Басы » Бастауыш сыныптар » Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен(Т.Молдағалиев)

Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен(Т.Молдағалиев)

 

Қарағанды облысы, Жезқазған каласы, Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің

жоғары деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Козыбаева Гульнур Жумабековна

«Оқу шаттығы» жобасы аясында ұйымдастырылған апталықта 2В сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен өткен ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Тақырыбы: Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен(Т.Молдағалиев).

ІІ. Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға, және өз алдына оқып сыни пікір айтуға дағдыландыру мақсатында жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіздік алғалы 24 жыл ішінде жеткен табыстармен, жаңа технологиялардың арқасында пайда болған білімдерін нығайту. Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу.

ІІІ. Міндеттер:

  • тәуелсіздік туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • желтоқсан құрбандарының тәуелсіздікке байланысы барын аңғарту;
  • Жас ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық жұмыстарға тапсырмалар беру;
  • Мектептегі оқыту мен тәрбие барысында күнделікті өмірден алынған ситуацияларды шешу, олардың оң -теріс нәтижесін талқылау.

ІV. Қолданылатын ресурстар: А- 3 парақтары/смайлик/, стикер, интерактивті тақта, маркер, бағалау парақтары/бағдаршам/,сюжетті суреттер, үлестрмелі материалдар,  электронды мультимедиялық кешен, презентация, бейне материал.

  1. Формасы:Интеллектуалдық-танымдық сабақ.

VІ. Әдістері:АКТ, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары/ой қозғау, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс, кері байланыс, «Екі жақты күнделік», «Кубизм», «Соңғы сөзді мен айтамын», өзін-өзі бағалау/.

VІІ. Функционалдық сауаттылық: әр кезеңде өмірмен байланыстырылады.

ІХ. Ақпарат көздері: Ғаламтор жүйесі/Bilimdiler.rz/sabaqtar.kz/, журналдар («Бастауыш сынып», «Тәрбие сағаты»)

Х. Жоспар құруда қолданылған сөздер саны: 905

кезең Тәрбие сағатының кезеңдері Әрекет мазмұны Күтілетін нәтиже Сынып жетекші әрекеті Сынып оқушыларының әрекеті
1 кіріспе Ұйымдастыру кезеңі Амандасу.

Шаттық шеңбері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу.

Сынып ұйымдастырылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтасады

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Көңіл-күйіміз қалай?

 

 

Шаттық шеңберіне тұрғызып, Әдетте біз сабағымызды ақ тілекпен немесе ұранмен бастайтынбыз, иә? Олай болса бүгінгі сабағымызды да ұранмен бастайық.

 

 

Тәуелсіздікке байланысты суреттер қимасы бойынша бөлу.

-Ту.(Нұрлы жол)

-Жаңа ғимараттар(Болашақ)

-Мәңгілік ел манументі.(Мәңгілік ел)

-Қане, топтарыңнын аттарын мен ұрандарыңды оқып жіберіңдерші!

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Ізетпенен баршаға,

Бас иеміз біз!

Оқушылар шаттық шеңберіне шығып амандасып, ұран айтады.

«Уақытты босқа кетірме,

Күшінді жұмса білімге

Оқы, ізден, жалықпа…

Сәттілік бізбен бірге!»

Суреттерді алып топқа бөлінеді.

 

Нұрлы жол! Болашақ!

Мәңгілік ел!

 

 

2 Өткен сабақтағы білімін бекіту «Миға шабуыл» стратегиясы. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін қортындылайды. Білімалушылар сұрақтарға жауап береді Әр топттың қима суреттерінің артына сұрақ беріледі.

1-топ «Нұрлы жол» Зейнолла Шүкіров деген кім? Қандай өлеңімен таныстыңдар? (1927 ж. Қызылорда обл. Арал ауылында туған жазушы, Ақша қар өлеңімен таныстық)

2-топ «Болашақ» Ақша қар өлеңін айтып беріңдер. Ақын ақша қарды неге теңейді сызба арқылы көрсет.

ақ мамық

ақ қанат

Ақша қар                      ақ тауық

ақ жібек

ақ желек

3-топ «Мәңгілік ел» суретпен жұмыс

-Қандай қар жауыпты?

-Тау-тас, сай- сала не жамылған?

-Ауыл қанжай?

-Сурет бойынша өз ойын.

(Формальды бағалау отшашу)

А -4 қағазы, маркерлер (постер қорғайды)
3 Тақырып бойынша қызығушылықты ояту кезеңі 1) Ой қозғау.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушылар сұрақтарға тиянақты жауап береді. Қызығушылықты ояту мақсатындағы ой қозғау сұрақтарын қояды.

 

1) Біз қандай мемлекетпіз?

 

2) Біз тәуелсіздігімізді қашан алдық?

3) Бұрынғы заман мен қазіргі заманда айырмашылықтар бар ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4) Білім-ғылым саласында қандай айырмашылықтар бар?

 

 

 

 

Мұғалім үнемі формативті бағалауды қолданып отырады.

Білім алушылар өз деңгейлерінде сұраққа жауап береді.

1) Біз егеменді тәуелсіз елміз.

 

2) 1991 жылы 16 желтоқсанда

3)Бар, бұрын хат жазса ол тез жетпейтін. Ауылда тұрған ата-әжелерімізбен хабар алысу, телефон шалу өте қиын болған екен. Ал, қазір ұялы телефондар ойлап табылғаннан бері алыстағы ағайынмен араласып тұру оңай болды.

-Бұрын дүкендерде азық- түліктер, киім-кешектер алу қиын болған болса. Ал, қазіргі заманда қалағаныңды таңдап ала аласың.

 

4) Ертеректе балаларды молдалар оқытқан, оларда көп оқулық болмаған, қазір оқушыларды мектепте мұғалімдер оқытады, көптеген оқулықтар бар.

 

4 негізгі бөлім Мағынаны тану

/мақсат/

Бұл кезенде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1)Топпен жұмыс.

Жаңа ақпаратты меңгереді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушылар топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

-Өте жақсы оқушылар! Олай болса қазіргі заманымыздың дамып жатқанын байқадық, солай ма?!

-Ендеше бүгінгі күнгі дамуға қалай жеттік, қашан жеттік оны бүгінгі тақырыбымызда айқындаймыз. Біздің тақырыбымыз «Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен».(Т. Молдағалиев)

Мақсатымыз тәуелсіздік жайлы мағұлматтар алып, білетінімізді жаңғырту. Әуелі автор жаулы білгеніміз жөн. (схема)

— Тұманбай Молдағалиев кім?

-Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ 1986 жылы Алматы қаласында жастар көтерілісі болды.

(бейне материал ұсыну)

 

Байқағандарыңыздай талай аға- апларымыз тәуелсіздік алу үшін күрескен екен.

-Ендігі кезекте балалар мен сіздерге, яғни әр топқа бейне баян желісі бойынша сұрақтар ұсынамын, сіздер оған талдау жасайсыздар. Топпен талқылап қорғайсыңдар!

1- топ

Тәуелсіздік таңы үшін кімдер күрескен?

2-топ

Оларға мінездеме беріңіз.

3-топ

Күрес қай жерде, қай жылы, нәтижесін қандай?

(Формальды бағалау бағдаршам)

Оқушылар суреттерге схемаларға, бейне материалға қарап мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушылар топпен талқылап   ауызша  қорғайды.

5 Тақырыптық ақпаратты сұрыптау кезеңі

/тану кезеңі/

«Екі жақты күнделік» стартегиясы арқылы оқушының өз көзқарасын білдіруге, ойын ашық айта алуға талпындыратын әдістің бірі болып табылады. Білім алушылар мәтін мазмұнымен танысады. Өте жақсы! Тамаша!

Тақырыпты талдау үшін мына мәтінмен жұмыс жасаймыз. «Он алтыншы желтоқсан», «Қайраттың жазу дәптерінен» оқулықтарыңыздың 97 беті.

— Қайрат жайлы өз ойын

Оқушылар мәтінді оқып шығады.

 

 

 

 

Өзіндік көзқарасын білдіреді.

6 Өздігінен мәтінмен жұмыс жасауды ұйымдастыру кезеңі 1) «Кубизм» әдісінде кубиктің 6 қырына сай жасалған тапсырмалар (яғни зерттеңіз, суреттеңіз, салыстырыңыз, қолданыңыз, бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестеді? Талда, қорған, қарсы шық) арқылы оқушыға жаңа білім мазмұнын игертуге болады. Білім алушылар мәтінді талдауды игереді. 1)Мәтін мен өлеңнін авторы кім?(Т.Молдағалиев)

2)Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады? Бұл күн қандай мереке?

3)Мәтін кім туралы?(Қ.Рысқұлбеков)

4)Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?

5)Қайрат Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ?

6) Ісіне, сөзіне қарап Қайрат Рысқұлбековті сипаттап айт.

(Формальды бағалау бас бармақ)

Білім алушылар кубиктің 6 қыры бойынша сұрақтарға жауап береді.
7 қорытынды Тақырыпты оқушылар арасында қорытындылау «Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы Өз ойларын айтуға дағдыланады. Тақырыпты қорытындылау үшін «Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясын қолданамыз. Мен болашағымыз нұрлы мәңгілік ел боламыз деп түйіндеймін.

-Ал сендер ше?!

Білім алушылар ойларын ортаға салады.

(Мемлекетіміз дамуда. Адамдар түрлі ғылымдарды игеруде. Әр түрлі қызықты заттарды ойлап табуда. Елбасымыз тәуелсіздігіміз мәңгі болу үшін еңбек етуде. Достығымыз жарасқан елміз.

8 Рефлексия

/оқушы үні/

1. Кері байланыс.
 

2. Бағалау.

Пікірлерін айтады

 

Өзін-өзі бағалау жүзеге асады

Мұғалім смайликтерді ұсынады.

 

 

 

От шашу бағалау түрін көрсетеді.      ( үнімен, суреті)

Ұнамды/Ұнамсыз кері байланыс қағазына стикер жабыстырады.

Бағалауды көрсетеді.

Әзірлеген: Г.Ж.Козыбаева

А6 А7 А5

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *