Басы » Cыныптан тыс » Экстремизм профилактикасы

Экстремизм профилактикасы

Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

«№7 ЖОББМ»  КММ

Ералиева Балзия Камбаровна  тарих пәні мұғалімі

Баяндама тақырыбы:  «Экстремизм профилактикасы»

Мақсаты:  Экстремизмнің алдын-алудың жолдарын іске асыру іс- шараларына  қажетті мағлұматтармен және  Қазақстан Республикасындағы экстремистік іс-қимылдарға байланысты құқықтық негізбен таныстыру.

 

Осы ғасырдың алғашқы онжылдығы халықаралық лаңкестіктің тұтануы­мен басталды, ал содан кейін ұзақ он­жыл­дықтар бойы қалыптасқан әлемдік экономикалық тәртіпті бұзған, ауқымы жөнінен адам айтқысыз жаһандық дағдарыс төбеден төнді-деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінің тыныштығына қауіп төндірген ортақ мәселе бұл- «экстремизм». Әр мемлекет бұл мәселеден шығар жолды өздігінше іздестіруде. Біздің еліміз де экстеремизмнің алдын-алу жоспарын анықтап, қажетті құқықтық негізді қалыптастырды. Ендігі міндет құқықтық негізді іске асырып, жасөспірімдер бойын лаңкестік іс-шаралардан аулақ салуға, патриоттық сезімдерін жетілдіруге , ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, рухы биік азаматты тәрбиелеуге күш-жігерімізді жұмылдыру. Экстремизм мен радикализмді қабылдамайтын ұрпақты қалыптастыру.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 Заңның 1-бабы 4-тармақшасында:

Экстремизмнiң профилактикасы – экстремизмнің алдын алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi делінген.

Яғни, лаңкестікке қарсы жасөспірімдер арасында жоғарыда айтылған іс-шараларды жүзеге асыру жолында үлес қосатын бұл — ұстаздар. Профилактикалық іс-шаралар барысында  мәліметтердің дұрыстығын нақты білу және жас буынды дер кезінде дұрыс мәліметтермен қамтамасыз ету үшін мәлімет беруші өз білімін әрқашан жетілдіріп отыруы қажет. Ахуалға сауатты жауап беру қажет. Бұл-заман талабы.

 

Мектеп қабырғасында «Экстремизмнің профилактикасы» аясында сыныптан тыс  іс-шаралар өткізу үшін ұстаздар нені білуі қажет? Қайдан үйренуі керек?

БІЛУ КЕРЕК

Мұғалім Оқушы
Экстремизм түрлерін және ұғымын Экстремизм түрлерін
Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы

ҚР 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 ҚР 2005 жылғы 18 ақпандағы N 31 Заңы.docxЗаңын

Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы

ҚР  2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңын

ҚР Дін туралы заң.docx

Экстремизм, терроризм, секта  ұғымдарын.
Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімін  Террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімін
ҚР діни мәліметтер алтын сайттар тізімін ҚР діни мәліметтер алуға сенімді сайттар тізімін
Әлемде және мемлекетте болып жатқан жаңалықтардан хабардар болу (экстремистік іс-қимылдарға байланысты) Түрлі жағдаяттарда  шешімін табу жолын үйрену (кімнен кеңес сұрау, қайда хабарласу, өзін қалай ұстау)

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 ақпандағы №31 Заңында  Осы Заң адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн қорғау, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн, ұлттық қауiпсiздігін  қамтамасыз ету мақсатында экстремизмге қарсы iс-қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды делінген.

Сонымен бірге экстремизм ұғымдарына түсінік береді. Ал бұл түсініктерді экстремизмнің алдын-алу іс-шараларын өткізуде  білу маңызды.

Мемлекеттің егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және бөлiнбестігiн бұзуды, мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендiрілген құралым құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектiк-топтық алауыздықты қоздыру — саяси экстремизм;
      нәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыру — ұлттық экстремизм;
дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдану —дiни экстремизм.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі дін істер комитеті сайтында жарияланған  соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімі:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

  1. «Аль-Каида»
    2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»
    3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»
    4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

  1. «Асбат аль-Ансар»
    6. «Братья-мусульмане»
    7. «Талибан» қозғалысы
    8. «Боз гурд»
    9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»
    10. «Лашкар-е-Тайба»
    11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

  1. «Хизб-ут — Тахрир» ұйымы

ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

  1. «АУМ Синрикё»
    14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»
  2. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
  3. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

  1. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

  1. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

  1. «Таблиги джамагат»
  2. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:
  3. «Ат-такфир уаль-хиджра»

XIІ. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес:

  1. «Ислам мемлекеті».
  2. «Ан-Нусра фронты».

