Басы » Бастауыш сыныптар » Тұрлаулы мүшелер (қайталау)

Тұрлаулы мүшелер (қайталау)

Пәні:Қазақ тілі

Тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер (қайталау)

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға  тұрлаулы мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға  мүмкіндік туғызу;

2.оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жарыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік,  сұрақ-жауап,  талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері:   тірек сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық даярлық.

Білім теріп, бейнетінен қашпаймыз,

Оқу жылын бестікпенен бастаймыз.

  Жыл бойына жақсы оқимыз біз сонда,

                                      Білімменен достасамыз жастай біз.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру: 

ІІІ.  Мақсат қою кезеңі:  Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Күн ретін жазу.Көркем жазу.

Сайыс бөлімдері:

                                І. “Білімді мыңды жығар”

                                ІІ. “Сен білесің бе?”

                                ІІІ. “Кім жылдам?” 

  1. “Ойлан, тап”

І. “Білімді мыңды жығар”

“Алғырлар” тобы

1.Сөйлем деген не?

Аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң(.), (?), (!) қойылады.

2.Хабарлы сөйлем деген не?

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен

айтылған сөйлем. (.)

3.Сұраулы сөйлем деген не?

Жауап алу мақсатымен айтылған

сөйлем.(?)

“Тапқырлар” тобы

1.Сөйлем мүшелері?

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап

Беріп тұрған толық мағыналы сөздерді

2.Бастауыш деген не?

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді.

Кім?Не?Кімдер?Нелер? Кімі?Несі?

3.Баяндауыш деген не?

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді.

Не істеді? Неғылды? Қайтты?

 

 

 

 

ІІ. “Сен білесің бе?”

10  10  10

20  20  20

30  30  30

10.Тұрлаулы мүше деген не?

10.Тұрлаусыз мүше деген не?

10.Зат есім деген не?

20.Етістік деген не?

20.Сан есім нешеге бөлінеді?

20.Сурет бойынша әнгіме құра?

30Тұрлаусыз мүшеден тұрлаулы мүше шығар?

Айгерім сабақты жақсы оқиды.

30.Сөйлемді көшіріп жаз тұрлаулы мүшеледі тап.

30.Тұрлаулы мүшелер қандай сөз табымен байланысады?

 ІІІ. “Кім жылдам?”

(оқулықпен жұмыс)

12-жаттығу.Көп нүктенің орнына бастауыш болатые сөз тауып жаз.

Сауысқан шықылықтайды.        Мұғалім сабақ оқытты.

…..қаңқылдайды.                            …..етік тікті.

…..сайрайды                                     …..егін екті.

…..тоқылдайды.                               …..мал бағып жүр.

-Бұлар жай сөйлемнің қай түрі екенін айт.

13-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Таң атты. Торғайлар шырылдады. Қаз, үйрек қаңқылдады.

Олар көлде ерсілі-қарсылы жүзе бастады. Мал өріске шықты.

  • Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
  • Тұрлаусыз мүшелерді тауып, астын ирек сызықпен сыз.

Сергіту сәті:  Орнымыздан тұрамыз,

Белге қолды қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Бір, Екі, Үш!

Жоғары қолды созамыз,

Тып-тыныш қана отырамыз.

 

 

 

 

 

 

15-жаттығу.Сурет бойынша әңгіме құра.

  1. “Ойлан, тап”

Сөздерден сөйлем құрап оқы, оларды сөйлем мүшелеріне талда.

1.Мұғалім сабаққа кірді.

2.Ұшақ биікке көтерілді.

3.Динара қуанды.

4.Күн бұлттанды.

5.Түн ұзарды.

ҮІ.  Бекіту: Шығармашылық  диктант. Көп нүктенің орнына тиісті  тұрлаулы  мүшені қою арқылы сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлем мүшесіне талдау.

  1. Оқушылар … . 2. …. жазылды.  3. Қыс … . 4. Есеп …

Керекті сөздер:  келді, хат,   түсті, орындалды.

ҮІІ. Қорытындылау. Сонымен тұрлаулы мүше деген не екен? Мысал келтір.

Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:14-жаттығу, 219 бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау.Балалар, бүгін сабаққа жақсы қатысып отырдындар екі топқада алғысымды айтамын да ұпай алған балаларды бағалаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *