Астана

Қарағанды облысы

Шет ауданы

Ақсу-Аюлы  мекені

Ж. Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Нұржанат Мұқабылқызы

 

Ана тілі  2-сынып

 

Тақырыбы:   Астана

Мақсаты: а) Оқушыларды еліміздің астанасы Астана қаласымен және

тарихымен таныстыра отырып, елордамыздың ертегі әлеміндегі

ғажап кала екендігін, оның халықтың бірлігінің арқасында бой

түзегендігін түсіндіру.

ә) Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тарихи

мәліметтерді саралай білуге,  байланыстырып сөйлеу

дағдыларын жетілдіріп,  шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б)Өз Отанын сүюге, Астананы мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, ребус, тірек сызба.

Сабақтың типі:  аралас

Түрі: топпен жұмыс

Әдісі: сұрақ-жауап,  түсіндіру, баяндау, оқулықпен жұмыс т.б.

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы.

  1. Психологиялық дайындық.
  2. Топ ережесімен таныстыру.

Тыныштық сақтау.

Бірін-бірі тыңдау.

Ойын ашық айту.

ІІ Өткен сабақты қайталау.

1-тапсырма. Сәкен  Жүнісов  «Кімнің мекені жақсы» мазмұндау.

І топ – І бөлім.

ІІ топ – ІІ бөлім.

ІІІ топ – ІІІ бөлім.

2-тапсырма.  Өз туған жерің саған несімен ұнайды?

Жазып келген шығармаларын оқыту.

3-тапсырма. Мақал-мәтел жатқа сұрау.

Мұғалім. Сонымен дүниедегі ең жақсы мекен , жайлы қоныс – әркімнің өз мекені, өз жері екен.

ІІІ Жаңа сабақ.

1-тапсырма.Ребус шешу. Қазақстан. Астана. Алматы.

-Бұл сөздердің біздің туған жерімізге қатысы бар ма?

— Иә, біздің туған еліміз – Қазақстан. Алматы, Астана біздің еліміздің бас қалалары.

2-тапсырма. — Астана туралы не білесіңдер? ( Оқушылардың Астана туралы білетіндерін тыңдау),

Интерактивті тақтадан Қазақстан картасын, Астананың қазіргі келбетін көрсетіп, әр ғимаратқа қысқаша тоқталып өту.

Астана қаласы кең байтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыздың қасиет тұтып, қастерлеген әйгілі Сарарқаның төрінде, Есіл өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан.

Қаланың қалыптасу кезеңдері:

Қаланың негізі1830 жылы қаланған;

1961 жылға дейін Ақмола қаласы;

1961-1992 жылға дейін Целиноград қаласы;

1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды (Ақмола).

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақ мемлекетінің астанасына айналды. Ал Елбасының 1998 жылғы 6-мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.

Астана күн санап көркейіп келе жатқан  қала. Оның өсіп-өркендеуі, сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан көргенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.

Бүгінгі таңда Астана туралы, оның көркіне сүйсініп, әсемдігін жырламаған ақын кем де кем.

Бүгінгі сабақта ақын апаларымыздың бірі Күләш Ахметованың «Астана» өлеңімен танысамыз.

Дәптермен жұмыс.

«Пікірлер ағашы». Автор туралы.

 

1946 жылы Қырғызстанда

туған.                                                                 «Ақ гүлім»

«Жапырақ жаздың жүрегі»

Қазақтың көрнекті ақыны

                                                                          «Мейірім»

«Сен менің

бақытымсың»                                                

                                                                           «Күн шыққанда күліп оян»

                                                                                   өлеңдер

 

«Астана» өлеңін оқып беру.

Өлеңді оқушыларға оқыту, талдау.

 

3-тапсырма. Өлеңдегі ақын ойын сызба бойынша түсіндіру.

Сарыарқа                            Алатау                               Алматы

 

 

Есіл                                 Алматы                                 Астана

 

Астана

 

Бәйтерек

Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тауып, тұтастай оқыту. Әр топ оқушыларына оқыту.

4-тапсырма. Сұрақ-жауап:

І топ. -Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

ІІ топ. -Алатау тауы қай қалада?

ІІІ топ. -Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады?

5-тапсырма.

І топ. «Адасқан сөздер»ойыны. Сызықтармен жүргізу.

Астана                             Алатау

Отан туралы                   Бәйтерек

Есіл                                 Күләш

Отан                                Астана

Алматы                           Мұқағали Мақатаев

Ахметова                        Жақан Смақов

ІІ топ. «Астана» сөзін шешу.

Әр әріпті көркем сөзбен айту.  А-ару, с-сұлу, т-таңқалдырған, а-арайлы, н-нұрлы, а-астана.

ІІІ топ. «Күн шұғыласы» ойыны.

Астана деген сөз көз алдыңа не елестетеді? Сызбаны толтыр.

Астана

 

 

6-тапсырма. Шығармашылық тапсырма.

Суретке зер салып қара. Сурет сенде қандай сезім туғызды? Ақынға ілесіп, суреттен алған сезіміңді өлеңмен жеткізіп көр.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

…………………………………ұқтың ба?

…………………………………жас қала

…………………………………Астана.

Шығарған өлеңдерін дәптерлеріне жазу.

І\/ Қорытынды.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, Астана қаласының болашағы туралы не ойлайсың? Эссе жазу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *