Құлсары қаласы
№9 жалпы орта білім беретін мектеп
Сагинова Жайлан Құрманғалиқызы
Математикадан 4-сыныпқа арналған факультативтік сабақтың жоспары
Мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
Оқытудың міндеттері:
1.Оқушыларының зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, бейнелі және логикалық ойлауын дамыту; 2.Оқушыларының оқу-танымдық қызметін жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру; 3.Оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу; оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру; 4.Стандартты емес қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу,дамыту; 5.Баланың тұлғалық қасиеттерін,белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу; қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзінің белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу;
Р/с | Тақырыбы | Сағ
саны
|
Берілетін іскерлік дағды | Пайдаланатын қосымша материалдар |
1 | 1-ден 1000-ға дейінгі сандармен орындалатын амалдар | 2 | 1000 көлеміндегі сандарды оқу,жазу,салыстыру дағдыларын дамыту және 1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру | Математикадан тест тапсырма лары,
4-сынып, авторы: Р.Ж. Базарбекова |
2 | Тура және жанама есептер | 2 | Есептің дұрыстығын есептеу,өз бетімен есеп шығару қабілеттерін дамыту | Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып |
3 | Разрядтық қосылғыштар | 2 | Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсету | Өзіндік жұмыстар
4-сынып,2012ж
|
4 | 1 000 000 көлеміндегі сандармен жүргізілетін амалдар | 2 | Көп таңбалы сандарды оқу мен жазу жоғары разрядтан басталатынын терең меңгерту | Өзіндік жұмыстар 4-сынып, 2012ж: Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. 1-4 сыныптар.
|
5 | Сандарды және шамаларды салыстыру | 2 | Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін қарастыру;егер екі санның разряд бірліктерінің саны бірдей болмаса,қайсысынікі аз болса,сол кіші сан болып табылатынын ұғындыру | Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж; Математикадан тест тапсырма лары,
4-сынып, авторы:Р.Ж. Базарбекова
|
6 | Шамалар және оларға қолданылатын амалдар | 2 | Сандарды салыстырғандағыға ұқсас шаманың ірі өлшем бірліктерін салыстыруданбастап,біртіндеп ұсақ өлшем бірліктерін салыстыру | Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж Математикадан тест тапсырма лары,
4-сынып, авторы: Р.Ж. Базарбекова;
|
7 | Ұзындық өлшем бірліктері | 2 | Ұзындық өлшем бірліктерін өрнектеу және оларды салыстыру | Ұзындық өлшем бірліктері кестесі |
8 | Массаны өлшеу | 2 | Салмақ өлшем бірліктерін өрнектеу және оларды салыстыру | Масса өлшем бірліктері кестесі |
9 | Ауданды,көлемді өлшеу | 2 | Аудан бірліктерінің ара қатынасын тағайындауды ұзындық бірліктерімен салыстыра қарастыру; ауданның,көлемнің жаңа бірлігін енгізу (1а,1га) | Ауданды,көлемді өлшеу формулалары кестесі |
10 | Уақытты өлшеу | 1 | Практикалық жұмыс жасай білуге үйрету | Уақыт өлшем бірліктері кестесі |
11 | Көп таңбалы сандарды ауызша және жазбаша көбейту мен бөлу | 1 | Көп таңбалы сандарды ауызша көбейту мен бөлу дағдыларын дамыта түсу | Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып |
12 | Жылдамдық,уақыт,қашықтық | 2 | Шамалар арасындағы тәуелділікті тағайындау | Сызбалар ; Өзіндік жұмыстар
4-сынып,2012ж |
13 | Қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер | 2 | Шамалар арасындағы тәуелділікті тағайындау | Сызбалар; Өзіндік жұмыстар
4-сынып,2012ж |
14 | Мәтінмен берілген есептер | 2 | Өз бетімен есеп шығару дағдыларын қалыптастыру | Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып |
15 | Логикалық есептер | 2 | Ойлау қабілеттерін дамыту | Логика әлемі, 4-сынып, авторлары: Ерешева К, Үсенова Н, Фазылова А. |
16 | Амалдардың орындалу тәртібі | 2 | Алған білімдерін есептеу барысында дұрыс қолдана білу | Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып |
17 | Күрделі теңдеулер және оларды шешу жолдары | 2 | Күрделі теңдеулер және оларды шешу жолдарын терең меңгерту | Өзіндік жұмыстар 4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып |
18 | Бөлікті табуға берілген есептер | 2 | Есептер және оларды теңдеу құру арқылы шығаруға баса көңіл бөлу;үлес,бөлігін табуға есептер шығару | Өзіндік жұмыстар4-сынып,2012ж;
Логика әлемі, 4-сынып |