Басы » Бастауыш сыныптар » Шыншылдық — адамдықтың белгісі

Шыншылдық — адамдықтың белгісі

шыншылдыкСолтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Амандық ауылы

«Амандық орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Кабдушева Алмагуль Сайранбекқызы

Тақырып: Шыншылдық — адамдықтың белгісі.

Құндылық: «Ақиқат»

Қасиеттер: Шыншылдық, адалдық, адамгершілік.

Сабақ мақсаты:

 Шындық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі маңыздылығын ашу.

Міндеттері:

 Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету

 Өзара адал қарым — қатынас жасау іскерліктерін дамыту

 Шыншыл, адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:,ватман қағазы,маркерлер

С.А.Назарбаеваның суреті, үлестірме қағаздар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, Алақай!

Қуанатын күн келді

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Шыншыл болсаң қол жетпес,

Шыңда өскен шынарсың

Адал болсаң аңқылдақ,

Ізгілікке құмарсың

               

 
2.Үй тапсырмасын тексеру:  Түлкі мен ешкі ертегісінің мазмұныны сұрау  
Оқушыларды топқа бөлу

3.Дәйексөз

                  «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді»

Дәйек сөздің мағынасын оқушылардан сұрау                                                        

Шындық неге жеткізеді? Ал өтірік ше? Мысал келтір.

ІШыншылдық дегенді қалай түсінесіңдер?

 Шыншыл адам қандай болады?

Шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың  жауаптары тыңдалып, түйінделеді.

— Жарайсыңдар, балалар! Өте дұрыс айтасыңдар! Жақсы бала әдепті, сыпайы, қамқор, қайырымды, жауапкершілікті болады. Сондай жақсы қасиеттердің бірі — шыншыл болу, өтірік айтпау.

— Өтірік айтып ұятқа қалғанша, шындықты айтып қатеңді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет адамдықтың белгісі. Халықтың «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді» деген даналығынан, шыншыл адамның ары таза, жүзі жарқын болып, қуанышқа бөленіп, бақытқа кенелетінін түсінуге болады. Тіпті шындықты айтудың өзі адамға жақсылық жасауды білдіреді.

Дәптермен жұмыс

Дәйек сөзді дәптерге жазғызамын

 
4.Әңгімелеу

Халық ертегісі: \мұғалімнің сыйлығы\

Бүркіт пен сұңқар

Бір күні бүркіт өзіне сенімді, адал, шыншыл дос іздеп, әлемге хабар беріпті. Құстар жиналып, бүркіттің алдына келіпті. Сонда бүркіт:

-Кімнің қандай қасиеті бар?-деп сұрапты.

Бірінші болып қаз сөйлеген екен:

-Мен суда да жүземін, жер де жүремін ұша да білемін, -депті

Жапалақ ортаға шығып:

-Менен басқа құстар түнде ұшып көрген еес,- деп мақтаныпты.

Құстардың көбі осылай өзін –өзі мақтаған екен.

Сонда бүркіт алыстау тұрған сұңқардан:

-Сен неге үндемейсің? Сенің қандай қасиетің бар?-деп сұрапты.

Сұңқааааааар: -Менің үндемей тұрған себебім, өзімде түрлі қасиет те жоқ, бір ғана қасиетім бар. Ол өзіңіз сияқта шармамай ұшу,-депті

Бүркіт:

-Бір басыңа осы қасиет те жетеді. Маған сен ғана дос бола аласың. Асырмай, тек шындықты айттың ғой, -депті.

Содан бері биікте бүркіт пен сұңқар ғана самғайтын болыпты.

Сұрақтар:

— Бүркіт әлемге қандай хабар берді?

— Оған қаз не деді?

— Жапалақ не деді?

— Сұңқар неге үндемеді?

-Ал, сендер бүркіттің орнында болсаңдар қайсымен дос болар едіңдер?

Жаңа ақпарат:Сабақтың тақырыбына сәйкес  оқушылардың білімдерін арттыру мақсатында Шындық елінен Данышпан ата  қонаққа келеді.

Тапсырма: Екі топтан екі оқушыны шығарып,  өздеріңнің адал, шыншыл достарың жайлы айтып беріңдер деген тапсырма беріледі.

 
5.Шығармашылық жұмыс:

Топпен жұмыс

I топ  Шыншыл бала туралы

ІІ топ Өтіркші бала туралы кластер толтырады

І топ Суретпен жұмыс

II топ «Шындық» деген сөздер беріп әр әріпке байланысты сөздер

құрастыру тапсырылады.

Мысалы: Ш шана, Ы ыдыс т. с. С

Ыстық орындық

Оқушылар сұрақ дайындайды

 
6.Топпен ән айту

                                    Ата ақылы

Шындық деген –ар-ұят          Айтпа, жаным, өтірік,

Әділдік пен адалдық               Болам десең үлгілі

Бол ісіңе мұқият,                      Мәпелеген өсіріп,

Қалсын десең жамандық        Сен де еліңнің бір гүлі

                                        Қайырмасы

                                   Еңбекшіл осындай,

                                   Болайықшы досым ай

 
7.Үй тапсырмасы Дәптердегі мақал-мәтелді жаттап келу  
8.Тыныштық сәті  Шындық оты біздің де жүрегімізде лаулап тұр

Білім беру саласындағы бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, Еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім жобасын» ұсынды. Сол  С.А. Назарбаева ақпаның екісі күні 71жасқа толды. Ендеше сабағымыздың соңғы бөлімін сол кісінің туған күніне арнайық.

 

Ақсауле:       Жұдырықтай жүрегіміз

                        Қуаныштан шаттанып,

                        Жыр арнадық ана сізге

                        Бар ғаламға мақтанып.

 

Мерей:           Сіз бастаған жүрек жолы            

                        Өзін-өзі таныған

                        Бөбектерің қанат жайып

                        Жаңа өмірге қол созған.

 

Айдана:         Құттықтаймын Сара апай!

                        Ең қымбатты күніңізбен.

                        Тілейміз біз шын жүректен

                        Бақыт нұрлы ұзақ өмір.

 

Назира:                     Жарайсыңдар, балалар! Балалар, Сара апайымыз біздің бақытқа, қуанышқа, шаттыққа кенеліп, бақытты өмір сүруіміз үшін қосқан үлесі зор. Ендеше, Сара апайға деген сый құрметіміз ретінде ұлдар биін қарсы алыңыздар.

Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар.

 
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *