Алматы облысы, Панфилов ауданы,
«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен »
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі
Д.Н.Абдрешова
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтерінің қасиеттері. Шеңбер мен түзудің өзара орналасуы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын білу. Шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын білу. Хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін түсіндіріп, меңгерту.
тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, бірлікке, ұқыптылыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу
дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық, трек-схемалар. Цифрограмма
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ақпараттық, практикалық
Жаңа технология: дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.
Сабақ мақсатымен таныстыру
ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау
- Үшбұрыш туралы не білеміз?
- Үшбұрыштар туралы тірек — схема бойынша сөйлеу
- Үшбұрыш түрлерінің анықтамаларын тұжырымдау
- «Шеңбер» сөзжұмбағын шешу
Сұрақтары:
- бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)
- екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)
- барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)
- бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
- үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын
кесінді? (медиана)
- бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
Ш | ||||||||||||||||
Е | ||||||||||||||||
Ң | ||||||||||||||||
Б | ||||||||||||||||
Е | ||||||||||||||||
Р |
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
Шеңбер және оның элементтерінің анықтамасын, шеңбер мен түзудің өзара орналасуын, хордаға перпендикуляр диаметр туралы теореманың дәлелдемесін электрондық оқулық арқылы түсіндіріп, меңгерту.
ІV. Бекіту сұрақтары
1) Шеңбер элементтері: центр, радиус, диаметр, хорда, доға, жанама
2) Шеңбер мен түзудің орналасуы
- һ > r
- h < r
- h = r
- Практикалық жұмыс.
- Шеңбер сызыңдар.
- Шеңбердің центрін белгілеңдер.
- Шеңбердің радиусын өлшеп тауып, жазып қойыңдар.
- Шеңбердің бойынан екі нүкте алып оларды А және В деп белгілеңдер.
- А және В нүктелері шеңберді неше бөлікке бөледі
- Доғаларды атап жазып қойыңдар
- АВ хордасын жүргізіңдер
- Шеңбердің В нүктесі арқылы өтетін диаметрін салып, СВ деп белгілеңдер
- В нүктесі арқылы шеңберге ВК жанамасын жүргізіңдер
10.АВ диаметрі мен В нүктесі арқылы өтетін ВК жанамасының өзара
перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер.
VІ. Электрондық оқулықтағы есептерді шығару
№1. Шеңбердің радиусы 2,5 см-ге тең. Шеңбер хордасы 6 см- ге тең болуы
мүмкін бе?
( Д = 5 см, хорда 6 см болуы мүмкін емес)
№2. Өзара перпендикуляр хордалар бір-бірін 5 см және 7 см кесінділерге
бөледі. О нүктесінен хордаға түсірілген перпендикулярды табыңдар.
№3. АВ және СД центрі О болатын шеңбердің диаметрі. Егер СВ = 13 см,
АВ = 16 см болса, АОД үшбұрышының периметрі неге тең болады?
VІІ. Бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма: 8.1; 8.2; 8.3; № 25 есеп
[bws_related_posts]