Басы » Баяндамалар » Оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдалану

Оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдалану

 Махамбет ауданы

Е.Ағелеуов  атындағы Махамбет

орта мектебінің жоғары санатты

бастауыш сынып  мұғалімі

Альдешова ФаридаБақтығалиқызы

Оқыту үрдісінде жаңа технологияны пайдалану

   Жоспар.

 І. Кіріспе бөлім.

ІІ.Негізгі  бөлім. 

а)  Оқыту  үрдісінде  жаңа технологияны  тиімді  пайдалану.

 

ә) Заман талабына сәйкес оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін                               тиімді пайдалана білу.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

 

 

Еліміздің  болашақта  көркейіп,  бәсекеге  барынша

қабілетті елу мемлекеттің  қатарына  қосылуы бүгінгі

ұрпақтың қандай білім, тәрбие алатынына тікелей

байланысты.

 

Н.Ә. Назарбаев.

 

XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру  бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің  басты назарында Егеменді ел болып «Ел межесі елулікке ену басты мақсатымыз болған соң,білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру» жүйесінің басты  міндеті ұлттық  және жалпы азаматтық  құндылықтар,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдай жасау» дей отырып, басым міндеттердің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және мүмкіндігін дамыту,жеке басының дамуы  үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» деп көрсетілген.

Қазіргі уақытта мектептегі білім мен тәрбие берудің жолдарын ұлттық нышанға негізделуі қолға алынып, осы бағытта жұмыс істелуде.осы тұрғыдан  бастауыш мектептің мақсаты мен міндеттері анықталуының негізгі тамыры  ғылыми  педагогтың  бастауыш мектеп жайлы мұраларында орын алғанын ескеріп,оны басшылыққа алған жөн.

Бастауыш білім беру стандарты мен  білім мазмұнының тұжырымдамалары да,бүгінгі мектеп жүйесінде түбегейлі орын алған мәселеде,мектептегі білім тәрбие берудің мақсатын өзгерту бастауыш сатыдан басталуы керектігі анықталуда.Өйткені бастауыш саты оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.[1]

Бүгінгі күннің мүмкіндігін толық пайдалану, яғни оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін бастауыш сатыдағы білім берудің мақсаты, ең алдымен, оқушы дамуы мен тәрбиесіне беріледі, білім, білік, дағды осыған қызмет етеді.Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда.Демек, білімді ақпараттандыру мұғалімдердің кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптарды ұсынып отыр.

Білім беру сапасын жақсартудың бірден бір жолы жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.Технология  дегеніміз белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің  жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында жұмылдырылған,алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің  сипаттамасы.

Елбасының  Қазақстан халқына « Қазақстан-2030 »жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіп кемелденеді, біздің  балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.                                                                                      1

Олар өз ұрпағына жауапты да жігерлі,білім өрімі биік,денсаулығы мықты өқілдері болады.»деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңартылып,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері өз қолдауын тауып,оқу үрдісінде кеңінен қолдануда. Қай кезде де бүгінгі шәкірт ертеңгі ел тұтқасы. Осы ой Ш.А. Амонашвили, В.Ф: Шаталов: С.Н. Лысенкова:  В.В. Фирсов. М.М. Жанпейісова: О. Сатқанов:  Б. Игенбаева: Т.Оспанов: Б.Тұрғанбаева. тәрізді ғылымдар мен озық ойлы шеберлердің еңбектерін оқып үйренуге,көтеруге болатындығын меңзеді.Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды меңгеру қажеттілігі туындайды, олардың сапалық деңгейге көтеруге, жан-жақты меңгеруге мән берілді. Оқыту  технологияларының  көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-әрекетінің субъектісі етуге ұмтылдырады.[1]

«Бұлақ көрсең көзін аш »демекші бүгінгі таңда білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр.Мектептерде жаңа бағдарламалар,жаңа технология  әдістері көптеп пайдаланып жүр.Атап айтсам С.Жанпейісованың «Модульдік оқыту»,Қараевтың «Даралап  деңгейлеп,cаралап оқыту»; Ш.А. Амоношивили «Білім беруді ізгілендіру технологиясы» Сондай-ақ технологиялық  әдістердің бірі Қазақстан оқу Ассоциясының  ұйымдастыруымен «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасы.

СТО бағдарламасының қазіргі таңда алған білімді,білгенін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеудегі алатын орны ерекше.оның бұрынғы дәстүрлі.Оқу технологиясынан айрықша ерекшеліктері бар.Олар мынадай:

1.Оқушының интеллектуалды дамуының аз уақыт ішінде қабылдануы.

2.Оқушы мен мұғалім белсенділігінің  сайма –сай болуы.

