№33 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп
ПӘНІ: информатика
Пән мұғалімі: Аширова Лаззат Бейсенбековна
Сабақтың тақырыбы: Құжаттың құрылымы, беттердің өмірленуі колонтитулдер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға құжаттың құрылымы, беттердің нөмірленуі және
колонтитулдерді көрсету. Оларға мәтіндік құжатқа
колонтитулды құруды, беттерді нөмірлеуді, құрылым режімінің
батырмалары жайлы үйрету.
Дамытушылық:
Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік:
Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы
Пәнаралық байланыс: сурет, ағылшын, орыс, қазақ тілдері
Оқыту әдітері: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, өз бетімен жұмыс, тест жұмысы.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, анимация, оқулық, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы, кеспе қағаздар, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І.Ұйымдастыру кезеңі(2 МИН): 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру(8 МИН): «Ақпараттық диктант» арқылы үй тапсырмасы тексеріледі. Оқушыларға бос орындарға қажетті сөздерді тауып жазу үшін арнайы кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар жазып болған соң интерактивті тақтадағы дұрыс жауаптар көмегімен өздерінің диктанттарын тексеруге мүмкіндік алады.
1. Алмасу буфері дегеніміз не? {құжаттар мен қолданбалы программалар арасында мәтіндік немесе графикалық ақпарат алмасуға арналған дербес компьютер жадының арнаулы бөлігі}
2. Арнайы және еркін түрде алынған символдарды экранға шығаруды қай терезеде орындайды? {Символ сұхбат терезесінде орындайды }
3. Символ сұхбат терезесін алу үшін не істейміз?
{Кірістіру (Вставка ) => Символ бұйрығын орындау керек}
4. Керекті символды құжатқа кірістіру үшін тінтуірмен кестедегі символды ерекшелеп …… батырмасын басамыз. { Кірістіру }
5. Құжат тартымды немесе әдемі көріну үшін құжат бетінің фонын өзгертуге болады. Ол үшін ………. батырмасын басамыз.
{Бетті белгілеу => Беттің түсі (Фон) }
6. Бағандағы мәтінді бөлу: мәтіні бар бағанмен жұмыс істеу кезінде бағандағы мәтінді бөлгіміз келсе, қандай бұйрықтарды орындаймыз?
{Беттерді белгілеу =>Бөлу (Разрывы) =>Баған (Колонка) }
7. -белгішесі қандай қызмет атқарады?
8. -белгішесі қандай қызмет атқарады?
9. -белгішесі қандай қызмет атқарады?
ІІІ. ЖАҢА ТАҚЫРЫПҚА КІРІСПЕ (3 МИН)
1. Орысша “ДОКУТЕНТ” сөзінің қазақша аудармасы қандай? – ҚҰЖАТ
2. Септік жалғауы? – ТЫҢ
3. Орысша «Структура» сөзінің қазақша аудармасы қандай? —ҚҰРЫЛЫМ
4. Қазақ әліппесінде 42 әріп бар. Соның 37-ші әріпін тап? – Ы .
Осы сөздерден «Құжаттың құрылымы» деген сөйлем бүгінгі тақырыбымыз ашылады.
ҚҰЖАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. БЕТТЕРДІҢ НӨМІРЛЕНУІ.
КОЛОНТИТУЛДАР.
IV. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ (11 МИН)
І. Құжат сызбасы режіміне өту үшін Түр мәзіріндегі Көрсету немесе Жасыру тобындағы Құжат сызбасына қанатша қою қажет (64-сурет). Құжат сызбасы режімі тақырыптардың құжатта орналасуын көруге мүмкіндік береді.Қажет тақырыпқа шертсек, құжаттың кез келген жеріне ауыса аламыз.
Егер мәтінде бөлімдер, бөлімшелер болса, онда
Құжат сызбасы режімінен шығу үшін Түр мәзірінен Көрсету немесе Жасыру тобында Құжат сызбасы сызбасы батырмасын шертеміз.
Құрылым режімі Құжат сызбасы режіміне ұқсас. Бұл режімде тақырыптарды негізгі мәтінмен және тақырыпшалармен бірге араластыруға болады. Құрылым режіміне өту үшін Түр мәзірінен Құжатты көру режімдері тобынан Құрылым батырмасын басу қажет (65-сурет).
Структура (Құрылым)
— абзацты солға жылжытады .
— абзацты 1 қадам солға жылжытады.
— Абзацты 1 қадам оңға жылжытады .
— негізгі мәтін ретінде жолдың басына орналастырады .
— келесі жолды белгілейді.
— үстіңгі жолды белгілейді.
«+ » — мәтінге 1 жол қосады .
«-» — мәтінен 1 жол кемітеді.
Құрылым деңгейін көрсететін батырма.
Мәтіннің пішімін көрсететін қанатша.
Бірінші жолды ғана көрсететін қанатша.
Құрылымды жабу батырмасы арқылы Құрылым режімін жабамыз.
Беттердің нөмірленуі
Бетті нөмірлеу сұхбат терезесін ашу үшін Кірістіру (Вставка) => Беттің нөмірі батырмасын шертеміз, нөмірді құжаттың қай жағынан (жоғарғы әлде төменгі) және нешінші беттен бастап нөмірлеу керектігін белгілейміз.
Колонтитул Жоғарғы немесе Төменгі колонтитул болып бөлінеді. Олар беттің төменгі және жоғарғы жағында орналасқан мәтіндер.
Колонтитулдарды құру үшін Кірістіру мәзірінен Колонтитул батырмасын шертеміз. (66-сурет).
Колонтитулдармен жұмыс істегенде Конструктор мәзірі пайда болады. Бұл қосымша колонтитулдармен жұмыс істеуді жеңілдетеді (68-сурет).
Колонтитулдармен жұмыс режімінен шығу үшін Конструктор мәзіріндегі Колонтитулдар терезесін жабу батырмасын шертеміз.
Оқушыларға өз сөзіммен түсіндіремін. (дәптерге түсіру)
V. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ. БАҒАЛАУ (19 МИН)
Колонтитул – әрбір беттегі ақпарат туралы жалпы мәлімет немесе сурет.Колонтитулға әдетте, беттің нөмірлері, кітап аттары немесе ағымдағы бөлім аттары жазылады.
VІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА (2 МИН)
ОРЫНДАЛМАЙ ҚАЛҒАН ДЕҢГЕЙ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ;
§14 . 94-98 БЕТТЕРДІ ОҚУ;
99-БЕТТЕГІ ТЕСТТІ ШЕШУ;
ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ СӨЗЖҰМБАҚ НЕМЕСЕ РЕБУС ҚҰРАП КЕЛУ.