Басы » Бастауыш сыныптар » Қалдықпен бөлу және оны тексеру

Қалдықпен бөлу және оны тексеру

Нуркасимова Алима

Сабақтың түрі: ашық сабақ
Пәні: математика
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: « Қалдықпен бөлу және оны тексеру»
Сабақтың мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы және
қалдықпен бөлу туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын
жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін
арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын
қалыптастыру
Тәрбиелік:оОйындар арқылы балаларды ұйымшылдыққа,
жылдамдыққа, өз беттерімен жұмыстана білуге, шапшаң әрі
қатесіз есептей білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау.
Көрнекіліктер: слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер, фигуралар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру, күнделікті өмірмен.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б) П с и х о л о г и я л ы қ д а й ы н д ы қ .
Қайырлы таң достым
Тамаша болсын күн
Сықырлаған аппақ қыс
Таңғажайып ойынға толсын
Ойынымыз қызықты болып
Көңіліміз шаттыққа толсын.
Мұғалім:-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Оқушылар 4 топқа бөлінген.Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны таңдайды.Оқушылардың топтары геометриялық фигуралардың атымен аталады.
1-топ.Тік төртбұрыш
2-топ.Үшбұрыш
3-топ.Шаршы
4-топ.Бесбұрыш

II. «Қар лақтыру» әдісі.Үй тапсырмасын тексеру)
1) ереже сұрау,№11 есеп.
7.10,20:10,200;100,600;10,150:10 нәтижесін тап ауызша
2. Тірек білімдерін белсендіру. «Сұрақтар шеңбері» әдісі
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)
5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)
6. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)
7.2-ге қалдықпен бөлінетін сандар қалай аталады? (тақ)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой қозғау:
Оқушыларға ыдысқа салынған әр топқа тәттілер салынған ыдыс беріледі.Берілген тәттілерді екі-екіден бөліп алып,нәтижесінде не шыққанын топта талдайды.Қорытынды шығарады.
Мұғалім:
-Берілген тәттілерді не істедіңдер?
-Бөліп алдық.
-Ыдыста тәтті қалды ма?
-Қалды
-Олай болса бүгінгі тақырыбыз да «Қалдықпен бөлу» болмақ.

-Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.Көркем жазу

-Балалар, біз сіздермен бірнеше қазақтың қысқы ойын түрлері туралы білеміз. Қане еске түсіріп жіберейікші:
-Слайдпен жұмыс.
— Балалар,қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (Оқушылар жауабы)
Шаңғы тебу,коньки, шанамен сырғанау,аққала соғу,хоккей,биатлон т.б. Қане,енді біз қысқы ойындарына саяхатқа шығайық.Әр ойынға бір тапсырма берілген.
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.Тапсырмалар дұрыс орындалған сайын фигуралардан беріп отырамын.

1 тапсырма. Шаңғы ойыны.№1.Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба?Тексер.1-слайд
Бөлінгіш 501 504 502 505 507
Бөлгіш 5 5 5

5 5
Бөліндінің мәні 100 100 100 100 100
Қалдық 1 4 2 5 7

2 тапсырма. Коньки ойыны. №2 мысал. Қалдықпен бөлуді орында және тексер.Тақтамен жұмыс.

5:2=2(1) т 2.2+1=5 40:6=9(4) 9.6+4=36
28:3=9(1) т 9.3+1=28 52:6=8 (4) т 8.6+4=52

3 тапсырма.Шанамен сырғанау ойыны №3 есеп. Амалдарды орында.Дәптерлеріне орындап болған соң,топта бір-бірін тексеру.
560+(238+276)=1074 150-10.3=120 9.5+355=400
400-(320+80)=0 210+5.6=240 90-8.7=34

4-тапсырма. «Аққала соғу» ойыны.Есепті орында
1)Қалалық автобустағы жол ақысы 1 билет үшін 80 тг,ал метрода-100тг.Жолаушы автобуспен төрт рет және метромен екі рет жүрді.Жолаушы барлық жүрген жолына неше теңге төледі?

Автобус-80 тг-4 рет Ш: 80*2=160 100*2=200 200+160=360
Метро-100тг -2 рет Ж: жолаушы барлығы 360 теңге жұмсады.
Төледі-? тг
Сергіту жаттығуы. Сергіту сәті:
Ауыл сырты, баққа да,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана.

4- тапсырма. Хоккей ойыны. Топпен жұмыс.
1-топ:12 шарды 5 балаға бөліп беру керек.Олардың әрқайсысына неше шардан тиеді?Неше шар қалады?
2-топ:14 алманы 3 ыдысқа тең бөліп салу керек.Әр ыдыста қанша алмадан болады?Қанша алма қалады?
3-топ:29 сәбізді 4 себетке тең бөліп салу керек.Әр себетте қанша сәбізден болды?Қанша сәбіз қалды?
4-топ.17 кітапты 3 қорапқа салу керек.Әр қорапта қанша кітаптан болды?Қанша кітап қалды?

5- тапсырма. Биатлон ойыны. №4. Өрнекті жаз және оның мәнін тап:
1)6 және 4 сандарының көбейтіндісін 48-ге арттыру: 6.4+48
2)25 пен 5-тің бөліндісіне 95-ті қосу; 25:5+95
3) 90 санынан 9 және 9 сандарының көбейтіндісін азайту; 90-9.9
4)340 санына 20 және 2 сандарының бөліндісін қосу; 340+20:2

7. «Кім жылдам?» ойыны
4 қатарға лездік 3 сұрақтан қойылады.
1-топ
5-ті 3 есе арттыр
200 санында неше нөл бар?
6-дан 2 есе артық сан
2-топ
1дм-де неше см бар?
30 бен 50-дің қосындысы
3 -ті 2 есе арттыр
3-топ
93-тің алдында келетін сан
1 сағатта неше минут бар?
90 мен 40-тың қосындысы?
4-топ
8-ді 2 есе кеміт
10-ның алдында тұратын сан
1 жылда неше күн бар?
Қорытындылау:Карточкамен жұмыс.Бос торкөзді толтыр
28:3=* (қалд1)
19:4= *(қалд3)
14:*=4 (қалд2)
11:*=5 (қалд1) Әр топқа таратылып беріледі.
V. Үйге тапсырма: 13-бет,10 есеп.
VІ… Білімді бағалау. Бағалау парағы
Топ бойынша жинаған фигураларын санау арқылы бағалау.
VІІ.Сабақ қорытындысы:
— Сабақ ұнады ма? Кері байланыс(рефлексия) стикерге жазып лакатқа жабыстыру
— Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?
— Өткен тақырыптарды қайталадық.
— ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
— Есептер шығардық.
— Тақтамен жұмыс жасадық, лездік сұрақтарға жауап бердік.
-Ия, балалар, олай болса математика бізге керек деп мына өлең жолдарымен сабағымызды аяқтаймын:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан.

-С а б а қ а яқ т а л д ы.[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *