Алматы облысы, Қарасай ауданы, Береке ауылы
«М.Бейсебаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәні мұғалімі-Джоланова Светлана Абдуалиевна
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Тақырып | Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау | |
Сілтеме | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей | |
Жалпы мақсаты | Мұғалімдерді жана критериалды бағалау жүйесімен таныстыру. | |
Ресурстары | Интерактивті тақта, маркер,стикер, ақ парақ, бейнежазба, түрлі-түсті қағаздар. | |
сабақтың өтілу кезеңдері | Уақыты
45 минут |
Сабаққа қатысушылардың іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин | Психологиялық көңіл-күй орнату;
Қатысушылар бір-бірімен амандасады (танысу, мектептерінің атын атау) Түрлі кәмпиттер арқылы топқа бөлінеді. Топ ережесімен таныстыру. |
Ой шақыру кезеңі | 5 мин | Коуч әр топқа өз кәмпитін бағалауға шақырады: түсі, құрамы, бойынша, т.б.
«КВН «спорт станциясы»» бейнетаспаны көру. «Мектептегі бағалау» коучингке қатысушылар өз беттерімен тақырыпты ашады. Өз ойларын ортаға салады. Тақырыпты ашып мақсатымен таныстырып, теориялық материалмен танысу. |
Тренинг | 5 мин
5 мин |
А) өз беттерімен көбелектің суретін салады (жеке жұмыс)
Б) екі қатысушы бір-бірінің суретін бағалайды? (жұптық жұмыс) -Сіз неге осылай бағаладыңыз? (мұғалімдердің қойған баға бойынша жауаптары) -қандай қиыншылықтар кездесті: А) осы тапсырманы орындаған кезде? Б) бір-бірінің жұмыстарын бағалаған кезде? В) суретті критериялар арқылы бағалау: -Ал енді осы суреттерді мына бағалау критериялары арқылы бағалаңыздар Критериялды бағалау (10 ұпай-«5») Көбелектің денесі 3 бөлшектен тұрады: Басы-1 ұпай Кеудесі-1 ұпай Денесі-1 ұпай Қанатының симметриялылығы-2 ұпай Көздері-1 ұпай Біз тұмсығы -1 ұпай Аяғы -1 ұпай Суреттің түп нұсқасы -1 ұпай -өзін бағалау; -бір-бірін бағалау; -критериялар арқылы бағалау; -қойылған бағаларды салыстырып, қорытынды жасау. |
Сергіту сәті | 3 мин | Коуч қатысушылардың тұруын, биді қайталауын өтінеді («Қызыл өрік») |
Топтық жұмыс | 17 мин | «Менің атым- Қожа» фильмінен үзінді көрсету.
Фильмдегі мұғалімнің іс-әрекетін салыстыра отырып, «Қазіргі мұғалім қандай болу керек» атты жобаны қорғау |
Кері байланыс | 3 мин
2 мин |
Рефлексиялық сауалнама
Қатысушылар өздеріне ұнаған жақтарымен, келешекте сабақта қолданатыны туралы ой қорытады. |