3.Мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасында жауапкершілік пен  сенімділіктің  болуы.Сын тұрғысынан ойлау сабақтары және кез-келген осы бағдарлама  негізінде жасалатын шаралар оқушылардың, тыңдаушылардың өз бетінше тұжырым жасау,қорытындыға келу,құбылыстар арасынан  тиімдісін таңдай  білу,пікірталас жүргізе білу,басқалармен қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу,қажет жерде өз көз қарасын өзгерту,топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін  дамытады. Менің ойымша,осындай игі шаралар болашақ қазақстанның жемісің болмақ.

Қазіргі заманғы педогогикалық ой тұжырымдарда  гуманизм  идеялары, еркін білім,беру,оқушының жеке потенциялының  дамуы басты рольді атқарып отыр.Олай болса ,қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат,өмірдің барлық саласындағы белсенді,шығармашылық іс-әрекетін қабілетті,еркін және жан-жақты жетілген тұлғаны дамыту.Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.[2] Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік,ұшқырлық, сезімталдық

Сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі,қайшылықтарды  түсіну,заңдылықтарды анықтау шығармашылыққа деген педагогтардың  даналық ойларында,еңбектерінде, зерттеулердің қорытындыларында  анықталады.                                                                                                         2

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше рет орындалуы тиіс.Олар: шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы, ойлай білуге үйрету. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын,оны соған үйреткен жөн болар.Оқушының шығармашылығына бағыт бағдар беруді алғаш білім мазмұнына М.Жұмабаев болатын. Ол балалардың  ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең  ісі » деп атап көрсете келіп,мұғалім баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін  ескертті.

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру,бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады.Сондықтан бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп,дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай,оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу, оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру жағдайларды объективті түрде бақылау,талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс жеткізе білуге,дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне,шығармашылық бағытта жұмыс істейтін бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыратын міндеті тұр.Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып,оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

Бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екендігі белгілі.демек,сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп,ішінен қажеттісін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді  бақылап ,оның дамуын жан-жақты зерттей отырып,өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.Ұстаз баланың білім алуына емес,өз бетінше игеруіне және де тікелей емес жанама ықпал ету арқылы оқуды  ұйымдастырған жағдайда ғана сабақ нәтижесі жоғары болып,жаңа жүйе өз маңызын жоғалтпайды.

Білім берудің сапасын арттырудың бірден–бір жолын жаңа  педагогикалық әдістер.Еліміздің болашағы көркейіп,өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақтың біліктілік,іскерлік қабілеттеріне тікелей тәуелді.Осыдан жас ұрпақтың бойында іскерлік қабілеттерін ашу мен оларды шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. Ал оқушы жүйелі білім беру, ынта-ықыласын арттыру,қабілет қасиетін дамыту мұғалімнің қолында.Мұғалімнің беделін көтеретін –білім.

Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы –бүгінгі жастар.сіздер оларға қалай білім берсеңіздер,Қазақстан сол деңгейде болады»,деп атап көрсеткен.Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.Ертең осы елге ие болып,тізгінін ұстар азаматтары бүгінгі мектеп оқушысы.Иә,қазіргі уақыт талабы оқушыдан көп нәрсені білуді қажет етсе, ал мұғалім жан-жақты кәсіби дайындығы терең, өз бойына жинақтаған білімін жастарға үйрете алатын маман болуы  қажет.

Жаңа оқыту әдістері оқушының ынта ықыласын ізденіс әрекетін оятуға бағытталады. Оқыту әдіс-тәсілдерінде мұғалім бұрынғысынша әр баланың

3

деңгейіне сәйкес қабілеті мен ой өрісіне қарай, жеке-жеке әсер ету жолдарын қарастырады.Бұл оқушының таяудағы даму сатысының дамуын қамтамасыз етеді.Оқытудың мақсаты бір ғана  нәтижеге жету емес,ол әрбір оқушының іскерлігімен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау.Оқушылардың ынтасын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу керек.Дәстүрден тыс сабақтарды өзімнің іс-тәжірибемде басшылыққа аламын.Мысалы:жарыс сабағы,ойын сабағы,театрландырылған  сабақ. ашық пікірталас, семинар сабақтары.т.б

Мұндай сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.Оқушылар өз бетімен жеке ізденеді,қосымша материалдармен танысады.Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны жан-жақты дамыған  қалыптастыру болып табылатындықтан бұл жерде де жаңа технология бойынша,әдістемелік жүйенің басты компонентті оқыту мақсаты болып табылатын.Бірақ ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру,сондықтан оның өзіндік танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған  бөліктерінің (мазмұнын ,әдіс,оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптарымен өзгерулерін талап етеді.Осы талапты орындау үшін негізгі төрт мақсат көзделеді.

1.Жаңаша өзгерген  мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс әрекеттің  әдістерін меңгерулерін талап етеді, яғни «оқушы мұғалім»деген өзара байланыстағы қатынасты қарастырады.Бұл жағдайда бірінші орында тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

2.Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып,оқытудың дербес және топтық  түрлері болады.Оқытудың бұл түрінің бастысы оқушыға деген сенімін,оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып,өз беделі мен қадір-қасиетін сезімін дамыту.

3.Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды  ізгілендіру»қажет.Ол оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді.Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар  болу керек.Жаңа мақсат талап ететін оқулықтарда оқу материалдарының мазмұнын жаңаша баяндалады.Оқулықтарда келтірілген тапсырмалар да «сұрақ-жауап»диалогы түрінде беріледі, Оқушылардың өздігінен танымдық  іс-әрекетін дамытуға бағыттау.

4.Оқыту ісінің тұтастығы оқушының ынта- ықыласынан, қызығушылығына қабілетінен,оның өз бетімен оқу.ізденуінен және танымдық қызметін басқарудан тұрады.Мұның бәрі оқыту процесінде тұтас қамтылса ғана,логикалық жүйелі түрде бірізді білікті жүргізілсе ғана, білім сапасы жоғары деңгейде жүреді.

Мектепте әр пәнді өткізудің өзіндік ерекшеліктері мен тәсілдері бар. Оқушылардың пәнге сол өтілетін тақырыпқа деген қызығушылығын арттыруда мына стратегияларды пайдаланамын:

  1. Топтастыру.
  2. Венн диаграммасы .                                                                                  4

Бұл әдістерді пайдалана отырып сабақта мынадай  жетістіктерге  қол жеткізуге болады.

1.Оқушы өз ойын ашық айтуға үйренеді.                                                                2.Талқылауға белсенді араласады.                                                                                                 3.Топпен жұмыс жасауға үйренеді.                                                                   4.Шығармашылықпен жұмыстанады.                                                                                     5.Басқаға көмектесуге баулиды.                                                                                                              6. Шапшаң ойлауға үйренеді.

Жалпы оқыту технологияларын сабақта қолдануым оқушыларымның білім сапасын арттырып қана қоймайды, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға өз әсерін тигізеді.Тек олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап қолдана білуі керек. Оқушылардың даму қабілеті,қабылдауы әркелкі болғандықтан сабақ және оның барлық кезеңдерін :

а)  жаңа материалды түсіндіру,

ә)  ұсыну,

б)  сабақты қорытындылау,

в)  қайталау.

г) білім бойы дағдыны тексеру барысында оқушы білімін саралау жұмысын жүргіземін. Жаңа материалды жүргізу  барысында мынадай мәселелерге назар аударамын:1.Ең басты негіз білім мазмұны,пәннің теориялық мәні,тірек мәліметтері.Алғашқы деңгей әрбір тақырыптың ең негізі де басты қарапайым мазмұнын ашып,толық болмағанымен,сол тақырыптың білуге міндетті тұтас бейнесін беремін.Бұл деңгейді базалық деңгейі ретінде пайдаланамын.Қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді одан әрі кеңейтіп, дәлелдеп тиянақтаймын.

Негізгі мазмұнын нақтылаймын,ұғымдардың не үшін қалай қолданылатынын көрсетемін.Бұл деңгей мәліметтер деңгейін,көлемін арттырып, негізгі материалды кеңінен түсінуге көмегін береді.Дамытушы мәліметтер материалды біршама тереңдетіп,оған логикалық негіз береді, болашақта шығармашылықпен қолдануға жол ашатынын ескерте отырып, оқушыларымды шығармашылыққа баулимын. Бұл деңгейде менің оқушым өз бетінше жұмыс істеуге бағыт алады.Сабақтың кез–келген бөлігінде топ құрып алуға болады.Тиімділігі тақырыпты немесе тапсырманы жақсы түсінген оқушылар  қасындағы сына мәлімет береді.Сонымен қатар өзінің алған білімін нақтылайды.Жай қабылдайтын оқушыларым қосымша тағы да түсінік алады.Оқушылар топта жұмыс  жасау барысында бір-біріне көмектесіп,ойларын ортаға алады ынталарына күш қуат бере отырып,өздерінің білім алуына көтермелейді,олар өздерінің білетіндерін сыныптарына түсіндіреді,талқыға салады және үйретеді.

Мен өз тарапымнан бірлесіп жұмыс жасау дағдыларына басшылық етіп,оқушының өз пікірін жеткізуіне жағдай жасаймын. Топпен жұмыс жасауда алға қойған мақсатым:

-Оқу бағдарламасын меңгерту:                                                                       5

— Сын тұрғысынан ой қозғау:                                                                                                                     — Тіл дамыту, сөйлеуді дамыту:

-Ұжымдық іс-әрекетке баулу:

-Жеке бас мінез құлқын қалыптастыру.

Білмегенін топтағы оқушылар арқылы толықтыру.Топпен жұмыстың қағидасы алдымен өзін ойлап көршіңмен кеңес, топпен ақылдас.Бұл әдісті сыныптың оқушыларымен үнемі қолданып жүремін.Байқағаным тұйық, ұялшақ оқушылар өз ойларын ашық айтуға бір-бірінің айтқанын саралап, сараптап дұрыс, терісін айыруға үйренеді.«Оқумен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша:

а)Топтастыру.

ә) Бес жол  өлең шығару.

б) Қарама-қарсы  элементтер.

в) Хат жазу.

г) Болжау кестесі,

д) Кубизм.

е) Ішкі және сыртқы т.б.

стратегияларын үнемі сабақтарымда пайдалану арқылы сынып оқушыларының білім сапалары көтеріліп, белсенділігі артқандығы

байқалады.Бір ғана стратегияны қолданудың өзі үлкен әсер қалдырады.

Алдымен қай стратегияны қандай мақсатпен қолданатынымды анықтаймын.

Жан-жақты талдап жоспарлап,нәтижесін күтемін.сын тұрғысынан ойлау стратегиясы сабақта қолданғаннан байқағаным оқушылардың түгел қызыға белсенділікпен қатысатыны.

Кейде күтпеген пікірлер айтылады.Ондайда басқа оқушылардың назарын аударып, «дұрыс па сендер қалай ойлайсыңдар» деген сұрақ арқылы дәлелдетуге тырысамын. Мұндай жағдайда «менің пікірімше», «мен былай ойлаймын» деген сияқты сөздер оқушылардың тарапынан айтыла бастайды. Әрине бұл құптарлық нәтиже.Сонымен қатар сынып оқушылары ұжымның тәрбиесі де назардан тыс қалмайды.Бірлесіп жұмыс жасаудың негізі сыйластық ,қамқорлық. Топқа берілген тапсырманы бірлесіп жасау кезінде бір-біріне бағыныштылықты (сыйласып жұмыс жасау) дұрыс жүйеге салып бағыттап отыру керек. Топты немесе топ мүшесін марапаттап, бағалаған кезде жетістік әрқайсысына тікелей байланысты екенін ұғындыра отырып оқушылардың белсенділігіне ынтасын,ізденгіштігіне қозғау саламын. Немесе керсінше ұшқырлық пен белсенділік таныта алмауында жеке оқушының өзінің де үлесі барлығын сезінуге жұмылдырамын. Келесіде бұл оқушы топты алып шығу үшін тырысады,сол үшін ізденеді, кітапханамен байланыс жасайды.сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиясының әсерінен оқу тәрбие бағытында күтетін нәтижем:

1) Оқушы өзін-өзі дамытады.

2) Көзқарас, идея,еркін ой таласы                                                                                                                                                   3)  Өзін-өзі тәрбиелеуге үйрену.                                                                                                                   4)  Жауапкершілік,іскерлік.

5)Бірлік,белсенділік:                                                                                            6                                                    6)  Уақытты үнемдеу:                                                                                                                                     7)  Үлгерім сапасының  жоғарылауы.

 

Сауат ашу.  1 сынып.

Сабақтың  тақырыбы:  «Әке мен бала»  Ы.Алтынсарин.

Сабақтың мақсаты:  Қазақтан  шыққан тұңғыш педагог  Ыбырай  Алтынсариннің  өмірі және оның  шығармашылығы,еңбегі   туралы                                                                                                                                         білімдерін  қалыптастыру.

Білімділігі: Әңгіме мазмұнындағы оқиғаларға ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарастарын білдіре отырып,жүйелі әңгімелей білуге  дағдыландыру.

Дамытушылығы:  Оқушыларға бағыт бағдар бере отырып,өздіктерінен жұмыс  істеуге және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі:   Оқушылардың бойында  үлкен  адамдарға деген  қайырымдылық                                                                                                 қасиеттерін қалыптастыру.                                                                                                                                                                                                                                                          Көрнекіліктері :  Ы.Алтынсариннің суреті , мультимедия. әңгіме  бойынша сурет.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ.

Көрнекіліктері :  Ы.Алтынсариннің суреті , мультимедия әңгіме  бойынша сурет.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ.

.Әдіс-тәсілі:    Дамыта оқыту әдісі, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ жауап әдісі .

Сабақтың барысы:   I . Ұйымдастыру       II. Үй тапсырмасын пысықтау.

III. Шаттық шеңбері.        Армысың асыл күн

Армысың көк аспан!

Армысың мейрімді жер ана!

Армысың жан досым

Жылуына жылу қос

Міне  менің қолым бол.

Сұрақ, жауап әдісі:

  1. Неше жыл мезгілі бар?
  2. Кәзір жылдың қай мезгілі?
  3. Күз айларын ата

4.Кәзір күздің нешінші айы?

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *