Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы
Қайранкөл ауылы
«Қайранкөл орта мектебі» КММ
Жесупова Алмагүл Батрқанқызы
«Берекелі болса ел» 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Берекелі болса ел» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Дана да, дара, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан толығырақ мағлұмат беру. «Берекелі болса ел» өлеңінің мән-мағынасын ұғындыру.
ә) Дамытушылығы: оқушылардың ой — өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, әдеби тіл байлығын, көркем сөз шеберлігін, танымдық қызығушылығын оята дамыту;
б) Тәрбиелігі: ана тілін қадірлеуге, елін – жерін сүюге, табиғатты аялай білуге, Отанын қорғап қастерлеуге және білімді болуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, Венн диаграммасы, сызба қағаздар, дыбысталған үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.
-Сабағымызды мына өлең жолдарымен бастайық.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Бақыттымыз бірге біз.
ІІ. Үй жұмысын пысықтау, сұрау.
—Сұрақ- жауап арқылы «Бақ, Дәулет және Аман» мәтінін пысықтау, мазмұнын сұрау, сахналау
ІІІ. Жаңа сабақ:
а) «Ой қозғау» (слайд ) (назарларын слайдқа аударту, онда жазылған атаулар жайлы сұрау)
— Қалай ойлайсыңдар, мына атауларды кіммен байланыстыруға болады?
— («Ғылым таппай мақтанба», Семей өңірі, 1845-1904, әжесі Зере, әкесі Құнанбай …)
— … … …
Мұғалімнің кіріспе сөзі: (слайд )
Құрметті оқушылар, әріптестер! Бүгінгі сабағымда қазақтың ұлы ақыны, бүкіл жан–тәнімен, рухымен, ішкі сезім–күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын танытқан Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына толығырақ тоқталуды жөн көріп отырмын. Бұл сабаққа дайындалу барысында біз оқушылармен шағын зерттеу жұмысын жүргізген болатынбыз. Сөз кезегін сол зерттеушілерге берейік.
ә) «Мағынаны ажырату» «Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» стратегиясы.
- Топпен жұмыс:
1-топ: Сұхбат алушылар: (Келген қонақтарға, басқа топ мүшелеріне Абай Құнанбаев жайлы сауалдар қояды.)
… … …
Сұхбаттарыңыз үшін рақмет. Ендігі сөзді тәуелсіз зерттеушілерге берейік.
2-топ: Тәуелсіз зерттеушілер: (Абайдың балалық шағы мен ата тегі жайлы білімдерін ортаға салады.)
3-топ: Факт жинақтаушылар:
(Ақынның әдеби мұрасымен таныстырып өтті)
—Үнтаспа арқылы 31 қара сөз тыңдалды.
- Оқулықпен жұмыс: «Берекелі болса ел» өлең-толғауды оқу, талдау.
- Сұрақ-жауап әдісі арқылы:
—Бұл өлеңде не туралы айтылған?
—Берекелі ел қалай сипатталады?
—Берекесі кеткен ел туралы не делінген?
… … …
- —Ендеше, өлеңде қозғалған негізгі мәселелерге тоқталайық.
(актив-студиямен жұмыс)
Венн диаграммасын толтыру.
Берекелі ел Берекесі кеткен ел
- Шығармашылық жұмыс:
(жұмыс барысында «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдату.)
1-топ: «Ақынға хат»
2-топ: «5 жол өлең» құрастыру
3-топ: Тақырыпқа сай мақал- мәтел жазу
— Дәстүрлі «Абай оқуларының» Гран при жүлдесінің иегері Көңбай Ерқасымның әзірлеген Абай өлеңдерінен попури.
ІІІ. Қорыту:
Шалса да қырау самайды,
Үйретер саған талайды.
Оқы сен, оқы жалықпай,
Данышпан дана Абайды.
ІҮ. Бағалау (Әр топ, топ мүшелері бағаланады)
Ү. Үйге:
Өлеңді жаттау, тақырыпқа сай мақал-мәтел жинастыру.
[bws_related_posts]