Басы » Tәрбие сағаттары » Күз – мереке, күз – береке

Күз – мереке, күз – береке

Тақырыбы: Күз – мереке, күз – береке
Мақсаты: Оқушылардың күз туралы білімін кеңейту,ұштастыру.Оқушыларды табиғатты аялауға, өз өлкесін сүюге, еңбек адамдарының еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу, оқушылардың тіл байлығын дамытып, ой-өрісін, ойлау қабілетін арттыру. (Сынып бөлмесін безендіріледі. Күз туралы мақал–мәтелдер, плакаттар, күз көрмесі.) Әсем безендірілген залға музыка ырғағымен балалар кіреді.

I. Ұйымдастыру.
II. Жүргізуші: Ой, балалар, Алтын күзге бару үшін пойызға мініп барайық. (Балалар паровоз болып жүреді де, жарты шеңберге тұрып билейді.)
Армысыздар ,құрметті ата-аналар,
Бармысыздар, жадыраған ұстаздар!
Берекелі Алтын күз құтты болсын!
Уа,халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық.
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Қанеки, балалар, ортаға шығып өнерлерімізді көрсетейік.
1-бала:
Береке, бақ дарыған —
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған
Жетті міне Алтын күз!

2-бала:
Алма, алма дейсің,
Алма әкелсем жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.

3-бала:
Келістіріп бар сәнін,
Берген өзі табиғат.
Алтын күзді ал енді,
Қарсы алайық, жамағат!

4-бала:
Жүзім, алма жинаймыз,
Алтын мақта тереміз.
Үлкендерді сыйлаймыз,
Көмектесіп бәріміз.

Жүргізуші:
Бүгінгі мейрам,бүгін той,
Қуанышты күн, біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой.

(Жарық сөндіріледі.) Музыка ырғағымен залға Бұлт кіреді.(Билеп жүріп)
Мен қара түнек бұлтпын. Бірден жаңбыр жауғызамын, бірден найзағай шашамын, бәрі менің қолымда, мен күштімін, хо-хо-хо-хо. (Бұлт балаларды ұйықтатады.) (Музыкамен Күн кіріп билейді )

Күн: Неге қара түнек мұнда не болып жатыр? Балалар неге ұйықтап жатыр?
Бұлт: Күн, сен маған кедергі жасап тұрсың, мен сенің бүлдіршіндеріңді ұйықтаттып, ауа-райын бұзамын.
Күн: Жоқ, кәне, балалар оянамыз.(Күн балаларды оятады.) (Жарық жанады, балалар көзін ашады. )
Жүргізуші: Бұлт пен күн, сендер неге айтысып жатырсыңдар? Айтыспаңдар,ақылға келіп балалардың өнерлерін тамашалайық.

5-бала:
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Жарқырады жарқын күз,
Келді, міне Алтын күз!

6-бала: 
Топқа  бөлу. (мәнерлеп оқу,сурет салу)
Қандай өзі береген,
Алмасын-ай, алмасын!
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.

7-бала:
Күз жеткенше тамылжып,
Дастарханнан табылдың.
Мына бізден жасалар,
Қауыпқақ пен қауынқұрт

8-бала:
Мен алмұртпын, алмұртпын.
Аузындамын бар жұрттың.

9-бала:
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

Жүргізуші: Ал енді,балалар, бұлтпен, күнмен бірге ойын ойнайық.
Ойын: “Күн шықты,жаңбыр жауды.” Ойынды Күн мен Бұлт ойнатады.
Жүргізуші: Күн мен Бұлт, ойындарың өте қызықты екен, көп-көп рахмет. Күн әрқашан осылай сәулеңді шашып, бізді нұрландырып, қуантып жүре бер.
Күн: Балалар, сендерге көп рахмет, барлығың өнерлі балалар екенсіңдер. Бұлт екеумізді достастырып, көңілімізді көтеріп тастадыңдар. (Шығып кетеді)

III. Жүргізуші: 
Енді, балалар,ортамызға  “Күз ханшайымын” шақырайық.
Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз,
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші, алтын күз.

Осы кезде мерекелік көңіл-қүймен залға “Күз ханшайымы” кіреді.
Күз:
Армысыңдар ма, балалар!
Ерінбестен еңбек келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін-
Берекелі ырыс болып енетін.

IV. “Сен маған, мен саған” ойыны.

1. 
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі таңып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы, балаларым,
Бұл қай кезде болады?

2.    
— Бақшада нелер өседі?
— Көкіністер: картоп, сәбіз,орамжапырақ, пияз, қызылша, қызанақ.
— Ал бақта нелер өседі?
— Жемістер: алма, алмұрт, анар; жидектер: құлпынай, жүзім, таңқурай.
— Бақшаның зиянкестерін ата?
— Ұлу, шырыш, көбелек.

Жүргізуші: Қош келдің, Алтын күз! Өзіңмен бірге береке-байлық, молшылық, тоқшылық ала келдің. Біздің балаларымыздың өнері бар тамашалаңыз.

V. Кім көп біледі? ойыны.
1. Қазір біз жұмбақ аңның кейпін тауып көрелік.
Жұп-жұмыр тоным бар,
Инеден тоным бар.
Түйреген түрпімін, мен кіммін? (кірпі)

2. Ой толғаныс
— Кірпі туралы не білеміз?
— Кірпі орманда өмір сүреді, үсті тікенек, аяқтары қысқа, саңырауқұлақ, алма жейді.

3. Жұмбақ есеп.
Үш алманы бақтағы,
Кірпі барып жинады.
Ең әдемі тәттісін
Ақ тиінге сайлады.
Ыдыстағы алманың
Санап көрші қалғанын (2 алма)

VI. Ойын: “Экологиялық пирамида”
— Балалар тіршілік үшін не қажет?
— Топырақ, су, ауа, жеміс-жидек,
— Осылармен қорек ететін нелер, кімдер?
— Аңдар, құстар, адамдар?
— Міне біздер тіршілік пирамидасын құрдық.

Жүргізуші: Ешқайсысын алып тастауға болмайды. Алып тастасақ барлығы қирайды. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Ормандағы басты байлық — ағаштар мен жеміс-жидектер, оларды кесуге, таптауға, жұлуға, өртеуге болмайды.

10-бала: Жасыл желекті сындырмау керек. Ауа, су, топырақ – бұлар тіршілік көзі.

Барлығы: Табиғатты қорғау – барлық адамның міндеті. Отанымыздың табиғатын қорғаймыз.

VII. Қорытынды. Тілек айту.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *