Басы » Бастауыш сыныптар » Әке мен бала

Әке мен бала

әке мен

 Махамбет ауданы

Е.Ағелеуов  атындағы Махамбет

орта мектебінің жоғары санатты

бастауыш сынып  мұғалімі

Альдешова ФаридаБақтығалиқызы

Ыбырай Алтынсариннің  өлеңдерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер ме?

Балалар бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала»

әңгімесімен танысамыз.

Кітаппен жұмыс: 1. Мұғалім әңгімені оқып береді.

  1. Оқушыларға тізбектей оқытады.

                              «Әке  мен бала»

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу қайтып келе жатып, жолда жатқан бір ескі тағаның сынығын көріп қалады.

Әкесі баласына: балам ана тағаны ала жүр —  деді.

Сонда баласы әкесіне сынып қалған тағаны алып не қыламын  деді.

Әкесі еш нәрсе айтпай тағаны  өзі алады.Қаланың  шетінде темірші ұстаға тағаны үш тиынға сатады.Ол ақшаға шие сатып алып ,орамалына түйіп, өзі шетінен бір – бірлеп жеп, баласына қарамай жүре  береді.Біраз жүргеннен кейін әкесінің қолынан шие жерге түседі.Оны баласы жерден алып, аузына салады.Әкесі шиені тағы біреуін жерге тастайды, баласы тағы  алып жейді. Сонда әкесі баласын тоқтатып былай  дейді.

Көрдің бе балам, сен жаңа жаман тағаны алуға ерініп  еңкейген жоқсын.Ал шиеге сен үш рет еңкейдің.

Бұдан былай есіңде болсын: «Аз жұмысты қиынсысаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең,  көптен құр  қаларсың» депті.

 

Сурет бойынша әңгімелеу.

 

9

 

 

1.Әңгімедегі   әке   қандай?

2.Әкенің  ісі  дұрыс  па?

3.Әңгімедегі   бала қандай?

4.Баланың істеген іс дұрыс па?

Сөздік жұмыс:  егіндік, таға, 3 тиын ( сол  кездегі құндылығы)  ертедегі,  әңгіме.

 

Оқушылардың   жауабы  бойынша  Венн   диаграммасы

 

Әке                                                                            Бала

 

 

Оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамыту мақсатында

сұрақтар қойдым.

1.Үлкендердің айтқанның  тыңдайсыңдар ма?

2.Үш тиынға зат алуға болама?

3.Балалар әңгімеде әке не тауып алды?

Таға дегеніміз:Аттың тұяғына тағылатын зат.Себебі:Қыс мезгілінде аттың тұяғы мұзға таймау үшін жасалған.

 

 

 

 

 

 

Сабақты   қорытындылау. Бүгін біз не үйрендік ?

  1. Әңгіменің  авторы кім?
  2. Әке мен бала ертегі ме,әлде әңгіме ме?

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *