Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен политехникалық колледжі
Инирбаева Шалкы Нұрлиходжаевна
Ерлік-елдің қасиеті
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ауылдасымыз Саулебаев Болысбай атаны т. б. ауыл ардагерлерін еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге тұту.
2. Оқушылардың өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.
3. Оқушылардың ой-өрісін арттырып, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген сахна, интерактивті тақта слайдтар.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе бөлімі
Кіріспе сөз (интерактивті тақтада слайдтар арқылы суреттер көрсету)
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистің Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біз – Қазақстан да аянбай жаумен шайқасты.
Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы Ұлы Отан соғысында жерлес атамыз Саулебаев Болысбай да аттанған еді. Ол соғысқа дейін және соғыстан кейін «Лақалы», «Итқырылған» ауылы, «Сталин» колхозында 17 жылдай мектеп директоры және балалар үйінде меңгеруші қызметін атқарған. Пед Рабфакті бітірген, мамандығы — географ. 1941 жылы 28 жасында соғысқа аттанған ол 1942 жылы 1-Украина майданында №147 запастағы 1-категориялы аттылы әскер полкында ковалирист болады, одан химиялық қорғау взводында қатардағы химик қызметін, 1943 жылдан-1945 жылға дейін 8 гвардия аттылы әскер полкінде командир бөлімінің гвардия аға сержанты қызметін атқарды. 1945 жылы 28 желтоқсанда жасының ұлғаюына байланысты ауылға оралды. Ол сол отты жылдарда 1942 жылы «Отечественная война» ордені, 1943 жылы «Гвардия» значогі, 1944 жылы екі рет «За отвагу» медалімен, сол жылы «Красный звезды» орденімен, 1945 жылы немістің Верхный селезный, Катовице, Беутен қалаларын азат еткені үшін марапатталды
Асқар:
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1-минут үнсіздік, еске алу).
Хор: «Майданға»
1. Нұрбол
«Соғыс!» деп айтқан суық сөз,
Сіресіп қатқан мұз – қардай
Тыныштық сүйген қауымды,
Тітіркендірді ызғардай.
Екі дүние айқасты,
Майдандасқан аулада.
Фашистерді шайқаста,
Езгіледі табанда
Бейбітшілік орнаттық
Күн ортақ барлық адамға.
2.Алтынбек
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпаққа олар жайлы айтады әні
Жерден, көлден, аспаннан
Соқты, жауды ел күнде
Берлинде алғаш басталған
Бітті соғыс Берлинде.
Хор: Мәншүк
3.Дінмұхамбет
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Түн түндігі түрілген
Күн күлімдеп, таң шапағы білінген
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Біздің ерлік танылған
Әрбір көше, әр бұрышта
Жеңіс дабылы қағылған
4. Таңат
Сүйінші, сүйінші халқым!
Белін бекем буыншы
Жеңдік жауды күйрете
Жасалған той – мереке
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
5. Нұржарық
Ер азат, еңбек, ерлік, ер ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер көріпті
Мыңдаған Қазақстан күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.
Биік ұш бейбітшілік көгершіні,
Асып өт нелер мұхит, небір шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,
Әлемге жас ұрпақтың өршіп үнің
Хор: «Ақ кептерлер»
Оқытушы:
— Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
1. Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтындар: Жарас, Ержан
2. Ән «Батыр бала Болатбек» орындайтындар: Мұрат, Ақан, Жамбыл
3. Көркем сөз «Жеңіс туралы жыр» Қырмызы
4. Би «Катюша» Бір топ қыздар
5. Ән «Ақ көгершін» орындайтындар: Гүлайым, Ержан
6. Ән «Солдат болам мен ертең» орындайтындар: Асқар, Жарас
Оқытушы:
Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р. Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді. 8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
6. Нұржан
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Ендігі бар балаға
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай!
Тойып жейтін нан болып.
Арылтып жерден жауыңды,
Табанға жаншып өлімді
Жеңіске желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күні?
— 9 – мамыр күні
7. Мұхтар
Кептерлер қалқып көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып, көк байлап.
Мәре-сәре, мәз-мәйрам,
Отанымыз той тойлап
Десеңдер бұл қай күні
— 9 – май күні.
69жыл – бейбіт көктем таң атқан,
69 жыл – шуақты күн таратты әнін
Есімде сонан бері 69рет
Ашылды жеңіс күнінің парақтары.
8. Нұрлыбек
69 жыл – үзілмейді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
69 жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстінен ұшпағаны.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Қорытынды сөз
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.