Басы » Кембридж бағдарламасы » Дыбыс үндестігі (Қысқа мерзімді жоспар)

Дыбыс үндестігі (Қысқа мерзімді жоспар)

Қысқа мерзімді жоспар

Күні: 11.09.2015. Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі.
Сабақтың  мақсаты: Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру арқылы білімдерін кеңейту.
Күтілетін нәтиже: Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру арқылы жаттығуларды орындауға дағдыландыру.
Оқыту тәсілдері:  Сұрақ-жауап, «Орнын тап» және «Бағдаршам» әдісі, топтық жұмыс, «Ойлан, тап!» ойыны.

 

Модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Дерек көздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық, оқулық,жұмыс дәптері, дидактикалық материалдар.

 

Сабақ  кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Кіріспе.

 

Топқа бөлу

5мин

 

 

 

 

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс- біздің сеніміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл-күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір-біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше орнымызға отырар алдында біз топқа бөлініп алайық.  

Топпен, жұппен, үштікпен, төрттікпен билеу арқылы топқа бөлу.

 

Үй тапсырмасын тексеру 3мин 4-жаттығу.

Сұрақ-жауап.

Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін тексеру.

4-жаттығу.

Сұраққа жауап береді.

Тұсаукесер

«Қызығушылықты ояту»

 

3мин

 

 

 

 «Орнын тап» ойыны.

-Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қою.

. Н…урыз к…ні әл…мг… шу…ғ…н ш…ш…п т…р, бір…қ қ…зуы әлс…з …йткен…н к…кт…м де к…ліп қ…л…пты.
Негізгі бөлім.

«Мағынаны ашу»

 

5мин Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Суреттегі заттарды ата.Осының ішінен соңғы дыбысы қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді ата.

Сөздерге қосымшалар жалғап жаз.

1-жаттығу.

Ағаш, жолбарыс, қасқыр, гүл, кесе, кітап, бүркіт, арыстан.

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

«Жасырын сөзді тап»

 

12мин

 

2-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жаз.Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тиісті белгілермен белгіле.

3-жаттығу.

Өлеңді жатқа жаз.Өлеңде дыбыс үндестігі ережесіне мысал болатын сөздерді тауып, олардың астын сыз.

5-жаттығу.

 

2-жаттығу.

Қаздың, қобызға, сазға, қарбыздың, жалбызға.

3-жаттығу.

Мен туған жердің көлдері

Жатады жаймен тербеліп.

Тұрпаты сондай тамаша,

Нанбасаң өзің кел көріп.

5-жаттығу.

Т әрпінен бастап, жасырынған сөзді табады.

Осы сөзді қатыстырып мәтін құрастырып жазады.

«Сергіту сәті» 3мин Музыка әуенімен қимылдар жасату.  Қимылдар жасап, билейді.
 

Қорытынды

 

 

3мин

 

  «Ойлан, тап!» ойыны

 

 

Оқушылар сұрақтарға топпен бірігіп, жауап беруге талпынады.

Үй  тапсырмасы 1мин 4-жаттығу. 24-бет.

 

Күнделіктеріне жазып алады.
Кері байланыс 2мин «Бағдаршам»

Сабақтан  алған  әсерлерін  белгілеуді  сұрайды. (жасыл-тамаша,сары-орташа,қызыл-төмен)

Өзінің  көңіл-күйіне  сай  бағдаршам  түсіне  стикер  жапсырады
Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3мин Топ  басшыларынан бағалау  парақтарағындағы критерийлер бойынша  жиынтық бағалау жасайды.

Оқушының аты-жөні Топта сөйлеп, идея айтқанды-ғын бағала Белсенділігін бағала
1    
2    
3    
4    
Топ басшысы бағалау парағындағы критерийлер бойынша  топ  мүшелеріне  ұпайын қояды.

 

 

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі   орынбасары:                                             Сейтмағамбетова А.С

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *