Басы » Tәрбие сағаттары » Сіріңкенің зияндығы бойынша өрт қауіпсіздігі

Сіріңкенің зияндығы бойынша өрт қауіпсіздігі

spichka_prevҚарағанды облысы

Шет ауданы,  Ақсу-Аюлы  мекені

 

Ж. Ақылбаев  атындағы мектеп-гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Омарова Нұржанат Мұқабылқызы

 

Тақырыбы:                   Сіріңкенің зияндығы бойынша өрт қауіпсіздігі

 

Мақсаты:   Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын

үйрету. Оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің

маңызын ұғындыру.  Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау

арқасында түрлі  жазатайым апаттың алдын алуға болатыны

туралы түсінік беру.

Ұқыптылыққа, зеректікке және адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші  машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім. Интерактивті тақта.

Сабақ түрі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Өткен сабақты қайталау

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»  тақырыбы бойынша сұрақ-жауап алу:

— Адам ауырмас үшін не істеу керек?

— Мақалды қалай түсінесіңдер?

ІІІ Жаңа сабақ

А) Кіріспе.

От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От-өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата-бабаларымыз шөбі көп жерді отты жер деп бекер айтпаған. Отты жер- қуатты жер. Мал біткенге күш-қуат беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. Тұратын үйін отау, үй иесін –отағасы деп атаған. Отсыз тоңып, жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.

Сонымен  от-өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі -өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

От жақпа күйерсің

Өртеніп жүрерсің

Сіріңкені ұстасаң

Бәлеге сен түсерсің

Көрініс

Жүргізуші:

Өткен аптада, саябақта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады.

Жүргізуші:

Саябақта балалар серуендеп жүріп, сірінкені жолықтырды. Ол балалардан онымен достасуын сұрады.

Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ!

Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жанатынымды көргілерің келе ме?

1-оқушы: Жағуға болады ма?

2-оқушы: Жамандықтан құтыла алмайсың?

Сірінке:

Сендер не, сендер не! Бәрі орнында!

Мен тек жарық болып жарқыраймын!

Ештеңе жоқ, маған сеніңдерші!

Маған жарық жағындар!  (сіріңкені жағады)

Жүргізуші: Балалар сіріңке жақты. Міне, мұнда жалын, жамандыққа шалынады.  Маңайдың бәріне жайылды, содан соң айналаның бәріне өрт жайылды. 1-оқушы айқалап жіберді.

1-оқушы: Қайтеміз, біз не істеуміз керек? Жалын қазір бәріне жайылады! Үйге қарай қашайық!

2-оқушы: Жоқ, біздің қашуымызға болмайды, ауылды қорғауымыз керек! Біз не істедік? Біз сірінкеге сеніп қалдық қой!

Жүргізуші: От лаулап жанып барады. Сіріңке болса билеп жүр! Бірақ, балалар саябағындағы, балаларға арналған үйшік жанып кетті.

Жүргізуші: От қызыл-жасыл-көк, былай қарағанда өте әдемі! Бірақ одан ыстық тарайды. Бар болғаны 5-минут жанды.

Жүргізуші:

1-оқушы жылап жүр, екінші оқушы болса үрлеп жүр. Ал от болса маздап жанды. Ол ауаны жақсы көреді. Ол өмір бойы жанып тұруға дайын.

От: Мен аяусызбын және қатігезбін, мені жеңе алмайсындар. Балалар, сендер зеріккен жоқсындар ма? Мен сендерге өрт шығарып берейін!

1-оқушы:
Міне, түтін мен жалын қаптады. Не істеу керек? Біз білмейміз?

Жүргізуші:  Қорқынышты?! Оларға кім көмектеседі?

Әрине, бұл-101 қызмет көрсету!

Нөл: Не айқай? Не жалын?

Қане, былай тұрыңдар.

Біз қазір оны жабамыз,

Ол жануын тоқтады!  (матамен отты жабады)

Жүргізуші: Бәрі басылды, кенет от  қайта жана бастады. Қане, құтқарушылар, асығындар! Тезірек отты өшіріңдер!

Бір: Біз саған су шашамыз, сен жануды ойламау үшін  сені қазір тез жуып тастаймыз.  Жер бетінен алып тастаймыз.

1-оқушы: От сөнді, бәрі артта қалды, енді бұдан бұлай сіріңке алмаймыз!

2-оқушы: Сен сіріңкені алмаймыз дейсің-ау.

Саябақтағы балалардың үйін үйін құрттың ғой!

1-оқушы: Сені бұдан  былай іске араластырмаймыз, бірақ сен, бұдан былай балаларға жолама!

2-оқушы: Адамға қызмет ет,    Бұдан былай өрт шығарма!

Нөл:

Біз – 101 көмекке асығамыз –

Отты өшіріп, адамдарды құтқарамыз!

Бірақ, іштерінде тағы кім түсінбей қалды.

Сіріңке – балалар үшін ойыншық емес?!

Бір:
Біз сендерден жауапкершілікті сұраймыз,

Зеріккеннен отпен ойнамандар!

Көршілерің біздерді  тағы шақырып жүрмесін!

 

Нөл: От пайдалы,  бірақ оны  бақылау керек.

Бір: Дер кезінде жалынды тоқтату керек! 

   

 Тұрмысқа қажетті заттарды пайдалану ,ережесімен таныстыру

Газ –плитасын пайдалану

Ас үйге сән беретін газ плитасы. Көгілдір от тұрмыс-тіршілігімізді көп орын атқарады. Десек те, оны ұқыпты ұстап,жаға білуіміз керек. Егер газ плитасынан бір кемшіліктер байқалса  ата-анаңа айтып ескерт. Өйткені ата-анаң газ бөлімшесінің  арнаулы мамандарын шақыртады

Тұрмысымызда тағы бір көп қолданатынымыз –Электр . Электр-жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады. Дегенмен ,оны да ұқыпты пайдаланбасақ, одан да өрт шығуы мүмкін

1.Электр приборларын уақтылы өшіру, электр жүйесінен ажыратуды ұмытпау

  1. Рұқсат етілмеген жерге электр жүйесін жүргізбеу.

Өрттің алдын-алу, қауіпсіздікті сақта

Өртті сөндіруге арнайы заттарды даярлап қойған жөн. Оларға құм,су,күрек,киіз,т.б.

-Өрт жаңадан басталғанда, сумен,құм сеуіп өшіреді.

-Адамның киімі өртенсе, суға түскені дұрыс. Су жоқ болса, топыраққа аунап,үстіне құм себуіміз керек. Я болмаса адамды қалың матамен орап өшіреді,

Газ плитасы тұрған бөлмені жиі-жиі желдету керек . Егер газдың күлімсіген  иісін сезсең сіріңке  жағуға ,электр жүйесіндегі лампаны жағуға болмайды. Тек үйдің есік-терезелерін ашып, желдету керек.

-Электр сымдары тоқ өткізгіштің түбінен жанып жатса, оны құрғақ ағашпен суырып алу қажет.

Мақал-мәтелдер

  1. Өрт –тілсіз жау.
  2. Отпен ойнама ,күйерсің
  3. Отын деген шөп болар

Жинай берсең көп болар

  1. Ойын түбі -өрт
  2. От жақпа пісерсің

Ор қазба түсерсің

  1. От басына өрт салма

Қорытынды.

Оқушылардан өрт қауіпсіздігі үшін үй-тұрмысында, далада қандай ережелерді сақтауымыз керек.  (оқушылардың жауаптары тыңдалады).

Өрт – адам өміріндегі ең қатерлі де, қисынсыз қайғылы жағдай. Қатерліөйткені от өзінің жолындағыны жаламап өтеді, ал қисынсыз — өйткені қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін білмеуден немесе бұзудан болуы.  Сондықтан осы ережелерді естен шығармай, өмір қауіпсіздігін қатаң сақтайық.

Үйге тапсырма: Мақал-мәтел жаттау, «Өрт-тілсіз жау» тақырыбына сурет салып келу. [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *