Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Инирбаева Шалкы Нұрлиходжаевна
«Сөз — мерген» т іл танымдық сайысы
Мақсаты: Танымдық қабілеттерді дамыту, ой өрісті кеңейту, тұрақты сөз тіркестері, мақал — мәтелдер және көнерген сөздердің мағынасын ашу, табиғатын тану.
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, қазылар алқасына жауаптардың қорытындылары жөніндегі бланк, тірек, сызбалар.
Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын! Алқалы жұрт көз көрген, колледжміздің студенттері Тіл сайысы, сөз – мерген сайысына қош келдіңіздер!
Осыған орай ойынымызға қатысып отырған ойыншыларымызға айырықша ілтипат көрсетіп, таныс болыңыздар:
1. Шералиев Жамбыл
2. Орынбасарова Қырмызы
3. Кестенов Еламан
4. Тұяқбаев Нұрбол
Сайыс шартымен таныс болыңыздар:
Сайысқа 4 оқушы қатысады, 3 кезеңнен тұрады
І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр»
ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
ІІІ. Кезең «Ойлы болсаң озып көр»
І. Кезең «Мықты болсаң тауып көр»
Сөз тіркестерінің мағынасын ашу.
Тапсырмалар саны 11
Дұрыс жауапқа – 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай
Тапсырмаларға жауап беру, кезекпен орындалады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі ойыншыға кезек беріледі.
Бірінші кезеңде ең аз ұпай жинаған ойыншы сайыстан шығады.
1.
Ой
Тоқтатты
жауабы: ой тоқтатты
мағ: ер жетті, ақылы толысты
Ниет
Сезім
Жігер
2.
Маңдай
Ұста жауабы: тілге ұста
мағ: тілге шебер, шешен
Құлақ
Көз
Тіл
3.
3. Пайыз
Қанды жауабы: айызы қанды
мағ: көңілі жай тапты, рахаттанды
Айыз
Шыдам
Төзім
4.
Ес
Шықты жауабы: есі шықты
мағ: шошып кетті
Ақыл
Айла
Тәсіл
5.
Аспан
Қаптырды жауабы: жер қаптырды мағ: алдап соқты «қап» дегізді.
Өзен
Жер
Тау
6.
Тұмсық
Берді
жауабы: қанат берді
мағ: қанаттандырды, шабыт берді, жігерлендірді.
Қанат
Білек
Тырнақ
7.
Ес
Төркін жауабы: сөз төркіні мағ: мағынасы, түп мәні
Ақыл
Сөз
ой
8.
Су
Жұқпас жауабы: су жұқпас
мағ: өтірікші, айлакер
Бу
Күл
Шу
9.
Қамыр
Жүгірді жауабы: тамырына қан жүгірді
мағ: әл кірді, қуаттанды
Тамыр
Сіңір
Түк
10.
Жұртшылық
Жарды
жауабы: топ жарды мағ: елден ерек шықты, жұрттан асты
Көпшілік
Топ
Бұқара
11.
Туысқан
Қоңыр
қаз жауабы: ағайынды қоңыр қаз
мағ: қатар — құрбы замандас адамда туралы айтылады
Ағайын
Немере
Көрші
ІІ. Кезең «Жүйрік болсаң шауып көр»
Мақал – мәтел құраудан жарыс. Тапсырмалар саны – 9
Дұрыс жауап 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай
Сайысты ұпайы аз оқушы бастайды. 2 — ші айналымнан кейін ұпайы аз 2 оқушы сайыстан шығады.
1.
Аяқ
Бәле
жауабы: басқа бәле тілден
Қол
Арқа
Бас
2.
Тіл
Өтер
жауабы: сөз сүйектен өтер
Сөз
Ет
Қан
3.
Аспаз
Бастар
жауабы: батыр қол бастар, шешен сөз бастар
Аңшы
Батыр
Етікші
4.
Намыс
Күшті жауабы: өлімнен ұят күшті
Ар
Қулық
Ұят
5.
Жуас
Жуан
жауабы: жуастан жуан шығады
Осал
Ез
Қорқақ
6.
Әже
Қыз
жауабы: анаға қарап қыз өсер,
атаға қарап ұл өсер
Ана
Жеңге
Сіңлі
7
Тіс
Тас
жауабы: тіл тас жарады,
тас жармаса бас жарады.
Құлақ
Қол
Тіл
8
Адам
Шүберек
жауабы: адам көркі шүберек
Қалам
Бала
Дала
9.
Мектеп
Білім
жауабы: кітап білім бұлағы
Қалам
Парта
Кітап
ІІІ. «Ойлы болсаң озып көр»
Көнерген сөздер мағынасын ашу. Тапсырмалар саны – 3 дұрыс жауап – 10 ұпай. Толық емес жауап — 5 ұпай.
1.
Ит
Марғау
жауабы: мысық төлі марғау (соқыр)
Мысық
Тауық
Шошқа
2.
От көсейтін құрал
Әндеме
жауабы: сылақшының үй сылайтын қалағы
Қайрақ тас
Үй сылайтын құрал
Тасымал құралы
3
Диірменнің үстіңгі тасы
Балбал тас
жауабы: мүсіннің жанына қойылған тас бағана
Малға су беруге арналған
Құдықтың қақпағы
Мүсіннің жанына қойылған тас бағана
Бүгінгі сайысымызда, сөзге жүйрік, тілге шешен екені танытқан, қазақ тілінің қадір қасиетін бағалай білген_________________сөз мергені деген атақ береміз
Жеңімпаздарды марапаттау
12.
Бас
Сұқты жауабы: қол сұқты
мағ: талан — таражыға салды, ұрлады
Аяқ
Қол
Табан