Басы » Tәрбие сағаттары » Адамгершілік- рухани құндылық

Адамгершілік- рухани құндылық

Атырау облысы
Исатай ауданы, Аққыстау селосы
Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектеп
Ағылшын тілі пәні мұғалімі, тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі
Бекболат Аругүл Бекболатқызы

 

Workshop тақырыбы: «

 

 

Уақыт

бөлінісі

Жасалынатын  жұмыс барысы Күтілетін нәтиже

 

Ресурс
 

5 мин

 

 

 

 

Workshop мақсатын түсіндіру

Жүргізуші сынып оқушыларына жұмыстың мақсатын түсіндіріп өтеді, оқушылар гүлдер бойынша топқа бөлінеді. 3 топқа бөлінген оқушылардан  Workshop деген сөздің мағынасын ашуға шақырады

 

Үйге берілген тапсырма бойынша Workshop сөзінің мағынасын ашады

 

Кілтті сөздер жазылған түрлі-түсті карточкалар

 

10 мин

 

 

 

 

 

               Ситуациялық сұрақтар

Бейнесюжетті тыңдап, ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.  1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

 

Оқушылар еркін сөйлесіп, өз ойларын жеткізеді.

 

Қалам, қағаз

 

 

20 мин

“Үлкен картина”-1ші бөлімі

Жүргізуші салынғалы жатырған картинаның мағыналы болуы үшін, ең алдымен олар танысуы керек; екіншіден  қолайлы  атмосфера туғызу үшін оқушылар үлкен флипчартты айнала суретті акварельді бояумен салады. Сурет салынып жатырған кезде оқушылар бір-бірімен пікір алмасады.

— 3 топқа 3 мақал беріліп, оқушылар сол мақалдарды суретпен суреттейді. Сурет салу  барысында бір- бірімен әңгімелеседі.

-Әрбір оқушы  пікірлескен соң көршісімен орын алмасады да сурет салуды жалғастыра береді. Осылай сағат тілімен айнала орын ауыстыра отырып мақал туралы ойларын суретке түсіреді.

1. Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

2. Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.

3. Жақсылық еккен алғыс орады.

 

 

Креативті жұмыс жасалу үшін  топта  қолайлы, жылы атмосфера орнайды. Бір-бірімен жақын араласып, оқушылар еркін жұмыс жасайды

 

 

3 флипчарт,

6 қорап акварельді бояу, 6 су құйылған стакан және әрбір оқушыға арналған кисточкалар

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

              «Мен қандаймын» ойыны

Әр оқушы алдарындағы гулге өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін жазып, тақтадағы гүл сабақтарына апарып әр топ өз гүлдерін құрастырады.

 

 

Нәтижесінде бүкіл сынып жақсы қасиеттері бар гүл топтарына айналады.

 

 

Гүлдер, түрлі- түсті қаламдар немесе пломастерлер, скоч, магнит

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың аяқталуы

“Үлкен картина”-2ші бөлімі

Кепкен акварельді бояумен салынған суреттерді 3 топ бір- біріне алмастырып беріп, сол мақалдың шешуін табады. Сонымен қатар оқушыларға түрлі-түсті қатты қағаздар беріледі. Қатысушылар әдемілеп рамка жасап алып, салынған суреттің өзіне ұнаған жерін белгілеп, қиып алады. Сурет сыртына өздерінің есімдерін, сурет салынған күнді белгілейді. Қиылған суретке раманы желімдейді.

Сурет бойынша ойларын ортаға салады.

 

Қатысушылар бір  сәт сергуге мүмкіндік алады. Пайда болған картиналар әрбір қатысушының бір- біріне арнаған керемет сыйлығы болады. Бүгінгі workshopтан естелік болады.

 

 

Сурет рамасын арналған түрлі-түсті қатты қағаздар, қайшы, желім, маркерлер

 

  5 мин Workshopтың аяқталуы

Жүргізуші қатысушыларға алғыс білдіре отырып, қорытындылайды.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *