Алматы облысы
Ақсу ауданы
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта -мектеп гимназиясы
Рахымберлина Майнұр Өкенқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу.34*23, 782:24.
Мақсаты:
Білімділік: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу амалының әдіс
тәсілдерімен таныстыру.баған түрінде көбейту мен бұрыштап бөлу жағдайларын негіздеу.
Дамытушылық: Оқушылардың санау есептеу дағдысын дамыту. Ойлау
қабілетін, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, дұрыс есептеуге,
санай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың типі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау, түсіндіру, ойындар.
Көрнекілігі: суреттер,
Болжамдап отырған нәтиже: Екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейту және бөлу амалын әдіс тәсілдерін үйренеді.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
«Ақыл жастан, Асыл тастан»,- дегендей мына егеменді еліміздің болашақ жеткіншектері сендерсіңдер, балалар.
Міне, кеше ғана біз еліміздің егеменді ел болып өз Тәуелсіздігін алғанымызға бірталай жыл ды артқа тастап, мерей тойды атап өттік. Тәуелсіздігіміздің арқасында мемлекетіміздің өзіне тән Гимні, Елтаңбасы, Туы бар. Еліміздің болашағы, көк туымызды ашық аспанда желбіретіп ұстау мына сендердің қолдарыңда.
Ал, болашақ білімді азаматты ғана талап етеді. Бізде математика сабағы болғандықтан мен сабағымды ұлы тұлғалардың қанатты сөздерінен бастағым келіп отыр.
«Адамның ақыл — ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді» деп атақты физик математик Орынбек Жәутіковайтқандай осы сабақта бізде ақыл ойымызды кеңейтейік деп сабағымызды үй тапсырмасынан бастасақ.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 9-бет №9
80*15=1200 14*17=238 5680 : 8 * 7 – 8130 : 30=
90*16=1440 17*19=323 558720 : 9 * 5 – 6140 : 20=310080
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту екі таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмін кім айтып береді?
- Бірінші көбейткішті бірліктер санына көбейтемін
- Бірінші толымсыз көбейтіндінің мәнін табамын.
- Екінші көбейткіштерді ондықтар санына көбейтемін.
- Екінші толымсыз көбейтіндіні табамын.
- Толымсыз көбейтінділерді қосып, мәнін табамын
- Жауабын оқимын.
ІҮ. Жаңа сабақтың мақсатын қою. Екі таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін тауып үйрену
Дұрыс балалар енді дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.
Көркем жазу׃504 504
Ү. Жаңа сабақ׃ Екі таңбалы санға көбейту және бөлу
Ал, балалар енді жаңа сабағымызға көшелік. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Екі таңбалы санға көбейту және бөлу яғни 34•23 көбейтуді бөлумен тексеру 782׃ 34
Балалар біздің қазақ елі қандай кең, жері бай болса халқы да сондай кең пейілді, мол дастарханды той – берекелі халық. Біз өзіміздің егеменді ел болып, бейбіт өмірде өмір сүріп жүргенімізге, үлкен той жасаймыз.Ал, қазақтар той артынан үлкен жарыстар ұйымдастырып, сол тойға келген адамдардың бәрін де құр жібермеген. Бүгін біз «Ер — қанаты ат» жарысына қатысамыз
Мұғалім түсіндірмесі׃
Ал енді балалар той басталды.
Ей, жарандар, жарандар!
Мына маған қараңдар,
Біздің жақта той болып,
Дастархан жайып, қой сойып,
Қуырдақ қылып, нан жайып,
Мәре – сәре боп жатыр.
Ей, жарандар, жарандар!
Тойдан құр қалмаңдар.
№1
34*23=34* (20+3)=34*20+34*3=680+102=782 1) 34 34 102
* 3 *20 + 680
102 680 782
Жазылу үлгісі 1) 34 34
* 23 *23
102 102 -бірінші толымсыз көбейтіндінің мәні-102
+ 680 + 68 -екінші толымсыз көбейтіндінің мәні 680 немесе 68 онд.
782 782 олардың қосындысы 782 34 пен 23 тің көбейтіндісінің мәні
ЕСІҢЕ САҚТА! ТҮСІНДІРУ
№2
А, 782 34 1-толымсыз бөлінгіш 78 бөліндінің мәнінің ондығы 20
—68 23 2-толымсыз бөлінгіш 102 бөлінді мәнінің бірлігі 3
102 782 мен 34 тің бөліндісінің мәні 23
—102
0
Ә) 782 23
—69 34 1-толымсыз бөлінгіш 78 бөліндінің мәнінің ондығы 30
92 2-толымсыз бөлінгіш 92 бөлінді мәнінің бірлігі 4
—92 782 мен 23тің бөліндісінің мәні 34
0
№3
74
* 62
148 -бірінші толымсыз көбейтіндінің мәні-148
+ 444 -екінші толымсыз көбейтіндінің мәні 444.
4588 толымсыз көбейтінділер мәндерінің қосындысы 4588 көбейтіндінің мәні 4588
Ә) 4588 62
—434 74 1-толымсыз бөлінгіш 458 бөліндінің мәнінің ондығы 70
248 2-толымсыз бөлінгіш 248 бөлінді мәнінің бірлігі 4
—248 4588 бен 62- нің бөліндісінің мәні 74
0
№4 Құнан жарысы арқылы орындау ׃
952 ׃ 34 = 28 832 ׃ 32 = 26 24* 12 = 288 17* 23 = 391
28*34=952 26*32=832 288:12=24 391:23 =17
№6 тай жарысы арқылы орындау
4092 ׃ 56 =73 (қалд 4) 4097 ׃ 73 = 56 (қалд.9) 3398 ׃ 64 = 53 (қалд 6) 3395 ׃ 53 = 64 (қалд 3)
73*56+4=4092 56*73+9 =4097 64*53+6=3398 64*53+3=3395
Сергіту сәті׃
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
ҮІ. Түсініктерін тексеру
№7
Картоп -110кг
Сәбіз -? 20кг кем
Пияз -?10 есе кем
14 күнде қанша кг көкөніс жұмсайды?
Шешуі׃ 110+(110-20):10=20
(110+90+20)*14=220*14=3080
Жауабы׃ 14 күнде 3080 кг көкөніс жұмсайды
№ 8
Көкпар ойыны арқылы ауызша орындалады׃
1т -60кг май жұмсалады,
3т-3000*60=180000
10т-10000*60=600000 май жұмсалады
6т-6000*60=360000
Математикалық диктант
А. 720 ның 90 ге бөліндісі 268 бен 196 ның йырмасына тең
Ә. 438 бен 40 тың көбейтіндісі 9806 мен 8514 тің қосындысына тең
Теңдік тура ма тексер
8 73 17520 18320
720:90 < 269-196 438*40 < 9806+8514
ҮІІ. Қорытындылау Бәйге׃
1) Баған түрінде дұрыс жазылған мысалды анықта
А) 5700 В) 5700 С) 5709
* 9 * 9 * 9
1) 7800 бен 2 – нің көбейтіндісі нешеге тең?
А) 156000 В) 15600 С) 1560
2) Бөлінгіш пен бөлгіш өз ара тең болса бөліндінің мәні нешеге тең?
А) 0 В) 1 С) бөлінгіш
3) Бөлуді қай амалмен тексереді?
А) Азайтумен В) Қөбейтумен С) Қосумен
5) көбейткіштің бірі 1 – ге тең болса, көбейтіндінің мәні нешеге тең?
А) 1 В) 0 С) екінші көбейткішке
Міне балалар, біздің бүгінгі жарысымыз мәресіне жетті. Ешкім құр қалған жоқ. Әр топ өзінің шабысына қарай өз бағаларын алды. Енді осы тойда көргендеріңді, ат шаптырып той жасап жатқанымызды өз ауылдарыңа айта барыңдар деп үйге тапсырма №5
ҮІІІ. Үйге тапсырма №5 11-бет
Бағалау
[bws_related_posts]