Астана қаласы
Технология пәні мұғалімі
Тлеубердиева Галия Желеубаевна
Технология 7 сыныптар
Ұлттық баскиімдер түрлері
«Ауызша сабақ-1» технологиялық картасы
Сабақтың мақсаты: Ұлттық баскиім түрлері туралы оқушыларға мәлімет беру, ой-өрісін дмыту.
Міндеттері:
- Сұрақ – жауап арқылы мәтіннің маңызын анықтау;
- Оқушылардың тіл байлықтарын, сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды ұлтжандылыққа , рухани тазалыққа тәрбиелеу.
- Көрнекілігі, дидактикалық материалдар: қабырға картасы, слайд, ООМ.
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы | Технологиялық картаның жұмыс тәртібі | Түсініктеме
(63 %) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 кезең.
Ұйымдастыру кезеңі
|
1. Оқушылармен амандасу
2. Карта бойынша жұмыс ретін түсіндіру 3. Көшбасшыға сөз беріледі
. |
ООМ
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру
кезеңі |
Үй тапсырмасының орындалысын тексеріп өту:
Сұрақтар: 1. Сәнді кім жасайды? (арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды) 2. Киімді сәндеу дегеніміз не? (ол жаңа сән коддекциясын шығарудағы шығармашылық процес)
3. Сәннің қанша түрі бар? (екі түрі бар: техникалық және көркемдік сән)
4.Көркемдік сәнмен кім айналысады? (көркемдеуші сәнгер айналысады)
5.Техникалық сәндеумен кім айналысады? ( инженер конструктор айналысады) 6. Сәндеуге кіріспес бұрын не істеу керек? (сән үлгісімен мұқият танысу керек) 7. Сән таңдалған соң оған не береміз? (сипаттама беру керек) 8. Сәнді қандай талаптарға сүйеніп жасаймыз?(адамның дене бітіміне талғамына қарай таңдаймыз) 9. Киімді сәндеу дегеніміз не? (ол жаңа сән коллекциясын шығарудағы шығармашылық процес)
10. Сәнге байланысты матаның түс ерекшелігін шешіп, бұйымның қолданылатын орнын ескеріп не дайындайды? (үлгі дайындайды)
|
2 мин
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2 кезең
Қабылдауды ұйымдастыру. Есте сақтау. |
Тірек сөздермен жұмыс
Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады 1. Сән Берілген уақыттан соң блок жабылады. Оқушылар есте қалған сөздерді дәптерге жазады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады. |
7 сөз-35 сек
14 сөз-1 мин-15 сек 21 сөз-2 мин -30 сек
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Келесі кезең.
Ұғынуды ұйымдастыру |
Оқушылар мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты өңдейді. Тірек сөздердің мағынасын ашады. (6 минут)
|
Мәтінді оқу жылдамдығы
1 параққа 4 мин. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3 кезең
Түсінудің алғашқы тексерілуі. |
Қарама-қарсы сұрақтар:
1. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қазақтың ұлт ретіндегі ерекшелігі қандай? (Ол қазақтың ешқашан жалаңбас жүрмегендігі) 2. Жалаңбас жүрмеудің қандай негізі бар? ( эстетикалық, экологиялық негіздері бар) 3. Ұлттық баскиімдер түрлерін ата? (бөрік, қыздар тақиясы, сәукеле,қалпақ, қасаба, кимешек) 4. Бөріктің қандай атауларын білесіңдер? (сусар бөрік, құндыз бөрік, камшат бөрік) 5. Қыздар тақиясының жоғарғы жағы қандай болып келеді? (дөңгелек конус немесе төрт қырлы перамида) 6. Қалпақ неден тігіледі? (киізден тігіледі) 7. Қалпақтың неше түрі бар? (екі түрі: ақ қалпақ және айыр қалпақ) 8. Қасаба немен әдіптеледі? (алтын немесе күміс паршамен әдіптеледі) 9. Кимешек кімдердің баскиімі?(кимешек қазақ әйелдерінің баскиімі) 10. Сәукеле қандай түрлі заттармен әшекейленеді?(түрлі зер жіптермен, асыл тастармен, күміс түйреуіштермен әшекейленеді.) Қосымша сұрақтар: 11. Баскиімге қатысты қандай ырым-сырымдарды білесіңдер? 12. Бөрікті қазақ жылдың қай мезгілінде киген? (көктем және күз мезгілдерінде киген) |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 кезең.
Алғашқы бекітуді ұйымдастыру |
Сын тұрғысынан сұрақтар
Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады. 1. Қасаба әйелдер киетін сәнді баскиім + 2. Қасабаны қас аруға лайық деп білмеген (жоқ қас аруға лайық деп білген) 3. Табиғатпен етене өскен халық бас киімге де өзінің ежелгі материалдарын пайдаланбаған (жоқ пайдаланған). 4. Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын, аумалы-төкпелі кезеңдері-көктем мен күзде киген ( ия) 5. Қалпақ тек қыздар киетін баскиім ретінде саналады (жоқ ерлер киетін баскиім) 6. Ақ қалпақты ақ кигізден жасағандықтан «Аққалпақ» деп атаған + (киізден тігілуіне байланысты ақ қалпақ деп атаған) 7. Кимешек қазақ әйелдерінің баскиімі (ия) 8. Сәукеле-қазақ әйелдерінің арасындағы ең көріктісі (ия ең көріктісі) 9. Сәукеленің басты құрамды бөлігі-қалың маталардан жасалған желек (жоқ жеңіл маталардан жасалған желек) 10. Соңғы уақытта айыр қалпаққа айрықша мән беріліп жүр (ия)
|
Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.
Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.
Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5 кезең.
Бекітуді алғашқы ұйымдастыру |
ТСҚ Сөздік қорды орындау:
Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды. |
5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау және қорытындылау | Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды. | ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы
5 балдық шкаламен бағаланады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үйге тапсырма | Өткен сабақты қаталау | Барлық оқушыға көтермелеу, мадақтау сөздері айтылып, әркім өзінің еңбегіне лайық бағасын алады. |
[bws_related_posts]