«Ер Төстік» балабақшасы
Тәрбиеші: Жангожина Ш.
Тақырыбы: Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз!
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,сөйлеу қабілеттерін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Көрнекәләктер: таудың макеті,слайд
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,көркем әдебиет.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | -Балалар,бүгін бізде ерекше күн . Бізге көптеген қонақтар келіпті. –Кәнеки,балалар,ізеттілік танытып келген қонақтармен амандасып алайық. –Тамаша,жарайсыңдар балалар! -Ал,енді шаттық шеңберін орындайық.
Жарайсыңдар,балалар!Орындарыңа жайғаса қойыңдар. |
Амандасу «Ер Төстік» атты бақшаның, Тәрбиелі баласымыз. Алдыменен қонақпен, Амандасып аламыз. –Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбері Біздің күлкіміз көңілді, Жеткізсін жылу мен шаттықты. Бөліскен жақсы ғой өмірде, Қуаныш,мейірім,бақытты. |
Іздену,ұйымдастырушы | -Балалар,бүгінгі күнді ерекше деп есептеп,оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын «Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз»,-деп алайық.
-Ендеше,соғып тұрған жүрегіміз қайсы? -Кәнеки,кім айтады,жүрегіміз қалай соғады екен? -Балнұр ,сенің жүрегің қалай соғады? -Нұрсәт сенің ше? -Жасұланның жүрегі не деп соғады екен? -Жарайсыңдар,балалар. Ал,менің жүрегім де Отан,елім,жерім,ұлтым,ана тілім деп соғады. -Отан деп,ел деп айтып жатырмыз,осы еліміздің рәміздеріне нелер жатады,кім айтады?
(слайдтан көрсету) -Ендеше балалар,Отан деп соққан жүректеріңді ұстап,ән ұран орындайық. -Жақсы,тамаша орындадыңдар. Туған елім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім,менде бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін!-деп ақын Әбділда Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі,құдіреті екен. Тіл біздің тұтастығымыз.Әр адам өз ана тілін қорғауға тиіс.Біздің ана тіліміз өте бай, таза тіл екен. -Балалар,сендер білесіңдер ме,біз қай елде тұрамыз? -Біздің ұлтымыз кім? -Қай тілде сөйлейміз? -Олай болса кім маған тіл туралы өлең оқып береді? -Кәнеки Дана,айта ғой.
-Тағы кім айтады,кәне Бекзат айта ғой.
-Жарайсыңдар,өз ана тіліміз туралы жақсы өлең оқи алады екенсіңдер. -Осы кезде Ертөстік келеді. Ертөстік: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді,танисыңдар ма? Тәрбиеші:-Не себепті келді екен,сұрап көрелік. Ертөстік:Балалар мен сендерден көмек сұрағалы келдім.Менің ағаларымды тауда тұратын Тасбол деген жауыз сиқырлап қойды,не істерімді білмей тұрмын.Қайтсем ағаларымды құтқарамын,балалар? -Осы кезде тау арасынан Тасбол шығады. Тасбол: Мен сиқыршы Тасболмын.Ертөстік мен сенің ағаларыңды сиқырлап тастадым.Сен балалардан көмек сұрап жүр екенсің ғой?!Олай болоса тапсырмаңды қиындатайын.ха-ха-ха!!! Тәрбиеші:Балалар енді не істейміз,Ертөстіктің ағаларын Тасболдың сиқырынан құтқарамыз ба? Ендеше,балалар Тасбол Ертөстікке қандай тапсырма беретінін тыңдайық. Тапсырманы орындамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.Шынығып ширақ болып тапсырманы дұрыс орындаймыз. Сергіту сәті
-Бойымызды сергітіп алдық,енді Тасболдың тапсырмаларын орындайық. 1-тапсырма: Қазақта атақты ақын-жыраулар мен билер көп болған.Атақты үш бидің тіл туралы айтқан сөзі қандай? Тәрбиеші:-Халқымыз қашанда тіл өнеріне,шешендікке зор мән берген.Кәне,кім айтады үш биіміздің сөзін?
-Жарайсыңдар,енді Тасболдың 2-ші тапсырмасын тыңдап көрелік. 2-тапсырма:Мақал-мәтел мен жаңылытпаш айта аласыңдар ма?
-Дұрыс айтасыңдар,жарайсың-дар! Енді 3-тапсырмасына назар аударайық. 3-тапсырма:Қазақ халқын тілге,өнерге бай дейді. Қандай өнер түрін көрсете аласыңдар? -Балалар,шындығында да біздің тіліміз бай,өнеріміз көп. Сондай өнердің бірі айтыс өнері.Кәне, кім айтысып көреді?
-Өте тамаша,жарайсыңдар балалар. Енді Тасболдың 4-тапсырмасын тыңдалық. 4-тапсырма.Жұмбақтың шешуін тауып,қағаз бетіне бейнелеп беріңдер. Жұмбақ. Ұзын мойын,екі ішек Қатар-қатар тепкішек Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?
-Дұрыс таптыңдар,енді осы домбыраны қағаз бетіне бейнелейміз.
Шығармашылық жұмыс: -Домбыраны ермексаз бен соктүйіршігін пайдалана отырып орындатады.
|
Балалар жүректерін көрсетеді.
Балнұр: -Менің жүрегім «Отан»-деп соғады.
Нұрсәт:-Менің жүрегім «Елім» деп соғады. Жасұлан:-Менің жүрегім «Тілім»-деп соғады.
Еліміздің рәміздеріне Ту,Елтаңба,Әнұран жатады.
Барлығы бірге Әнұран орындайды.
Қазақ елінде.
Ұлтымыз қазақ. Қазақ тілінде сойлейміз.
Дана: Тілім барда мақтанам, Тілім менің аппақ ән. Бірлігімді бүгінгі, Ана тілім сақтаған.
Бекзат: Ақыл-ойын дананың, Ана тілден аламын. Ана тілі ардақты, Ақ сүтіндей ананың.
Балнұр: Қазақстан халқының, Қазақ тілі тірегі. Ана тілде айтылар, Әнұраны жүрегі.
-Сәлеметсіз бе! -Иә, «Ертөстік» ертегісіндегі Ертөстік батыр.
Ертөстікті тыңдайды.
Таңырқай қарайды.
-Иа,құтқарамыз.
Барлығы бірге сергіту орындайды.
Диас-Төле бидің сөзі: Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық. Өсер бабаң,байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Манас-Қазыбек бидің сөзі: Жетер енді әркімге бір ермейік, Қазақ болсаң құлашты бір сермейік. Қанға сіңген ана тілін халқым-ау, Шұбарлауға ешкімге жол бермейік.
Нұрасыл-Әйтеке бидің сөзі Қазақ,қазақ болғалы, Тіл үшін күрес көргені. Көргені көп тілімнің, Мүмкін емес өлмегі.
Жансаят: Тілі байдың-елі бай. Маржан: Тіл-көңілдің кілті. Фатима: Ынтымақты ел-сарқылмас көл. Асылан: Ибалы-инабатты. Игі ісінде-ибадатты. Айару: Ана тілің-асылың,оны білмеген-масылың.
Айтыс: Бала . Ал бастайық айтысты, Жібермейік намысты Жеңіліп қап қара қыз, Тастап кетпе сен мені.
Қыз: Мен өзіңді қаладым, Айтысуға шақырып. Көзіңнен мен көремін, Қаласың ғой жеңіліп.
Бала: Қонақтарды алдымен, Қояйықшы құттықтап. Бүгінгі күн мереке, Арналады сіздерге.
Қыз: Жақсы болса тәртібің, Білімді боп өсесің. Ата-анаңды қуантып, Арманыңа жетесің.
Екеуі бірге: Еркем,еркем,еркем-ай, Еркелеген еркем-ай. Бүгін болған мерекең, Болсын тағы ертең-ай.
Жұмбақтың жауабы –Домбыра.
Барлығы бірге домбыра жасайды.
. |
Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқандай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
|
Балалар: Қол ұстасып тұрайық,
|
Күтілетін нәтиеже:
Біледі: Ана тілде сөйлеуді,тілді қадірлеуді.
Меңгереді: Тапсырмаларды орындауды. Отанын,ана-тілін сүюді.
[bws_related_posts]