 

ҚР діни мәліметтер алатын сайттар тізімі

muftyat.kz -Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми веб-сайты.

muslim.kz — ақпараттық, рухани-ағарту порталы. Әзірет Сұлтан мешітінің ресми веб-сайты, Астана қаласы.

IHSAN.KZ — Қарағанды орталық мешіті сайты.

Azan.kz. — Ислами-ағарту порталы

 

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры. Әр адам ақпарат жасамаса да ақпаратты толыққанды меңгеріп отыруы қажет. Бүгінгі заман білімділердің заманы екені айдан анық. Бұл кезекте өздігінен білім жетілдірудің маңызы ерекше. Ал, алынған ақпараттың дұрысы мен бұрысын саралап отыру қажеттілігін ұмытпаған тағы жөн. Сондықтан да оқушылардың тарапынан жаһандық және ел ішіндегі оқиғаларға байланысты қойылған сұрақтарына сауатты жауап қату үшін күнделікті жаңалықтардан хабардар болып отыру өте қажетті. Жаңалықтарды игерудің  қарапайым жолы-ұялы телефондар. Ұялы телефондарға жаңалық таратушы қажетті сайттарды жүктеп алуға болады. Мысалы төмендегідей:

 

             Оқушылар білуі керек

Жоғарыда айтылған мәліметтерді игере отырып,  оқушыларға – экстремизм, терроризм, секта ұғымдарын түсіндіру қажет.

  • Экстремизм(фр. extremismeлат. extremus) — «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда .
  • Терроризм— [ лат. terror — қорқыныш, үрей] — саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. «Террор» ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады.
  • Секта— бір діни ағымдарға бағытталған оппозициялық ағым; сонымен қатар, ол белгілі бір әлеуметтік топтардың әлеуметтік наразылығын мағыналайды.Секта- беймаза күйдегі адамның әлеуметтік қауіпті ортада адасуы. Сектаның тармағы көп. Бүгінгі таңдағы танымалы 3 қауіпті секталар: діни ағымдағы, сауда-саттық сектасы, магиялық секта.

Жоғарыда берілген мәліметтерді ұғына келе оқушылар өздеріне кездескен түрлі жағдаяттарда  шешімін табу жолын білуі керек. Алған мәліметтерін өмірде қолдануға машықтануы қажет. Мысалы:

Көшеде діни мазмұндағы әдебиеттер ұсынып, сіздің қарсылығыңызға қарамай пікірлесуге тартса…

Қайда хабарласу қажет?

       

102 нөміріне телефон соғып, болған жағдаятты хабарлауға болады.

Себебі

ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы  № 483-ІV Заңы,

9-бабында

Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

 

   

Сізге белгісіз діни ұйымға танысыңыз шақырса немесе ұйым туралы әңгіме жүргізсе…

 

Өзіңізді  қалай ұстау керек?

Ø Өзіңізге сенімсіз болсаңыз әңгімені толық тыңдаудан сыпай түрде бас тартыңыз;

Ø Толық мәлімет білетін адамдардан кеңес сұраңыз;

Ø Діни ұйымдардың жиналысына қатысқыңыз келсе, ол ұйым туралы кеңінен мәлімет жинаңыз;

Ø «Сақтықта қорлық жоқ» дегенді естен шығармаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйін сөз.

Тарихы тереңге бойлаған Қазақ елі бүгінгі күні әлемдік аренаға «терезесі тең, керегесі» кең мемлекет ретінде танылуға ұмтылыс жасауда. Жаһандану заманында экономиклық дамыған мемлекеттер қатарына қосылу жоспарына басым назар аударып, елдіктің қазығы -рухани құндылықтардың кенжелеуіне жол берілмеуі қажет. ҚР Конституциясының 19-бабында: әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы делінген. Алайда , бүгінде қоғамдағы рухани құндылықтардың босаңдауы байқалса, оның орнын толтырар басқа жат идеялардың есік алдында жүргенін басты назарда ұстауымыз керек.  Әр істе төзімділік танытып, елдіктің іргесінің мызғымастығын қолда бекем ұстау бүгінгі заманның заңды талабы екенін жадымызда жаттағанымыз жөн. [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *