Жамбыл облысы
Меркі ауданы
№9 В.А.Савва атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жанар Досмайлова
Сын есім
Сабақтың мақсаты:
- Сөз табының бір түрі сын есім туралы білімдерін жетілдіру. Сөйлем ішінен сын есімді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуге қалыптастыру.
- Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру.
- Білімді, ынталы болуға, өз отанын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: СКТ технологиясы, ББҮ стратегиясы, постермен жұмыс, «Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Күтілетін нәтиже:
Топта бір-бірімен бірлесе отырып жұмыс істеуді үйренеді. Постермен жұмыс жасауға, сурет бойынша өз ойын жеткізіп үйренеді. Диалог арқылы сөйлеу дағдылары қалыптасады.
Көрнекіліктер: флипчарт, плакат, интерактивті тақта, суреттер, фишкалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
— Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды» деген қазақ мақалы бар. Сол себепті бүгінгі сабақта бар білімімізді ортаға салуға тырысайық.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
- Сын есімге байланысты мәліметтер жинау.
- «Нан, балалар» зат есімді сөздерге сатылай кешенді талдау жасау. Оқушылар ауызша айтып өтеді.
Нан
- Бұл сөз бір құрамнан тұр: нан.
- Тұлғасына қарай – нан – негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
- Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
- Нан – не? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылытың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
- Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі деректі ұғымның жалпылай аталуы.
ә) Жансыз. Себебі, тіршілік иесі емес.
б) Деректі. Себебі, өзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлық деректі тағамның бір түріне берілген атау.
в) Нақты. Себебі, деректі болған нәрсе нақты болады.
Ертегіні
- Бұл сөз үш құрамнан тұр: Ертек+і+ні.
- Тұлғасына қарай – ертек – негізгі түбір. Себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.
- Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.
- (-і) тәуелдік жалғауы.
- (-ні) табыс септігінің жалғауы.
- Ертегіні – нені? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылытың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.
- Мағынасына қарай:
а) Жалпы есім. Себебі, біркелкі деректі ұғымның жалпылай аталуы.
ә) Жансыз. Себебі, тіршілік иесі емес.
б) Деректі. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға боларлық деректі тағамның бір түріне берілген атау.
в) Нақты емес. Себебі, дерексіз болған нәрсе нақты болмайды.
1-аялдама .Теміржол бекеті.
Сабағымыз саяхат болғандықтан біз сендермен Астана қаласына саяхат жасаймыз.Олай болса, дәптерлеріңе С әріпіне байланысты көркем жазуды таза, әрі әдемі етіп жазыңдар. Астананың теміржол бекетінен түсуіміз үшін осы әріпке байланысты сөз ойлап, сол сөзге тез арада ауызша сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасайық. Мыс:
Сынып
- Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі, сөздің құрамында дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.
- Бұл сөз: сы-нып болып екі буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар. Сы буыны – ашық буын. Себебі, сы буыны дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр; сын – буыны – бітеу буын. Себебі, буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.
- Бұл сөз:
Сы — болып бір жағдайда тасымалданады. Себебі, жалғыз дауысты нып дыбысты жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды.
- Қазақ тілінде сөз екпінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін нып буынындағы ы дауысты дыбысына түсіп тұр.
- Сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі, бұл түбір сөз.
- Сөзде дыбыс үндестігі де жоқ. Себебтүбір сөз.
ІІІ Жаңа сабаққа дайындық
2-аялдама. «Бәйтерек» монументі (Мәлімет беріліп кетеді)
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ойын мақсаты: «Сын есім» сөзінің әрбір дыбысына қандай? сұрағына жауап беретін сөз табу.
І топ «Сын»
ІІ топ «Есім»
С — сабырлы
Ы — ынталы
Н – намысшыл
Е — еңбекқор
С — сүйкімді
І — ілтипатты
М — маңғаз
ІҮ Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім». Оқушылар алдын-ала берілген тапсырма бойынша өздері дайындаған мәлеметтерін интерактивті тақтаны пайдалану арқылы таныстырады. Сын есім туралы түсінік беріп кетеді. Сөзжұмбақ жасырады.
3-аялдама. «Думан» ойын-сауық кешені (Мәлімет беріліп кетеді)
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есім қойып, мақалдарды толықтыр. Мақалдардың мазмұнын қалай түсінесіңдер?
І топ
- Әдепті бала – арлы бала, _________ бала сорлы бала.
- Үлкен кісі бастар, ________ кісі қостар.
ІІ топ
- Жақсы бала – қуаныш, ________ бала күйініш.
- Ұсталы ел озар, ________ ел тозар.
4-аялдама. «Хан Шатыр» (Мәлімет беріліп кетеді)
2-жаттығу. Жеке жұмыс. Әр топ өз бетінше орындайды. Тізбектей оқиды.
І топ. Берілген зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатынсын есім жазыңдар.
… өрен, … күй, … еңбек, … көше, … су, … күн, … талап, … доп, … қыс.
Үлгі: Өнерлі өрен.
ІІ топ. Мына сөздердің қасына заттың атын білдіретін сөздер жазыңдар. Сын есімдерге сұрақ қой.
Қызыл … , жалпақ… , өткір, аласа, қызық, суық, жүйрік, тегіс, шұбар, сұр, таза, қалың. Үлгі: қызыл бояу.
Сергіту сәті
5-аялдама. «Ақ Орда» (Мәлімет беріліп кетеді)
3- жаттығу. Постермен жұмыс. Бос торкөздерге берілген сөзге әріп саны бірдей қарсы мәндес сөздер табу.
І топ
Кең –
Күшті –
Жақсы –
Жағымпаз –
ІІ топ
Ескі –
Ақылды –
Алаған –
Ұшқалақ –
6-аялдама. Пирамида (Мәлімет беріліп кетеді)
4-жаттығу. Шығармашылық жұмыс. «Суретті сөйлет» әдісі. Берілген тиесілі суреттерге сын есімдік мағына береді.
Түрі | Түсі | Сапасы | Пішіні | Көлемі |
Ү Бекіту
- Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Астананың көптеген көрікті жерлерімен таныстық.
- Саяхат сендерге ұнады ма?
- Тапсырмалар ұнады ма?
Ал ендеше, БҮҮ (білемін, білдім, үйренемін) кестесін толтырайық.
ҮІ Бағалау
Жинаған фишкалары бойынша бағалау. Ұпай сандарын санап топты бағалау, жеке оқушыны бағалау.
ҮІІ Үйге тапсырма
- 6-жаттығу. Сын есімдерді пайдаланып, өз сыныбыңды сипаттап жаз.
- Сан есімдерге байланысты мәлімет жинап келу.
Ал енді, балалар, өз ауылымызға қайту үшін, әрі бүгінгі келген қонақтарымызға арнап, Қазақстанымыздың тағы да қандай жетістіктерге жеткенін тамашалайық. Қазақстан туралы бейнефильм көрсету.
[bws_related_posts]