Басы » Бастауыш сыныптар » Вв дыбысы мен әрпі

Вв дыбысы мен әрпі

алтын какпаМаңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№ 18 орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Касымова Мейрамгул

 Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

  1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды в дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
    2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.
    3. Шыдамдылыққа, ептілікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
    Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
    Сабақты өткізу әдісіТүсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ертегі ретінде
    Көрнекілігі: В дыбысының баспа және жазба түрі, әріп кассасы, әріптер,
    суреттер, ертегіге қатысты суреттер

 Сабақ  барысы:

I  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық:

                            Жақсы оқып сабақты,

                            Әдеп сақтау сәніміз.

                            Сәлем бердік сіздерге,

                            Басымызды иіп бәріміз.

II .Өткенді қайталау.
—          Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
—          Һ
—          Һ дыбысы қандай дыбыс?
—          Дауыссыз дыбыс.
—          Һ дыбысы кездесетін сөз айтамыз
—          Жиһаз, айдаһар, қаһарман (буынға бөлу)
—          Һ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Жақсы балалар, олай болса откен сабақтан алған білімімізді жинақтап топтастырдық енді тақтаға назар аударайық.

 

 

Һһ
Қаһарман қыздар:

Гауһар, Әлия,Мәншүк

Батырлар:Қабанбай,

Бөгенбай,Наурызбай

 

қаһар, айдаһар
Сөз ортасында кездеседі

 

кездеседі

Қатаң дауыссыз
Дауссыз дыбыс

 

 

 

 

 

 

 

Қаһарман мәтінін әңгімелету

-Балалар ,сендер һ дыбысына байланысты көптеген сөздермен таныстыңдар соның бреуі айдаһар .Айдаһар шынайы өмірде кездесе ме,әрине жоқ.Біз оны тек  ертегілерден кездестіріміз.Ертегегіні үнатпайтын адам болмайтын шыгар солам ма балалар?

-Қазір мен сендерге бір қызық ертегі оқып бергелі тұрмын.

III Жаңа сабақ

Ертеде В әрпі орыс  тілі дейтін мемлекетте  тату –тәтті өмір сүріпті.Бір күні мемлекетте  соғыс болып.В әрпі корші  мемлекет ,яғни,қазақ тілі дейтін мемлекетке көшіп келеді.Бұл мемлекет оны құшақ жая қарсы алады .Ол дауыссыз деген облысқа барады. Алдында  үш аудан бар екен.Олар үнді,ұяң,қатаң деп аталады екен.В әрпі өзінің атын айтқанда  ұяң естілгені үшін Ұяң ауданына барып орналасынты.Содан бері В әрпі  ұяң қасиетімен  қазақ тілі мемлекетіне сіңіп кеткен екен.

В в дыбысын талдау

-В дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз ортаға салайық.

ва гон  -арнайы темір дол арқылы жүретін көлік түрі

ве ло си пед —  барлық жастағы адамдар  жүргізе беруге болатын көлік түрі

во лей бол  -спорттық ойын

ав то бус      -көлік

ак ва ри ум –үй жағдайында балық өсіретін орын

  ви та мин  -дәрүмен

трам вай     -көлік

Ваза-ыдыс

вок зал –поездың  аялдайтын орны

        

IV Оқулықпен жұмыс

1.Мәтінді оқып беру

2.Іштей оқыту

3.Тізбектей оқыту

4.Мақал-мәтелді талдау

V Сергіту сәті

ҮІ. Дәптермен жұмыс

              Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамыз.
Ауада жазу. Жазу жолындағы әріптерді жазу.  В в әрпін дұрыс ,әдемі жазуын қадағалау.

VIІ Топпен жұмыс

1 .симантакалық карта

         дыбыс

   сө з

7 6 5 4 3 2 1
автобус              
вагон              
хат              

2.Сөздерге дыбыстық талдау жасау ,сөйлем ойлау

  1. «Жоқ буынды тап»

…….гон

…….ло си пед

……та мин

……зал

 VII  Қорытынды.


—          Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?

Не үйрендің дер ?

Не білдің дер?

Бағалау.

Уйге тапсырма: оқып келу

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *