Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы мекені
Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі
Сахиева Қымбат Болатқызы
Әдебиеттік оқу 3-сынып
Тақырыбы: С.Сейфуллин«Туған ел»
Сабақтың мақсаты:
А) Оқушыларға С.Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру.Өлеңдегі автордың берген ойын,идеясын ашу.
Ә) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,мәнерлеп сауатты оқуларын жетілдіру.Өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру.
Б) Туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып,туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Р/с | Атқарылатын жұмыстар | Әдіс-тәсілдер | Ресурстар | Бағалау | Оқушылардың іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті |
1 | Ұйымдастыру. Топқа бөлу. | Түстер арқылы. | Суреттер. | Қызыл,жасыл,сары түстер таңдау арқылы топқа бөлінеді.Зеректер,Тапқырлар,Алғырлар топтары. | Әр түстер арқылы топқа бөлемін. . | |
2 | Психологиялық дайындық жасау. | Хормен оқу. | Слайдқа жазылған өлең жолдары. | Слайдтағы өлең жолдарын хормен оқиды.
Көк аспанда күн күлсін, Бірге күлсін бүлдіршін! Көк аспанда күн күлсін, Жерге ұдайы нұр құйсын! |
Оқушылардың назарын слайдқа аударып, өлеңді мәнерлеп хормен оқытамын. | |
3 | Үй тапсырмасын тексеру. | Жатқа айту,сұрақ-жауап әдісі.
Венн диаграммасы |
Слайд | Үйге берілген «Үш бақытым»,Туған тілім» өлеңдерін жатқа айтады,сұрақтарға жауап береді.
Венн диаграммасын толтырады. |
Слайд бойынша интербелсенді тақтадан «Венн диаграммасын»
ашып қоямын. |
|
4 | Жаңа сабақ | Ой қозғау | Туған жерін сүймейтін адам жоқ.тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін.Суретшілердің тілі-бояу,музыканттардың тілі-музыка,ал,ақын,жазушылардың тілі-сөз,-деп жаңа сабағымды бастаймын. | |||
|
Қызығушы-лықты ояту | Постер сызу. | Әр топқа тапсырма беріледі,топ мүшелері сол тапсырманы постер сызу арқылы орындайды. | І-топқа:Отан дегеніміз не?
ІІ-топқа:Өз туған жерін туралы жаз. ІІІ-топқа:Туған ел дегенді қалай түсінесің?деген тапсырмалар беремін және оның орындалысын бақылаймын. |
||
Автор туралы мағлұмат | Көрсетілім | Слайд | Көреді,тыңдайды,автор туралы мағлұмат алады.
|
С.Сейфуллин кім?Өмірбаянымен таныстырамын. | ||
5 | Оқулықпен жұмыс | Мәнерлеп оқу. | Оқулық. | Өлеңді мәнерлеп оқиды. | Өлеңнің мазмұнын түсіндіремін. | |
Сұрақ-жауап әдісі. | Сұраққа жауап береді. | Ақын туған даласын кімге теңейді?деген сұрақ қоямын. | ||||
Сурет бойынша жұмыс | Оқулық. | Суретті көреді . | Суретте көрген заттардың атын орысша айтып беріңдер деп айтамын. | |||
6 | Сергіту сәті | Үнтаспа | Үнтаспа арқылы Туған жер әнін тыңдайды. | Әнді тыңдатамын. | ||
7 | Топпен жұмыс. | Постер сызу. | Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды . | І-топқа:Туған ел,Отан туралы эссе жаз.
ІІ-топқа:Туған жерлерінің суретін сал. ІІІ-топқа:Туған жер,Отан туралы өлең құрастыр деген тапсырмалар беремін және қадағалаймын. |
||
8 | Қорытынды. | Сұрақ-жауап | 1.Бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныстық?
2.Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? |
Сұрақтарға жауап аламын. | ||
9 | Үйге тапсырма. | 68-бет,жаттау,Туған жер тақырыбына шығарма жазу | Үй тапсырмасын беремін. | |||
10 | Рефлексия | Күн суреттері | Сурет таратып,қорытынды жасаймын. | |||
11 | Бағалау | Формативті | Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,бағалаймын. |
[bws_related_posts]