Пәннің аты | 2 сынып | Қазақ тілі | ||
Сабақтың тақырыбы | Лепті сөйлем | |||
Мақсаты
|
Лепті сөйлем жайлы білімдері кеңейеді, сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығады, сөйлемнің мағынасын анықтауға дағдыланады. | |||
Күтілетін нәтиже | Өз бетімен жұмыс жасайды және өзін бағалайды, байланыстырып сөйлеуі, жазба тілі дамиды, тіл байлығы артады. Ұқыптылыққа, достық қарым-қатынасқа үйренеді. |
|||
Типі: жаңа білімді меңгерту (2 сабақ) Әдісі: сұрақ — жауап, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс. Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, сызбалар. |
||||
Психологиялық ахуал | Армысың, күн, О, керемет, керемет,
Армысың, дала, Бейне аппақ көбелек. Армысың, мектеп, Ақша қар жай көлбеңдеп, Армысыздар, Қонып жатыр жерге кеп. ұстаздар! Қонып жатыр тауға кеп, Бақшаға кеп, бауға кеп. Қонып жатыр көлге кеп, Кетті ұласып жер мен көк |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұ-ғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. | ||
Қызығушылықты ояту | Өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, «Аквариум» әдісі бойынша
— Лепті сөйлем деген не? Адамның көңіл — күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады. Фонетикалық минут. Таспадан боранның дыбысын тыңдау: — Бұл ненің дыбысы? — Бәріміз бірге айтайық. — У дыбысы қандай дыбыс?
Каллиграфиялық минут. Уу Уу Уу қырау
1) «Қырау» сөзімен хабарлы сөйлем құрап жіберейік. Неге хабарлы сөйлем деп ойлайсың? 2) Сұраулы сөйлем құрайық. Неге сұраулы сөйлем деп ойлайсың? 3) Лепті сөйлем жасайық. Неге лепті сөйлем деп ойлайсың?
|
сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. | ||
Мағынаны ажырату
Сергіту сәті |
Оқулықпен жұмыс. 190- жаттығу – мәтінді іштей оқу, лепті сөйлемдерді көшіріп жазу, талдау. — Міне, жігіт! — Көп жаса! — Өркенің өссін, қарағым! — Қатарыңның алды бол!
Сергіту сәті. Әйгерім Қалаубаева «Көңілді күн» әніне қимыл-қозғалыстар жасау.
— Көңіл-күйіміз қандай, тыныс белгілер арқылы бағалайықшы! ( . ? ! )
Топпен жұмыс. 191- жаттығу – тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу.
Мына тау қандай биік Сен қысқы демалыста қайда барасың Қыста коньки тебу қандай тамаша Бөлменің ауасын тазартып отырған жөн Формативті бағалау: басбармақ, смайлик, бағдаршам, шапалақ.
Жұппен жұмыс. 192 — жаттығу – сызба бойынша сөйлем құрау, тексеру. Дәптерге жазып алу.
└ ─ ─∙ └ ─ ─! └ ─ ─? Тақтамен жұмыс. 193 – жаттығу – Сөйлемдерге талдау жасау.
Керіктің мойны ұзын. Ура, ертең циркке барамыз! Үйді кім салады? Нанды неден пісіреді?
|
|||
Ой толғаныс | — Сабақ несімен ұнады? «Микрафон» әдісі.
— Бағанағы бораннан сендерге сый қалыпты, қар қиыршықтары. Ендеше бүгінгі сабақтағы көңіл-күйімізді хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер арқылы білдірейік! Қар қиыршығының артына жазып, тақтаға әркім өз қалауы бойынша ілсін. |
|||
Үйге тапсырма | 194 — жаттығу, ережелерді қайталау. | Күнделіктеріне жазып алады | ||
Бағалау | Оқушы білімін бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. | ||
Кері байланыс | Алдарыңдағы қар бейнесіне сабақтан алған әсерлеріңді жазып, қалаған деңгейге жапсырайық. | Қар бейнесін өзі қалаған деңгейге жабыстырады | ||
ІлмекЛепті сөйлем (ҚМЖ)