Басы » Тарих » 1929-1931 жж қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау шаралары

1929-1931 жж қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және Кеңес үкіметінің жазалау шаралары

тариБатыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Шабдаржап ауылы

Харькин орта жалпы білім беретін мектебі

Тарих, экономика және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі

Байсақалова Әлия    Ізтұрғанқызы

Сабақтың тақырыбы: 1929-1931 жж қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері және  Кеңес үкіметінің жазалау шаралары

Сабақтың мақсаты:

    • Оқушыларға Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру салдары, зардаптары, шаруалар қарсылығы ауқымы мен сипатын анықтап білу, қосымша әдебиеттер мен бейнетаспаны пайдалану арқылы кең көлемді білім беру;
    • Қосымша материалдар арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру, білімін шыңдау, өзіндік ой қорытуға үйрету;

 

  • Оқушыларды елжандылыққа, өткен тарихты бағамдай білуге, Қазақстанның тәуелсіздігін қорғап өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, интертақта

Сабақтың барысы:  

І.Ұйымдастыру кезеңі

 

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару
  • Оқушыларды топқа бөлу

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

 

  • Карточкалар /конвертпен/ арқылы
  • Картамен жұмыс
  • Шығармашылық тапсырма / ауылымыздағы ашаршылықты басынан өткерген қарияларымыздан оқушылардың алған сұхбаты видеослайдпен2 минут қорғалады /

 

«Жылдар сөйлейді» /оқушылар жылдарға қатысты оқиғаларды еске түсіреді/

 

  • 1914-1918 жж
  • 1918-1920 жж
  • 1920 ж   26 тамыз
  • 1921 жылы наурыз  партияның Х  съезі
  • 1925 ж  желтоқсан партияның ХІV  съезі
  • 1927 ж желтоқсан партияның ХV  съезі
  • 1928 ж тамыз
  • 1929-1931 жж

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

  • Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы
  • Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес

1 тапсырма

 

  • Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды:
  • Қалалар мен құрлыстарға кету
  • Басқа аймақтарға, шетелге көшу
  • Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру
  • Қарулы отрядтар құру
  • Көтеріліске шығу.
  • Ірі көтеріліс ошақтары, барысы

 

1929-1931 жылдары өлкеде қарулы көтерістер болып өтті.

 

  • Көтерілістің жеңілу себебі:

 

  1. Көтерілісшілердің нашар қарулануы;
  2. Жеткілікті ұйымдаспауы;
  3. Ашаршылықтың әсері

 

  • Көтерілісшілерді жазалау шараларының салдары:

 

Республика аумағында 80 мыңдай адам қатынасқан 372 толқулар мен көтерілістер болған.

  • Респулика аумағынан шетке қашу жиіледі
  • Демографиялық апатқа әкелді
  • 1929-1931 жж 5551 адам жауапқа тартылып, 883-і атылған
  • Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды

2 тапсырма

 

  • 1932 ж қыркүйектегі Компартияның қабылдаған қаулысы.Міндеттері:

 

  • Ұжымдастыру кезінде республиканың шаруашылық, мәдени даму деңгейін ескеру
  • Шаруалардың даярлық дәрежесін ескеру.

 

  • Ұжымдастыру қателіктерін реттеу жұмыстары қалай жүргізілді?

 

ІV.Сабақты бекіту:  

  1. Бандит-басмашылардың көтерілісі деп бағаланған көтеріліс – Батпаққара.
  2. Көтерілісшілер басып алған аудан орталығы – Созақ.
  3. Иран, Ауғаныстанға көшіп кеткендер – Маңғыстау мен Ойылдан.
  4. Ұжымдастыру барысында компартия Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы қаулы қабылдады – 1932 жылы.
  5. Ұжымдастыру жылдарындағы толқулар мен көтерілістер саны – 372.
  6. Қарақұм көтерілісін, Орынбордан келіп басқан – 8 дивизия.

V.Үйге тапсырма:  «Ұлттың ұлы қайғысы» атты тақырыпқа эссе жазу.

VІ.Бағалау  / топ жетекшісі оқушыларды бағалайды/

 

Сол кездегі бар қазақтың арманы егін егіп ,мал бағып күн көру еді.

Әттең, оған үкімет мүмкіндік бермеді.1928 жылғы Ф.И.Голощекиннің  «кіші қазан»Төңкерісі елдегі байларды  құртып қана қоймай, тігерге тұяқ қалдырмады.

 

1931-33 жылдарда ашыққан халық тамақ іздеп осылай ел кезіп кетті

 

Ел ішінде ашыққандардың осындай топтарын жол бойынан, үлкен қалалардың базарларынан көптеп кездестіруге болатын еді

 

Сүттей ұйыған көшпелі қазақ өміріне «ұжымдастыру», «кіші қазан» төңкерісі ауыр тиді.«Қара қазан,сары бала» қамы үшін жағдайы барлар малын айдап шетелге қашты, жағдайы жоқтар тамақ іздеп қаңғып кетті.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *