Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№ 18 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Касымова Мейрамгул
«Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың I тоқсан бойынша алған білімдерін тексеру.
- Оқушылардың ой — өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
3.Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қазақ халқының салт — дәстүрін , тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сандықша, қақпа.
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақ барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілейміз.
Ойынымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырсайық .
Ұлы Абай атамыздың «Адам ата — анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескере жақсы — жаманды таниды. Сондайдан білгені, көргені, тоқығаны көп болған адам білімді болады»- деген нақыл сөзін ескере отырып, ойынымызды бастайық.
Негізгі ойын шарты жылдам, ұтымды және сұраққа толық жауап беру керек. Кім де кім берілген сұрақтың жауабын біліп тұрса, қолын жылдам көтеру керек. Орнымыздан тұрып, сұраққа толық жауап қайтару керек. Сол кезде ғана жауап саналады.
Алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы турлардан яғни тас қақпадан, күміс қақпадан, алтын қақпадан өтіп, алтын сандықты ашуға тырысады. Егер де алтын сандықтың ішіндегі сұраққа жауап бере алмаса, алтын сандық ашылмай жабулы күйінде қала береді.
І тур. «Тас қақпа»
Жүргізуші: Қазір мен тас қақпаны ашып,қақпада берілген сұрақтарды сендерге таратып беремін.Сұрақтардың жауабын білсеңіз, жауап бере беруге болады. Өзіңізге сенімсіздеу болсаңыз ойлануға 5 минут уақыт беріледі
- Сөйлем неден құралады?
2. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?
3. Сөйлемнен соң қандай тыныс белгілері қойылады - Хабарлы сөйлемді тап
5. Сұраулы сөйлемді тап
.6. «Биік» сөзінің қарсы мағынасын тап
7. «Жақын» сөзінің қарсы мағынасын тап
8. «Батыр» сөзіне мағынасы жуық сөзді тап
9. Әр түрлі мағына білдіріп тұрған сөзді тап: түс
10. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
11.Көп затты білдіретін сөзді тап
12.Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап
13. Кімдер? сұрағына жауап беретін сөзді тап
Жүргізуші: Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата — бабам ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардай тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты — дей отырып, ойынымызды жалғастырайық .
Міне, екінші айналымға келіп жеттік. Сіздердің алдарыңызда көрініп тұрғандай, күміс қақпада сұрақтар берілген.
II тур «Күміс қақпа»
- Жуан дауысты дыбыстарды тап (а, о, ұ, ы )
«Орман емшісі» деп қандай құсты айтады? (тоқылдақ)
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді. (3)
4. Түйе атасын қалай атайды? (Ойсылқара)
5. Бір өркешті түйені қалай атайды? ( нар)
6.Ең кіші және ең үлкен бір таңбалы санды ата (1,9)
7.Жұмбақтың жауабын тап
Алты қырлы,
Алты сырлы. (қарындаш)
8.Енбек туралы мақал айт
9.Табиғаттағы жасанды заттарды ата
10.табиғаттағы табиғи заттарды ата
III тур «Алтын қақпа»
Келесі бөлімде, қатысушылар «Алтын қақпа»сұрақтарына жауап береді
- Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?
- Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?
3.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
4.Алма ағашында 10 алма, ал шие ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Шие ағашында неше алма өсіп тұр? (Шие ағашында алма өспейді)
- Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді?
6.Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3 етті тоқаш әкелді.Қызыл телпек барлығы неше тоқаш әкелді?
7.Баспалдақта 15 саты бар.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші сатысында тұру керек?
8.Асанда 4 машина, ал Үсенде сонша ұшақ ойыншықтары бар.Балаларда барлығы неше ойыншық бар?
- Қоянда 5 қызыл және 2-ге кем көк шар бар.Қоянда қанша көк шар?
10.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін онда тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз болды?
Жүргізуші: Балалар алтын қақпаның барлық сұрақтарына жақсы жауап бердіңдер,енді біздің алтын сандығымыз ашылады.
Барлығы қол соғып,қошемет көрсетеді.
Алтын қақпаның ішіндегі алтын сандықты ашу үшін бірнеше сұрақтарға жауап беру керек
ШЕШЕН ЖОМАРТ ШАПАҒАТ МЕРГЕН
Алтын сандықтың сұрақтарына жауап берген оқушы «Алтын қақпа» сайысының жеңімпазы бола алады
Сабақты қорытындылау:
Сайыс қатысушыларын марапаттау үшін сөз әділқазы алқаларына беріледі.
[bws_related_posts]