Басы » Tәрбие сағаттары » Егеменді елім менің

Егеменді елім менің

«Ер Төстік» балабақшасы

 Тәрбиеші: Жангожина Ш.

Армысыздар ата-аналар және әріпестер!
Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер!
Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады.

 

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын,көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі-Әнұраны!

 

Хор: Әнұран
Елу жылда ел жаңа демекші,еліміз Егеменді,Тәуелсіз ел болды.Аспанымыз ашық,еліміз тыныш болсын,-деп кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

Дана:

Тәуелсіздік таңы аты нұрланып,

Болашаққа өркендейміз шыңдалып.

Тәуелсіздік бақыт нұрын сыйлады,

Бақ жұлдызы аспанында тұр жанып.

 

Ақтоты:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп тік ұста.

Ғасырларға жалғастырып,

Дақ түсірме ата-баба арына.

 

Абылай:

Арымыздай таза күн,

Жанымыздай шуақты.

Көтерілді биікке,

Қазақстан жалауы.

 

Жүргізуші:

Жас арудың жанарында-Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында-Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында-Желтоқсан.

Жауыздықты жасқаған да-Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да-Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,н

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан.

Намысымның шырағы да-Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да-Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да-Желтоқсан,

Жаңа күннін шуағы да-Желтоқсан. Бұл күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсаны еді.

Көрініс:
-Қыздар,мен газет әкелдім.

-Не жаңалық шығыпты?

-Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты орнынан түсіріп, В.Колбин дегенді тағайындапты.

-Колбин деген кім екен?

-Қайдан келіпті?

-Колбин Ульяновтан келіпті.

-Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!

-Біз демократияны талап етеміз.

-Кәне жүріңдер,бәрі алаңға жиналып жатқан көрінеді.

-Онда не тұрыс,алаңға кетейік!

Алаңда жиналған жастар.

Кезекші:Заключенный Рысқұлбеков на допрос.

Тергеуші:- Кіріңіздер!

— Рысқұлбеков ойланып келдің бе?

Мир мен Сәтбаев көшелерінде  жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол жерге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші:- Савицкийді өлтірген сен бе?
Қайрат:- Жоқ мен емес.
Тергеуші:- Сен өлтірген,мойында.
Қайрат:- Жоқ мен емес,бұл жала.
Тергеуші:- Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті,мойында!
Қайрат:- Олай болса мені сол адаммен бетестір,бұл өтірік,жала.Мен ешкіді  өлтірген жоқпын.
Тергеуші:-Ой, ақымақ! Атыңдар, көзін құртыңдар! (Қайратты ұрып-соға бастайды)
Қайрат:-Тоқта!Айтар сөзім бар.

Күнадан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар
Еркек тоқты құрбандық
Атамын десең атыңдар!
Тергеуші:Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.
Тергеуші:-Л.Асанованы да алып кетіңдер.
Ләззат:-Енді бұғаудан босатыңдар
Әділдік жоқ маңайда
Тұман басты бұл елді
Біз қазақпыз, қазақпыз
Өмір керек азапсыз
Ел боламыз егемен
Сонда ғана азатпыз
Ән: Желтоқсан желі.

Жүргізуші:
Қазақстанда Тәуелсіздік үшін жастар қозғалысы 1986 жылы 17 желтоқсанда болды. Қайрат Рысқұлов, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанова, Ләззат Асанова сияқты батырлар болмаса ел азаттығы үшін үлкен ерлік жасамаса ел азаттығын алар ма еді. Міне мен –қазақпын деп еркін айтуға қол жеткізген Тәуелсіздігіміз.Егемен елдің бүлдіршіндері аман болын деп  кезекті балалрдың тақпақтарына берейік.

Айару

Қақап күннің ызғары,

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын,

ОМОН-дар бастан тепкен күн.

Ерасыл

16-шы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Асылан

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,

Бізге оны ешкім аяп бермейді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ляззат,Ерболдың,

Тас көшеде тас талқан боп өлгені.

О.Нұрасыл

Тұрса да биік өр басың,

Қазаққа бақыт орнасын.

86-шы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Әмина:

Туган елім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Хор: «16-шы желтоқсан»

Әр уақытта да бейбітшілік болсын деп кезекті биге береміз.

 

Би «Жаса,Қазақстан»

Кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

Фатима:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігіміз өз қолында,

Еркіндігім -Елтаңбам!

Қ.Нұрасыл

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты өнегесі,еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

Маржан

Таң арайлап атады,

Күн күлімдеп батады.

Шаша берсін шапағын,

Тәуелсіздік шуағы.

Нұрсәт

Тәуелсіздік-достығымыз,

Ынтымағы жарасқан.

Тәуелсіздік-ел бірлігі,

Асқақ арман таласқан.

Тимур:Ән-жыр болып төгілді,

Жұлдыз болып көрінді.

Ерліктері өшпейді,

Батырлары елімнің.

Ізғали Дананың орындауында «Тәуелсіз елдің ұланы» әні.

 

Жүргізуші: Еркіндікті сүйетін,

Егемен елдің ұл-қызы.

Биден шашу шашады.

Би «Біздің жігіттер»

Балалардың тақпақтарына кезек береміз.

Балнұр: Адамзатқа дүниеде

Өмір ау десем ең қымбат

Дархан бірлік мекенім

Бәрінен,Отаным-Қазақстан қымбат!

Жансаят:Тәуелсіздік-таң нұрысың арайлы,

Бабалардың арманысыңі талайғы.

Ғасырлардың құшағында ер жеттің,

Халқым сені өз бақыты санайды.

Көркем:Ата-бабам қанымен келген бізге,

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме.

Қорғап сені өтемін өле-өлгенше,

Мақтанамын әлемге Мен азатпын.

Бекзат:Қазақстан киелім,

Қияға ұшар қыраның.

Еркіндікті сүйемін,

Мен тәуелсіз ұланмын.

Дильяра: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,

Асыл елім жан жүректі ұғысқан.

Ата-бабам аңап өскен бақытын,

Айналайын,Қазақстан-Гүлістан.

Әзберген Диас пен Тлекбай Манастың орындауында «Батырлары елімнің» әнін тамашаланыздар.


Жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату — тәтті халқымызға бақ қонып,
Кетпесін туған жердің берекесі-дей отырып балабақшамыздың тәрбиешісі Балтабаева Ақмаралдың орындауында «Қазақ елі» әнін қабыл алыныздар.

Жүргізуші:Баршаңызды ұлық мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға береке,бірлік тілейміз.

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *