Басы » Бастауыш сыныптар » Санды және әріпті өрнектер

Санды және әріпті өрнектер

Оңтүстік Қазақста. облысы

,Мақтарал ауданы,

№25 Г.Титов атындағы ЖОМ КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кенжебекова Баршагүл

Сабақтың тақырыбы:Санды және әріпті өрнектер  (құру,оқу,жазу,салыстыру және мәнін  табу)

Сабақтың мақсаты: 1.санды және әріпті өрнектерді құру,оқу,жазу,оларды салыстыру және мәнін табу мәселелерін пысықтау;

2.талдау және салыстыра білу қабілеттерін дамыту

3.тиянақтылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену,талдау,салыстыру

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар,суреттер,қима қағаздар.

Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі

 

 

1.Психологиялық  ахуал орнату.

Көңілді қоңырау соғылды,

Сабақ бастауға дайынбыз біз.

Сыныптасқа көмектесіп,

Тыңдаймыз да,талдаймыз біз

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Тірек білімді белсендіру.Ауызша жұмыс:

А) Қашықтықты табу үшін…

Ә) жылдамдықты табу үшін…

Б) Уақытты табу үшін…

Формулаларды дұрыс табу

«Кім тапқыр» ойыны

S= V·t     v= S:t      t =S:V

4.Блиц- сұрау

1.Автобус 45 км/сағ жылдамдықпен 90 км жол жүрді.Ол қанша уақыт жүрді? (2 сағат)

2.Қоян 2 сағатта 16 км жүгірді.Ол қандай жылдамдықпен жүгірген?. (8 км/сағ)

3.Велосипедші 12 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат жүрді.Ол қанша жол жүрді? (24 км)

ІІІ.Жаңа сабақ

А) 1 сыныптан бері қарай айтылып келе жатқан өрнек,оның ішінде санды және әріпті өрнек мәселелерін қайталау.

Бүгін біз өрнек және санды өрнек туралы оқып білеміз.

Үлгі мысал дегенді

Өрнек дейміз енді біз.

Тапсақ егер жауабын

Таптық дейміз мәнін біз.

Ә) Топтастыру стратегиясын құру

Санды өрнек          әріпті өрнек

Үлестірмелі қима қағаздарды ажыратып алу.

Санды өрнегі бар карточкаларды таңдап және олардың мәндерін тап.

Б) оқулықпен жұмыс

№2 санды өрнек түрінде жазып көрсет және оқы:

(15+5):2=10

32·2-24=40

(27-2):5=5

69:3+20=43

№3 Әріпті өрнек түрінде жазып көрсету және оқы:

х-3·2

32:2+а

в+2·5

69·3-20

№6 есеп

Шарты:32г-4 шеге

400г-?

Шешуі:32:4=8 (г)

400г:8=50 (ш)

Жауабы:8г,50 шеге

№7 есеп

Шарты:

4 кг-264 тг

40 кг-? Тг

Шешуі:

264:4=66 (тг)

40 кг·66 тг=2640 (тг)

Жауабы:66 тг,2640 теңге

ІІ.Сергіту сәті:

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де

Қуанамыз күнге

Қуат берген бізге

Бәріміз де бірге

V.Сабақты пысықтау.

Жұптық жұмыс

Суреттегі 6 оқушының сұрақтарына жауап беру.

Әрбір суретте сұрақ және қандай мереке екенін анықтау.

(а-«Наурыз мерекесі»), «Астана күні»,

санды өрнек             санды өрнек

«Туылған күн»      8-наурыз- Аналар күні

Әріпті өрнек                    санды өһрнек

«Жеңіс күні»                    «Жаңа жыл»

Санды өрнек                   әріпті өрнек

 

VI.Қорытындылау.

А) Үйге тапсырма беру. №4,№5

В) Бағалау.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *