Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның өнері
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұны мен негізгі идеясын ашу.
Сілтеме: Әдебиеттік оқу.Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 2-сыныбына арналған оқулық. Алматыкітап баспасы 2013ж.
Сабақтың міндеті: -Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға үйрету.
-Оқушылардың шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға,қиялдауға, шешен сөйлеуге жағдай туғызу.
— Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын, еңбекқорлығын үлгі ету.
Күтілетін нәтиже: — Құмырсқаның еңбекқорлығы туралы біледі.
-Өз бетінше ой қорытуды меңгереді.
-Сыни ойлау, танымдық-шығармашылық белсенділігі артады.
Түйінді идеялар: Мәтінді талдай отырып, күнделікті өмірмен байланыстырып, салыстыра біледі. Мәтіндегі түйінді ойды тауып, ой түйеді.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: Диалог әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар қояды.
Топтық жұмыстар: өз ойын еркін жеткізу, қосымша деректер жинау, дәлелдеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер.
Қолданылған модульдар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқыту мен оқудағы көшбасшылық. Жас ерекшелігіне сай оқыту.Оқыту үшін және оқу үшін бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қағаз қиындыларын тарату арқылы сыныпты топқа бөлу.
Қағаз қиындыларындағы жазуды оқып, топтарға бөлінеді.
«Орман», «Тоғай», «Бақ», «Тау» тобы.
Әр топ топ басшысын сайлайды.
ІІ. Психологиялық ахуал. (Ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.)
Табиғатты қолдай біл
Аң құсын да қорғай жүр
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз
Табиғат бөлек демеңіз
Сол үшін жауап береміз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Құмырсқаның өнері»
Мәтінмен жұмыс. Мәтінді өз беттерінше оқып, дәптермен жұмыс жасайды.
Сөздік жұмыс жасау.
ІҮ. Топпен жұмыс. Топқа берілген тапсырмалар бойынша, жұптасып бір-бірімен ой бөліседі, диалог жасайды.
Сыни ойланады, талдайды, сараптайды, болжамдар айтады, қорытынды шығарады. Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта талдап, бір шешімге келеді. Постер жасап қорғайды.
I — топ: — Ертегі кейіпкерлерін ата (Құмырсқа мен қарға)
II- топ: -Қарғаға мінездеме беру
III-топ: — Құмырсқаға мінездеме беру.
IV –топ – Бейнефильм тамашалап, түйінді ойды табу
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
Ү. Сергіту сәті: Оқушылар қимылын жасайды
Достығы жарасқан, (Оң қолды жоғары көтереді)
Сыйлы біз баламыз. ( Сол қолды жоғары көтереді)
Келісіп бәріміз, (Бір – бірін көрсетеді)
Татулық табамыз. (Өзін көрсетеді)
Бәріміз бір болсақ. (Барлығы қол ұстасады)
Әр топ берілген тапсырмалар бойынша жұмысын қорғайды.
ҮІ. «Теруге қатыс» ойыны
Мақсаты: тапқырлыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа үйрету.
Ойынның шарты: суреттердің ішінен бүгінгі ертегі кейіпкерлерінің суретін тауып алады. Оқушылар суреттердің ішінен бүгінгі ертегі кейіпкерлерін теріп ала отырып, өз ойларын қорытындылайды.
ҮІІ. Қорытынды: «Құмырсқа» туралы қызықты мәліметтер беру. •Құмырсқалардың жер бетінде 6000 түрі болады екен.
Илеу құмырсқалардың күмбезделген ұясы. Ірі илеудегі құмырсқалардың саны бірнеше миллионға жетеді. Илеудің жер астындағы бөлігі болады. Оны жас құмырсқалар дамып жетілетін жолдар торлап жатады. Құмырсқалар тек қана топ-топ болып қана емес, аналық, аталық және жұмысшы құмырсқа-лардан құралған семьялармен ұзақ жылдар тіршілік етеді. Жұмысшы құмыр-сқалар өзара еңбек бөліседі, Солдат құмырсқалар әрбір кіре беріс жолында іннің аузын басымен жауып трады. Илеуге оралған жұмысшы құмырсқа кіре берістегі жолды жауып тұрған солдаттың басын мұртшасымен тықылдатып қаққанннан кейін ғана илеуге ене алады. Негізгі қорегі насекомдар, өсімдік дәндері. Олар ортаны тазартып табиғатқа көп пайда келтіреді. Оның шаққаны улы. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды!
Жұмбақ шешу.
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр.
Қара тауды арқалап бара жатыр.
Бір балуан өзі күшті, қайраты мол.
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе.
Қайқаңдап өте берер бәрінен ол.
ҮІІІ. Бағалау.Бағалау парақшасы бойынша. Топ басшылары бағалау парағын толтырады.
Кері байланыс. Бағалау ағашы арқылы сабақтан алған әсерлері мен өздерінің қалай жұмыстанғандықтарын жазады.
Үйге тапсырмасын түсіндіру. Мәтінді мазмұндайды,