Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Аманбекова Айгүл Мекенбайқызы
Сауат ашу
Тақырыбы: Фф дыбысы мен әрпі.
Мақсаты:1. Фф дыбысы және оның әрпі таңбасымен таныстыру, ф дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы олардың сөздің қорын молайтып, сөйлемдер құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, дыбыстық талдау жасату;
- ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту, жазуға қолдарын жаттықтыруға дағдыландыру,
- әдемі, сауатты жазуға баулу.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, текше, буындар
Әдісі: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық жаттығу
2.Өткен сабақты еске түсіру.
— Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ. Мына суретте нені көріп отырсыңдар? — Түлкіні
— Ол қандай аң? — Қу, айлакер
— Дұрыс. Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен. Сол үшін оны орманнан қуып жіберіпті. Оны ормандағы аңдармен достастырайық.
а ) Тиіннің тапсырмасы:
— Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық ? (Вв дыбысы және әрпі)
— В дыбысы қандай дыбыс ?- сөздің қай жерінде кездеседі?
-Дауыссыз, ұяң.
ә) «Сөз ойла, тез ойна» ойыны
велосипед вагон
автобус В вокзал
вафли
— дыбыстық талдау жасату
б) В дыбысына байланысты өлең шумағын сұрау.
- Жаңа сабақ.
а) жұмбақ шешу.
— Ине, ине, көп ине
Іс тікпейді әрине. (кірпі)
— Кірпінің аты — Фархат. Ол да орманда тұрады. Егер Фархат тәтті бірдеңе тауып алса, қуаныштан – фь, — фь, — фь — деп дыбыс шығарады, ал қасқыр мен түлкіні көрсе, домаланып – ф – ф – ф — дейді.
Кірпінің тапсырмасы: ә ) жұмбақ шешу
— Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп ? — Ф
— Қыста дем алып, жазда тынбайды,
Көкке атылып, жерге құлайды. (фонтан)
ә) айтылу артикуляциясына тоқталу – астыңғы ерін үстіңгі тіске сәл тиіп, үстіңгі ерін сәл көтеріңкі, тіл төменде ауа тар саңылау арқылы өтеді. Ф – дауыссыз, қатаң, көбінесе сөздің басында, ортасында келеді.
— Ф дыбысын хормен айтқызу.
б)Ойын «Кім көп біледі?»
фонарь футбол форма
фирма Ф фонтан
фото ферма телефон
б) Ф дыбысының әрпінің таңбасымен таныстыру
— фото, ферма – сөздеріне дыбыстық талдау жасату
в) –Фархат досымен кездесіп, екеуі вафли жейді, тамақ ішкен соң футбол ойнап демалады. Фотобейнеге түседі.
Қасқырдың тапсырмасы: — дыбыстық жаттығулар.
Дәрігер: — а – а – а
Қуыршақ -ә –ә – ә
Машина –в –в –в
Ара –з –з –з
Телефон –зың –зың –зың
Ит –ап –ап –ап
Мысық –мияу –мияу –мияу
Пойыз –тук –тук –тук
Кірпі –фь –фь –фь
г) Дәптермен жұмыс
-Ф ф –таныстыру
-ауада, тақтада жазу –үлгі бойынша
-фа –фо –фу –фи –фе –буындарын оқу
Арыстанның тапсырмасы:
а) «Жалғасын тап» ойыны
Фут — …, фон — …, теле — …, фер — …, фо — …
ә) «Өз орнына қой» ойыны – кеспе әріптермен жұмыс
б) өлең шумағын жаттау
Фермер болып тойлаймыз,
Философ болып ойнаймыз.
Футболды да қоймаймыз,
Финалында ойнаймыз.
Қоянның тапсырмасы:
а) «Буындардан сөз құра» ойыны
ә) Жұмбақтар шешу
— Арқасында тіреп жабысып,
Екі «р» қалған қабысып,
Бұл қай әріп? ( Ф )
— Иілген ұршық — қарайық –
Ұқсайды оған қай әріп ? ( Ф )
б) «Доп лақтыру» ойыны
— Ф дыбысына сөздер ойлау
- Қорытынды.- Міне, балалар аңдардың барлығының тапсырмаларын орындадық. Олар түлкіні кешірді. Сендерге дән риза. Әрқашанда кешірімді, бір – біріңе адал, дос бола біліңдер.
- Мадақтау.