық тізбектер»; 3 слайд.
4-айналым: « Өнерлі топтар» 4 слайд
5-айналым: «Сөз құрастыру» 5 слайд.
1-айналым.
«Кім білімді?»
1.ҚР-ның мемлекеттік тілі қандай тіл?
2.ҚР-ның рәміздері.
- Бір жылда неше ай?
4.Біздің мектеп неше қабатты?
- ҚР-ның бас қаласы.
- Аптада неше күн бар?
- Білім күні.
8.Қ.Р –ның бас қаласы?
- Бір сағатта неше минут бар?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
2-айналым.
«Кім тапқыр?»
І «Адасқан әріптер».
Әріптердің орындары ауыстырылған бірнеше сөздер беріледі.
Сөздерді дұрыс оқу қажет.
к,е,м,п,т,е – ( )
ш,е,н,е?– ( )
н,а,т,о — ( )
М,а,л,а– ( )
к,е,н,к,ү,д,і,л – ( )
а,к,н,і,а,т,х,а,п ( )
3-айналым.
«Логикалық тізбектер»
Суреттермен жұмыс.
- Жыл мезгілдері дұрыс орналасқан ба?
4-айналым.
«Өнерпаз топтар»
Көрініс. 3-сынып «Бауырсақ»
4-сынып «Алма» ертегісі
Ән. «Дос боламыз бәріміз»
5-айналым.
«Сөз құрастыру»
Қарлығаш.
Әділқазылар алқасының бағасы.
Марапаттау.