Өтілетін күні | Күн 22.01.2016ж | Назарбекова Ф.Қ. | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы | ||||||||||||||
Ресурстар
Көрнекіліктер |
Атамұра-2014 баспа оқулығы, әдістемелік нұсқаулық, ғаламтор, т.б.
АКТ, суреттер,сөзжұмбақ,оқулық,карточкалар,маркер, бағалау бетшесі , электронды оқулық |
||||||||||||||
Мақсаты
|
Масса бірліктерін массаны өлшеуде дұрыс қолдана білуге, арақатынасы арқылы дұрыс айналдыруға үйрету. Массаның байырғы өлшем бірліктері туралы мағлұмат беру. Массаны есепті шығаруда пайдаландыру. Өзіндік, топтық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Кешірімшіл, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. | ||||||||||||||
Оқу нәтижесі:
Модульдер: |
· Масса бірліктері, олардың арақатынасы туралы түсінік алады;
· Есеп шығару дағдылары артады; · Массаның байырғы өлшем бірліктері туралы мағлұмат алады. · Масса бірліктерінің де бір – біріне айналдырылатындығы туралы қорытынды жасай отырып, өмірде кешірімді, кішіпейіл болуға тәрбиеленеді.
Сабақтүрі: ашық сабақ Типі: жаңа білімді меңгеру Әдіс-тәсілдер: «Сен маған, менсаған», «Сәйкестендіру», «Кенеттен сұрау», «Сөзжұмбақ» шешу т.б. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалог. Сыни тұрғыдан ойлау ға үйрету СТО, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. АКТ модулі, Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту үшін бағалау модулі. |
||||||||||||||
Түйінді ой: | Массаның өлшем бірліктерін қолдану жолдарына сәйкес түйіндейді. | ||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | |||||||||||||
Ұйымдастыру
|
Психологиялық ахуал
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан Барлық ғылым саған үйір болады, Топтау: килограмм,тонна, грамм, центнер сөздерімен |
Оқушылар бірге айтады.
Топқа масса өлшем бірліктерімен топталып, отырады. |
|||||||||||||
Өткен сабақты еске түсіру
|
№8 «Дұрыс- бұрыс» әдісі арқылы
Ширату «Мен саған, сенмаған» әдісі 1.1см-де неше мм бар? 2. 1м -?см 3. 1м-?дм 4. 1 дм-?см 5. 1 м жартысы қанша см-ға тең? 6. м бестен бір бөлігі ше? 7. 5м-? См 8. 3дм-?см 9. 5 кубы қанша? 10. 2 квадраты қанша? |
Бір оқушы дұрыс жауабын оқиды,қалғандары өзіндегі жааубымен дұрыс-бұрыстығын ажыратады.
Мұғалім қойған сұрақтарға тездетіп, нақты жауап қайтарады. |
|||||||||||||
Қызығушылықты ояту. |
“Басқатырғыш”ойыны «Сөзжұмбақ» ОИЯыМЕУИАОЫЯСЮЭСЫИЕА жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (МАССА).
Күн жадын жазғызу “Миға шабуыл” -Масса дегеніміз не? -Масса өлшем бірліктерін таңда килограмм, грамм, тонна, центнер, миллиметр. -Қай өлшем бірлігі артық? -Неліктен? Меңгерту тапсырмалары: №1 Топтық тапсырма: “Сәйкестендіру” әдісі Килограмм , грамм , тонна тонна, центнер топтары суреттегі заттардың қайсысын өлшей аласыздар? №2 Есте сақта! (электронды оқулық арқылы өлшем бірліктерінің арақатынасы түсіндіреледі) Өзіндік жұмыс 2кг = г 3ц = кг 50ц = т 2кг = г 3ц = кг 50ц = т №3Практикалық жұмыс —Заттың салмағын немен өлшейміз?
№4 Кесте бойынша есеп құр, шығар «Ойлан, бірік, талқыла» әдісі арқылы топта орындалады.
— Көбейтудің қандай қасиетін қолдандық?
|
Масса сөзін шығару арқылы жаңа сабақ тақырыбын табады Мақсат қояды.
Күн жадын жазып,сұрақтарға жауап беріп,бұрынғы білгендерін естеріне түсіріп, айтады.Артық өлшем бірліктердің не үшін артық екендігін айтып өтеді.
Суреттен тек өздерінің топатауымен өлшенетін заттарды шеңбермен қоршайды, айтып шығады.
Электронды оқулықтанөлшем бірліктерінің арақатынасы туралы тыңдап, өзіндік жұмыс ретінді қалып қойған сандарды жазып шығады.
Таразы түрлерімен танысып,№3 тапсырманы орындайды. Қораптың қайсысы бос екендігін,ұн салған қапшықтың қанша кг екендігін ауызша айтады.
Есептің шартын құрып , шығарады, постерде қорғайды. 200 грамнан 2 қорап кәмпит және 50 грамман 2 қорап печенье әкелінді. Барлығы неше кг? Ш: 200 · 2 + 50 · 2 =500 (200 +50) · 2=500
-Көбейтудің үлестірімділік қасиетін
|
|||||||||||||
Сергіту сәті | Илья Илиннің ауыр салмақты кір тасын көтеруде әлемнің 4 дүркін чемпионы болған сәтін бейнежазбадан көру.
Қосымша дерек. Салмақ өлшемдерін халық былайшы жіктеген Мысқал (1гр), қадақ (750 г), келі (1кг), пұт (16 кг), батпан (100 кг). Бұл өлшемдер мен бірге халық салмағынан жер ойылғандай, түйеге жүк болғандай деген сияқты бейнелеу, теңеу сияқты айшықты сөз өрнектерін қолданып ауыр, жеңіл деген сөздерді депайдаланады. Ауру батпандап келеді, мысқалдап шығады. Адамды онымен бір пұт тұз жегенде білесің. Мысқал аз, бірақ қымбат. Қадақ жаманаттың құнын біле жатарсың |
Ильяның жеңісіне қуанубелгісін құшақтасу арқылы көрсету. | |||||||||||||
Ой толғаныс | «Кенеттен сұрау» әдісі
НЕ артық: 99 кг ба, әлде 1 ц ме? Не кем: 11 ц ме, әлде 11 кг ба? Үлкен шаманы ата: 7кг, 800 г Кіші шаманы ата: 600 кг, 20 ц Үлкен шаманы таңда: 80 ц, 80 кг, 80 г Кіші шаманы таңда: 10 ц, 2 т, 100кг |
Қол көтеріп жауап береді. | |||||||||||||
Үйге тапсырма
Бағалау |
№ 6, 7 (18 – бет)
Бағалау парақшаларындағы ұпайларының қорытынды бағасын шығарады |
Күнделіктеріне жазады.
Ұпай санына қарап, шәкіліге сүйене отырып, өз –өздерін бағалайды. |
|||||||||||||
Кері байланыс | Белгілеп береді | ||||||||||||||
Оқу ісінің меңгерушісі: Абашова А.К
[bws_related_posts]
осы слайдты қалай сохранить етуге болады?
слайдты калай скачать етемін