Қарағанды облысы, Осакаровка ауданы,
Осакаровка кенті №1 орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Маждай Алма
«Малдың төлін сүюі» атты сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі (жуан айтылатын сөздер)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Малдың төлін сүюі туралы жуан айтылатын сөздер туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың түрі: Интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ – жауап, ой қозғау стратегиясы, семантикалық карта,
ізденушілік, ойыншықтар дүкені.
Көрнекілігі: Суреттер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Бөрте лақ» өлеңді жатқа айту. «Ешкі» мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айтқызу.
Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
Үй жануарларының төлдері |
39 – жаттығу Өзіндік жұмыс
- Сөйлемді мәнерлеп оқыңдар.
Ауылдардың қойы бар,
Қойы бардың тоны бар.
- Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар? Олар қалай естіледі? Жуан ба, жіңішке ме?
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады: қозы, лақ, құлын, бұзау. |
Психологиялық тренинг
Көзге елестету:
Көктем мезгілі. Күн жылынды. Қар еріп, өзенде су ағып жатыр. Өзеннен өту үшін көпір орналасқан. Бір кезде екі лақ көпірдің үстінде кездесті. Сен жол бер, жоқ сен жол бер деп ерегеседі. Сол кезде екеуі де суға құлап түсті.
40 – жаттығу. Өлеңді оқыңдар.
Ешкі маған түбітін береді, –
Қолғап кидім.
Қой маған жүнін береді, –
Қалпақ кидім.
Лақ туралы тақпақ |
Ойыншықтар дүкені.
Лақ туралы тақпақ |
Сиыр бізге не береді? |
Сиыр туралы тақпақ |
Жылқы туралы өлең |
Жылқының сүті қалай аталады? |
Түйенің сүті қалай аталады? |
Ой қозғау
Сендердің апаларың, аталарың, әкелерің, аналарың қалай еркелетеді?
Мағынаны тану
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыға баспаған қорқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «ботам!» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан – тасқа секірген шұнағым» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.
Сергіту сәті: (Қара жорға)
Пысықтау.
Оқулықпен жұмыс.
Семантикалық карта
Қоңырым
момыным |
Торпағым
қорқағым |
Боташым
тоташым |
Лағым
шұнағым |
Құлыным
жұрыным |
|
Түйе | |||||
Жылқы | |||||
Сиыр | |||||
Қой | |||||
Ешкі |
Қорытындылау.
«Енесін тап» ойыны
Ойынның мақсаты: балаларға үй жануарлары олардың пайдасы туралы түсінік беру. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері.
Ойын шарты: мұғалім балаларға үй жануарларының суреттерін таратып береді. Суретті алған бала оның төлін және оны қалай шақыратынын айтып беруі тиіс. Мысалы: сиырдың суретін алған бала оның төлі бұзау, бұзауды « мө – мө » деп шақырады дейді. Ал ешкінің суретін алған бала оның төлі лақ, лақты «шөре – шөре » деп шақырады дейді. Дұрыс қателеспей атаған балалар жеңіске жетіп мадақталады.
Үй тапсырмасы: «Малды құрметтеу» тыйым сөздер.
Оқушыларды мадақтап бағалау.
[bws_related_posts]