Басы » Информатика » Paint графикалық редакторымен таныстыру

Paint графикалық редакторымен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен таныстыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларды графикалық редактор құралдарымен, үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып, редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық:

Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып, оқушылардың дүниетанымдарын, ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:

Эстетикалық талғамын қалыптастыру және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Түсіндірмелі, сұраулы

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, тізім бойынша түгендеу. Назар аудару!

Техника қауіпсіздік ережесін сұрау.

Үй жұмысын тексеру.

  1. Жад деген не?
  2. Жад түрлерін ата?
  3. Үлкен көлемді ақпарат қайда сақталады?
  4. Сыртқы жадқа не жатады?

Дайындық кезеңі: Оқушыларды психологиялық дайындықтан өткізу. (жақсы, жаман)

Жаңа сабақты түсіндіру:

Видио. Paint бағдарламасында жасалған суреттер көрмесі

Пуск→Все программы→Стандартные→ Paint

Paint графикалық редакторы

Редактор терезесінің объектілері

Тақырып жолы

Меню қатары немесе мәзір жолағы

Түстер палитрасы

Ерікті аймақты белгілеу құралы

 

Белгілеу құралы

Өшіргіш/түрлі түсті өшіргіш

Құю (Заливка)

Түс таңдау құралы

Масштаб құралы

Қарындаш

Қылқалам құралы

Бүріккіш (пульверизатор эффектісі)

Жазу немесе мәтін енгізу

Түзу сызық

Қисық сызық

Тік төртбұрыш

Көпбұрыш

Эллипс

Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш

Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1.Құрал таңдап алу керек

  1. Сызықтың қалыңдығын, қылқалам түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау
  2. Кескіннің түсін таңдау
  3. Фонның түсін таңдау
  4. Сурет салуды бастаймыз

Суретке мәтін енгізу

Суретке сендер мәтін енгізу үшін      құралын пайдаланасыңдар

Егер сендер қаріптің өлшемін өзгерткілерің келсе, немесе оларды курсив, жартылай қалың немесе асты сызылған етіп жасағыларың келсе, онда бұл үшін Шрифты құрал-саймандар тақтасы қажет болады.

Егер бұл тақта экранда жоқ болса, онда мына команданы орындаңдар:

Вид – Панель атрибутов текста

Түр – Мәтін атрибуттарының тақтасы

 

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.
  • Қолды қысу
  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса.
  • Соншалықты айналым солға қарай жаса.

Шығармашылық тапсырмалар:

І

а) Кез келген  шеңбер сызыңыз. Қара сызықпен сызып ішін қызылға бояңыз

ІІ

а) 3 шеңбер,4 төртбұрыш,5 бояу, қарындаш құралдарын пайдаланып,салынатын суретті ойлап тап.

ІІІ

а) Шыршалар салу

 

Activote құрылғысы арқылы сабақты бекіту

 

Үйге тапсырма: 32 бет оқу қайталау.[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *