Индира Акимжанова
Сабақтың тақырыбы: Аңдар мен малдар немесе сүтқоректілер
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды сүтқоректілер тобына жататын жануарлардың ережелерімен таныстыру.
Білімділік:Оқушылар жануарлардың топтарға қатынасын анықтауды үйренеді;
Дамытушылық Оқушылар топта жұмыс жасауды үйрету;
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау,есте сақтау, қабілеттері,зейіні ой- өрісі, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ТРИЗ технологиясының әдістері. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру .Топқа бөліп отырғызу:
Психологиялық дайындық: Табиғатым тамаша
Жүрейікші жараса
Сәлем саған жер ана
Сәлем саған нұрлы күн
Аман-есен болайық
Бейбітшілік құрайық.
Топ жетекшілерін сайлау. Бақылау парағын беру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Сұрақ-жауап
-Табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге)
-Өлі табиғатқа нелер жатады? (тау,тас,су,топырақ,т.б.)
— Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдіктер)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабағымыздан ерекшелігі ойын сабақ болмақ. Қысқаша мәлімет айту.
Жануарлар- тірі табиғаттың маңызды бір бөлігі. Олар өсімдіктер өсетін жерлерді мекендейді.
Жануарлардың тобы : 1топ- Жабайы аңдар, 2топ- Үй жануарлары. Жабайы аңдарға жататындар: қасқыр, аю, түлкі, жолбарыс,арыстан, қоян. Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етуге бейімделген. Оның себебін өзің еске түсіріп көр.Себебі: олар өздігінен тіршілік етеді.
Ал малдарға:Сиыр, қасқыр, жылқы, ешкі, қой. Малдар адам қолда бағып өсіреді. Жабайы аңдар мен малдар төлдерін емгізіп, сүтпен қоректендіреді. Сондықтан оларды «Сүтқоректі жануарлар» деп атайды. Жойылып бара жатқан жануарларды қызыл кітапқа тіркен қояды. Себебі ол жануарлар мүлдем жойылып кетпесін деп сол қызыл кітапқа кіргізіп қояды.
І. «Анаграмма» шешеміз: 1топ (Түлкі,ешкі,жылқы,қоян)
2топ(Сиыр, қой,қасқыр, аю)
3топ(Түйе,жолбарыс, түлкі,арыстан)
ІІ. «Ой толғау» ойыны: 1топ-Малдар
2топ-Аңдар
3топ-Сүтқоректілер
ІІІ.Сергіту сәті:Кі-Кі бұлғандайды түлкі
Ян-Ян секіреді қоян
Ю-Ю қолбандайды аю
Ыр-ыр ырылдайды қасқыр.
- «Кім жылдам» ойыны.
1топ-Малдардың пайдасы қандай?
2топ-Аңдардың пайдасы мен зияны қандай?
3топ-Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады?
- Оқулықпан жұмыс: 1.Қысқаша түсіндіру.
2.Тізбектей оқыту.
VII.Дәптермен жұмыс: Тақтадан аңдар мен малдардың суреттері шығады соларды екіге бөліп жазып шығу.
VII.Бекіту. «Сәйкестендіру» ойыны.Осы жануарлардың өз төлдерін тауып қасына апару.оған жалпы сипаттама беріп кету.
- Қорыту.Сұрақ-жауап. Жабайы аңдар да, үй жануарлары да өмірге өз төлдерін әкеледі, сүтпен қоректендіреді, есейгенше қорғаны болады. Олардың қайсысының өмірі жеңілірек деп ойлайсың? Әлде бәрі бірдей ме?
X.Бағалау. Бағалау парағы бойынша.
Смайликтарды көрсету.
XI.Үй тапсырмасы: 61 тапсырма мазмұндау.