Атырау облысы, Атырау қаласы
Жалпы білім беретін Абай атындағы №15 орта мектептің
математика пәні мұғалімі
Мырзабаева Дина Жұмабайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулалары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
— тақырып бойынша алған білімін жинап, бір жүйеге келтіру;
— қысқаша көбейту формулалары бойынша білімдерін тексеру.
— ойлау қабілетін дамыту және математика тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыс істеуге, тез ойлауға дағдыландыру, өз жетістігін бағалай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивтік тақта,презентация.
Сабақ барысы:
1) Үй тапсырмасы. Сабаққа дайындық(теориялық білім, формулалар)
2) Кім жылдам? (Ауызша есеп.)
3) Математикалық диктант.
4) Сен мұғалімсің! Қатені түзе.
5) Әр түрлі тапсырмалар.
6) Өзіндік жұмыс.
7) Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
І. 1 слайд. Сабаққа дайындық (теориялық білім, формулалар)
Қандай қысқаша көбейту формуласын білесіңдер? формула түрінде және ережесін айту, мысал келтіру.
Оқушы жауаптары:
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты
ІІ. 2 слайд. Ауызша есеп(қайталау).
Төмендегі есептер интерактивтік тақтада көрсетіліп тұрады. Оқушылар ауызша , тез жауап беруі керек.
Есеп. Жауап:
ІІІ. 3 слайд. Математикалық диктант.
Өрнек түрінде жазыңдар:
1) а мен 6 сандарының қосындысының квадраты.
2) 3 және b санының айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі.
3) в және 4а өрнектерінің айырмасының квадраты.
4) 3х және 1 өрнектерінің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі.
Математикалық диктанттың жауабы:
ІV. 4 слайд. Сен мұғалімсің! Қатені түзетуің керек.
Оқушылар тақтадағы есептердің қатесін түзейді.
V. Әртүрлі тапсырмалар.
5 слайд. Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.
Екі өрнектің қосындысының квадраты Екі өрнектің айырмасының квадраты Екі өрнектің квадраттарының айырмасы
6 слайд. “?” Белгісінің орнына қандай өрнек жазу керек?
7 Слайд. Кестені толтыр:
1
өрнек 2
өрнек Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейту Екі өрнектің квадраттарының айырмасын жазу
2а В (2a — b) (2a + b) 4a2 – b2
4х 3у (4x – 3y) (4x + 3y) 16×2 – 9y2
0,3 4в (0,3 – 4b) (0,3 + 4b) 0,09 – 16b2
aв 6 (ab — 6) (ab + 6) a2b2 – 36
a b (a — b) (a + b) a2 – b2
VI. 8 слайд. Өзіндік жұмыс.
1-нұсқа 2- нұсқа
І. Көбейткішке жікте :
Жауаптары:
ІІ. Көпмүше түрінде жаз:
Жауаптары:
Өздік жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылар көршілерімен дәптерлерін ауыстырып, интерактивтік тақтадағы дұрыс жауапқа қарап,тексереді. Өздері бір-бірін бағалайды.
VII. 9 слайд. Сабақты қорытындылау.
Тұжырымды жалғастыр:
1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы …..
(олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең)
2. Екі өрнектің қосындысының квадраты…
(бірінші өрнектің квадраты,екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өрнектің квадратының қосындысына тең)
3. Екі өрнектің айырымының квадраты…
(бірінші өрнектің квадратынан азайтамыз екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісін , қосамыз екінші өрнектің квадратын)
VIII. Үйге тапсырма. Қысқаша көбейту формулаларын, ережелерін жаттау. №383;384.